Электрондық оқулықты дайындаудың талаптары
Электрондық оқулықтың жай оқулықтан айырмашылығы қандай? Электрондық оқулық - оқу пәнiнiң негiзгi ғылыми мазмұнын қамтитын, компьютерлiк технологияға негiзделген оқыту, бақылау, модельдеу, тәсiлдеу т.б. программалардың жиынтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға төмендегiдей қосымша мүмкiндiктер бередi:
Керi байланысты практика жүзiнде тез арада қамтамасыз ету;
қажеттi мәлiметтердi жылдам табу;
гипермәтінді түсіндірулерді құру барысында уақытты үнемдеу;
жеке оқушыға бағдарланған оқулықтың бір бөлігін немесе түгел материал бойынша білімін тексеру;
кейбір мәліметтерді қозғалыс түрінде модельдеу;
Жай оқулықпен салыстырғанда электрондық оқулықта кездесетін кемшіліктер:
экраннан тексттік ақпаратта қабылдау ыңғайсыздығы;
пайдалану құнының жоғарылығы.
Компьютерлік өнімдер, соның ішінде оқыту программалары мен электрондық оқулықтар саны жылдан жылға көбеюде. Алайда, осы күнге дейін электрондық оқулық қандай болу керек, яғни қандай функциялар оның міндеттемелеріне айналу керек, яғни қандай функциялар оның міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр. Өйткені ақпараттық технологияның дамуы да оны аз уақыт аралығында көптеген өзгеріске ұшыратуды.
Бүгінгі күнгі электрондық оқулықтарға келесідей талаптар қойылады:
таңдалған курс бойынша ақпарат жақсы құрал және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе видео түріндегі ақпараттан тұруы керек (жанды лекциялар). «Жанды лекциялардыңң міндетті интерфейс элементі ретінде лекцияның кез-келген жерінен мүмкіндік беретін айналу мүмкіндігі болуы керек;
«Жанды лекциялардыңң кейбір бөліктерін ақпарат түрінде қайталануы
“Жанды лекциялардың“ кейбiр бөлiктерiн текстiк ақпарат түрiнде қайталануы мүмкiн;
Күрделі модельдер мен құрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болуы керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар, белгілер) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және жойылып отырған жөн;
Текстік бөлім керекті ақпаратты іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелер мен қамтамасыз етілуі тиіс;
Бір пән аумағында арнайы түсіндірме сөздік енгізілген болуы керек;
Материалдардың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видео ақпарат түрінде берілгені жөн.
Осы талаптардың соңғысы орындалған жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға өзі көрмеген кейбір құбылыстарды түсіндіру өте қиын.
Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және құбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді.
Енді, электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді құралдарын қарастырайық. Олар:
Дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
Жалпы мақсаттағы инструментальды құралдар;
Мултимедия құралдары;
Гипертекстік және гипермедиялық құралдар.
Ал электрондық оқулықтың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электрондық оқулықтың негізгі үш жұмыс істеу режимі бар:
Бақылаусыз оқыту;
Бақылаумен оқыту;
Текстік оқыту.
Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында студентке бірнеше сұрақтар беріледі, ал текстік бақылауда баға қою арқылы білімді тексереді.
Сонымен электрондық оқулықтардың артықшылықтары:
Материалды құрылымдандыру;
Пайдалану ыңғайлылығы;
Материалдың мазмұнының көрнекілігі;
Бақылау құралымен қамтамасыз етілуі.
Қазіргі кезде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Нақты пән аумағын игеру үшін теорияны игерумен қатар есептерді шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыру керек. Ол үшін зерттелетін процестер мен құбылыстардың математикалық моделін туғызуды үйрену керек. Оны алгоритмдік шешімді жобалап, программа түрінде жазу арқылы іске асыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |