Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
referat

1-диаграмма. А.Байтұрсынов жіктемесі 
Авторды толғаушы дегенде: «Толғаушы ақын әуелі кӛңілінің күйін, 
мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін 
толғайды, екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа 
шығарып, басқаларды сол кӛңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен 
толғайды», - деген [8,450 б.]. Әуезелеуші деген - автордың әңгіме, тарихи
әңгіме, т.б. шығармалардағы рӛлі, толғаушы деген - лирикалық ӛлеңдердегі 
ақынның рӛлі. Ал сарындаушы дегенде: «Сарындаушы – ӛз заманындағы бар 
тұрмысты ғана суреттеп қоймайды, ӛнеге үшін жоқ тұрмысты да алып 
суреттейді» [8,450 б.]. А.Байтұрсынұлының жіктемесі бойынша Т.Әбдікұлы 
әуезелеуші және сарындаушы ретінде танылды.
2-диаграмма. В.Е.Хализев жіктемесі 
 
 
В.Е.Хализев: «Слово «автор» (от лат. аuсtог – субъект действия, 
основатель, устроитель, учитель и, в частности, создатель произведения) имеет 
в сфере искусствоведения несколько значений. Это, во-первых, творец 
художественного произведения как реальное лицо с определенной судьбой, 
биографией, комплексом индивидуальных черт. Во-вторых, это образ автора, 
локализованный в художественном тексте, т.е. изображение писателем, 
живописцем, скульптором, режиссером самого себя. И наконец, в-третьих (что 
сейчас для нас особенно важно), это художник-творец, присутствующий в его 
Толғаушы
Сарындаушы
Әуезелеуші
Ақын
Жазушы
Ғұмырнамалық автор
Кӛркем болмыстағы автор
Кӛркем шығармадағы автор


13 
творении как целом, имманентный произведению. Автор (в этом значении 
слова) определенным образом подает и освещает реальность (бытие и, его 
явления), их осмысливает и оценивает, проявляя себя в качестве субъекта 
художественной деятельности». Бірінші автор – ғұмырнамалық автор. Жазушы 
автобиографиясын жазу арқылы ӛзінің ішкі толғаныстары мен күйін толық 
жеткізеді. Автобиографиялық еңбекке автор емес, оқырман мұқтаж. Себебі, 
автордың үздік шығармасы мәңгі ӛмір сүреді, ал автор оның тасасында қалып 
қалады. Бірақ кейін автор ӛз сұранысына ие болады. Т.Әбдікұлының «Тұғыр 
мен ғұмыр» шығармасы – автобиографиялық шығарма. Т.Әбдікұлының бұл 
шығарманы ӛз тұлғасына қатысты сұрақтарға жауап ретінде әрі ӛзінің ӛмір 
жолын ӛнеге – естелік ету мақсатында жазған. Екінші автор – кӛркемдік 
болмыстағы автор. Түсінікті айтқанда, екінші автор - автор-туындыгер. Кез 
келген шығарманың автордың ӛзінің ережесі мен талабы бойынша жазылады. 
Яғни, автор ӛз шығармасында ӛз заңын жүргізеді. Автобиографиялық шығарма 
ол Аллаһтың жазған шығармасын жеткізуші болса, ал ӛз қолынан шыққан 
шығармада автор ӛзі тудырады және сырттай бақылайды. Үшінші автор – 
кӛркем шығармадағы автор. Үшінші автор жоғарыда айтылған екі автордан 
ерекше ӛзгеше болып келеді. Мәтіндегі автор оқиғалармен бірге құбылып, 
оқиғалармен бірге тербеледі.
Автор әдебиеттің әр дәуірінде берілуіне қарай әр түрлі кӛрінді. Мәселен, 
ауыз әдебиетінде «автор» деген ұғым жалпылама болды. Бұл кезде жекелеген 
авторды кездестірмейсін. «Елім-ай» ӛлеңі «Халық әні» деп берілді. Кейіннен 
оның авторы Қожаберген жырау деп те айтылып жүр. Сӛйтсе де, фольклорда 
автор деген ұғым болмай, авторды атау кейіннен қалыптасқанын кӛреміз. Кӛне 
Греция әдебиетінде«автор» ұғымы пайда бола бастады. Сол ғасырдың 
авторлары риторика мен дәстүрлі поэтика бойынша жазды. Яғни, 
риториканыңЭсхил, Софокл, Еврепид сынды авторлары болды, олар жанр мен 
стилге мән берді. 17-18-ғасырларда классицизм жанры келуімен дәстүрлі 
поэтика ӛз қалыбын ӛзгертпеді, тек романтизм мен сентементализмнің келуі 
әдебиеттегі жағдайды ӛзгертті: «Центральным «персонажем» литературного 
процесса стало не произведение, подчиненное канону, а его создатель, 
центральной категорией поэтики – не стиль или жанр, а автор»[10,33 б.]. 19-
ғасырдан бастап шығарманың негізгі нысаны жанр мен стиль емес, автор 
болды. Автордың категория болып танылуынан бастап, автор шығармаға ӛзінің 
сан салалы қиялдары мен идеяларын еге бастады. 19-ғасырдан басталған 
автордың творчествалық еркіндігі шығармалардың сапалығына әкелді деуімізге 
болады. 
Американ – ағылшын әдебиеттануының 20-шы жылдардағы негізгі нысаны 
– автордың баяндаушы, әңгімеші қызметіндегі автор кӛзқарасы. Бұл зерттеу 
П.Лэббок пен Г.Джеймстің еңбектерінде кӛрінді. П.Лэббок бойынша 
баяндаушы, әңгімелеуші тәсіліндегі авторлық кӛзқарас барлығына жетекшілік 
етуі керек. Яғни, автордың кӛзқарасы шығармада баяндау және әңгімелеу 
кезінде кӛрінеді деген айтты. Бұл бағытты кейін «Жаңа сын» мектебі 
жалғастырды. Бұл мектептің ӛзіндік ерекшелігі болғанымен, қателікке бой 


14 
алдырмай қоймады. Баяндаушы, әңгімелеуші автор идеядан да, сюжеттен де 
жоғары деді. Баяндаушы, әңгімелеуші автор идея мен сюжеттен жоғары емес, 
бір-бірімен тығыз байланысты.
Автор мәселесі 20-жылдары Ресей әдебиеттанушыларының да зерттеу 
нысанына айналды. В.В.Виноградов, М.М.Бахтин, Б.Эйханбаум, т.б. «Жаңа 
сын» мектебінің қателіктерін қайталамады. Олар автор образын, автор 
позициясын шығарма жүйесінде зерттеді. В.В.Виноградов: «Автор образы – 
бұл ақынның шығармашылығында жасалынған образдың басты ерекшелігі. Ол 
ӛз биографиясының да кӛркем-бейнелік элементтерін қамтып, жүзеге асырады. 
Лирикалық «Мен» - бұл автордың ғана образы емес, сонымен қатар адамзаттық 
үлкен қоғамның рӛлі», - деген сӛзінен шығатын қорытынды мынандай: автор ӛз 
шығармасында ӛз образын салады, сонымен бірге халықтың да образын 
қамтиды [11, 113 б.]. Автор ӛз образын қоғамның ӛзгерістері мен жағдайларына 
орай да ӛзгертіп, шығармаға арқау етіп отырады. Автордың шығармаға
шығарманың авторға қатысы болады.
М.М.Бахтин бойынша: «Әдеби шығарма авторы тек тұтас шығармада ғана 
қатыса алады және осы тұтас дүниеден бір сәтте бӛлінбейді, бәрінен бұрын 
мазмұн тұтастығын алшақ тұрған емес. Ол мазмұн мен форманың құйылысып, 
ажырамас күйге айналған тұсынан табылады. Әдебиеттануда авторды әрдайым 
тұтас мазмұннан іздейді, демек оны белгілі бір уақыттағы, белгілі бір 
автобиографиялы, белгілі бір дүниетанымды автор-адаммен үйлесімде алуға 
болады. Осыдан барып «автор образы» нақты бір адамның образымен кірігіп 
кетеді», - дейді [12, 382 б.]. Бахтин автор образын форма мен мазмұнның 
бірлігінен іздейді. Автор белгілі бір дәуірдің перзенті бола отырып, сол 
дәуірмен үйлесіп, ал ӛзге бір дәуірдегі автордық тұлғамен үйлесе бермейтінін, 
сӛйтіп әрқилы кезеңде түрлі авторлық кӛзқарас кӛрінеді.
Автордың кӛркем шығармаға қатысы жайлы Б.О.Корман былай айтқан: 
«Автор сӛзіне бүгінгі әдебиеттану ғылымында әр түрлі маңыз беріліп 
қолданылады. Сондықтан бұл терминнің мазмұн – мәні туралы ескерте кеткен 
орынды. Автор арқылы біз жазушының барлық немесе жинақталған 
шығармаларының концепцияларын сақтаушы екенін түсінеміз. Авторға 
бұлайша мән беру, оны нақты жазушыдан да, сондай-ақ авторды баяндаушы, 
жеке дара баяндаушы, әңгімеші, әңгімеші-қаһарман, т.б. құбылыстардан бӛліп, 
шегін ажыратып береді. Жоғары мағыналы инстанция бола отырып, автор 
шығармаға тура мағынасында енбейді. Ол үнемі сюжеттік-композициялық 
форма құрамында жанама субъект болып қала береді»[13,19 б.]. Корманның 
пікірінше автор шығармаға ӛз бейнесін енгізбейтін, керісінше ӛзгелердің 
оқиғасын суреттейді. Шығармада автор ӛзінің «менін» кӛрсетпейді.
Орыс 
ғалымдарының 
жіктемесінде 
сонымен 
қатар 
баяндаушы 
(повествователь), әңгімелеуші (рассказчик), әңгімелеуші-кейіпкер деген 
категориялар бар.Бұлар А.Байтұрсыновтың бӛлуімен дәлме-дәл келмесе де, 
біразы сәйкес келеді.Ғалымның келесі бір авторды атауы – ол «толғаушы». 
«Толғаушы ақын әуелі кӛңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, 
сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды, екінші ішкергі ғаламында болған 


15 
халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол 
кӛңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды» [8, 407 б.]. Бұл 
автордың категориясы әдебиетте кӛптеп кездеседі. Әсіресе, поэзия әлемінде, 
жалпы лирикалық туындыларда жиі ұшырасады. Оған мысал ретінде 
Т.Тәшеновтың «Ӛрт ішінен аман шыққан гүлдеймін» деген ӛлеңінен үзінді 
келтірейік: 
Күнде, мейлің, 
Міне, мейлің, 
Күл, мейлің! 
Ӛрт ішінен аман шыққан гүлдеймін. 
Талайсыздан тай торысы Тәңірдің, 
Қоғамның қой торысы боп жүр деймін... 
Керегі жоқ 
енді маған мақтау мен даттаудың да, 
Ӛзімді-ӛзім жатқан жоқ ақтау мұнда. 
Керегі сол – тек қана тыныштық бер, 
Кӛремін сол – тек қана Хақты алдымда...[8,25 б.]. 
Автор-толғаушы шығармасында ӛз кӛңіл-күйін эмоционалды-экспрессивті 
түрде беруі мүмкін.
Ақынның бұл ӛлеңінде эмоционалдық реңк аса басым емес. Мұнда тек 
мәселені ортаға тастау, соны талқылау, ӛз ойын білдіру, соңында жеке 
танымымен қорытынды жасау. Яғни, толғаушы тек ӛз сезімінен хабар беріп 
қана қоймай, сонымен қатар кейбір тақырыптар аясында ой қозғай алады. 
Авторға берілген атаулардың келесі категориясы – ол «сарындаушы». 
«Сарындаушы ӛз заманындағы бар тұрмысты ғана суреттеп қоймайды, 
ӛнеге үшін жоқ тұрмысты да алып суреттейді» [8, 450 б.]. 
Қорыта келгенде, автор категориясы – күрделі категория. Әр ғалым автор 
категориясына қатысты әр түрлі кӛзқараста болуы орынды. Барлық ғалымның 
ортақтастыратын нәрсе – автор-туындыгер. Автор ӛз ойын да, идеясын да әрі 
басқа да идеяларды шығармаға арқау етеді. Автор мақсаты – шығарма арқылы 
оқырманға ой тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет