Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
referat

Зерттеу нысаны. Жұмыста Тӛлен Әбдікұлының шоқтығы биік «Әке», 
«Оралу», «Ақиқат», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт»,«Тозақ оттары жымыңдайды», 
«Парасат майданы» повестері, «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Бассүйек», «Оң 
қол», «Жат перзент», «Бір күндік ашу» сынды әңгімелері негізге алынды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. «Кӛркем мәтін-оқырман-
автор» концепциясы, негізінен, ӛз бастауын әлем әдебиетінен алады. Әлем 
әдебиеттанушыларынан М.М.Бахтин, В.Е.Хализев, В.В.Савельва, Б.О.Корман, 
Б.С.Мейлах, қазақ әдебиет зерттеушілерінен Т.Есембеков, К.Жанұзақова, 
А.Байтұрсынұлы, Н.Кенжегараев, М.Оразбек, Т.Танабекова, Ж.Дәдебаев, 
Қ.Жұмалиев, Г.Пірәлиева еңбектеріндегі ой-тұжырымдар жұмысымыздың 
негізі болды. 
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыс ғылыми сипаттама әдісі негізінде жүзеге 
асты. Сондай-ақ, салыстыра отырып зерттеу, кешенді талдау, жүйелеу, 
жинақтау әдістері мен тәсілдері де тиісінше пайдаланылды. 



І 
Т.ӘБДІКҰЛЫ 
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
АВТОР 
КОНЦЕПЦИЯСЫ 
 
1.1 Кӛркем шығармадағы автор табиғатына қатысты теориялар 
«Ӛлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы», - деп 
қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз ӛлеңге қойылар талапты жіліктеп жатпай, бір 
ауыз сӛзге сыйдырып кеткені анық [1,114 б.]. Ӛлең - сӛз ӛнерінің бір бӛлшегі. 
Сӛз ӛнері - ӛнерлердің ішіндегі мағына мен мазмұнды қамтитын ӛнер түрі 
болғандықтан, әр жазушы мен ақын бұл үлестен алып қалғысы келеді. Бұл 
дұрыс-ақ. Әдебиеті мен тарихи дамымаған елдің алға қарай жылжуы неғайбыл. 
Кез келген оқиға шығармаға айналмаса, кӛзден таса қалып қалатынын 
қайтесін?! Шығарма кӛркем тілде жазылмаса, тағы да ӛз оқырманын таппайды. 
Бұл жерде шығарманың әдеби тілде жазылуы шарт емес, адамның әдемі 
дүниеге ғашықтығынан туған қажеттілік. Шығармалар жазылады, сонымен 
бірге зерттеуді қажет етеді. Осы уақытқа дейін әдебиет әр қырынан зерттелді. 
Поэзияның поэтикалық ерекшелігі, прозаның кӛркемдік ерекшелігі және т.б. 
кӛркемдіктің, былайша айтқанда теория, тарих, сын аясында зерттеліп, сүбелі 
еңбектер жарық кӛрді. Батыс ғалымдары әдебиетті зерттеуде кӛш ілгері жүрді. 
Ең алғаш әдебиетті Аристотель бастап зерттегені белгілі. Аристотельдің 
«Поэтика» атты еңбегінде әдебиет теориясына қатысты негізді қалыптастырды. 
Кӛркем шығарма, оқырман, автор арасындағы байланыс алғашқы рет 
Аристотельдің еңбектерінде зерттелді. Кейіннен Б.С.Мейлах «Ой-шығарма-
қабылдау», А.М.Левидов «Қаламгер-образ-оқырман», У.Эко «Қаламгер-мәтін-
оқырман», В.В.Молчанов «Ой-кӛркем шығарма-оқырман», В.Г.Благова 
«Қаламгер-мәтін-оқырман» деген концепцияларды ӛрістеп дамыды [2]. 
Автор мен қабылдаушы, автор-кӛркем шығарма-оқушы мәселелері 
кеңестік дәуірде КСРО Ғылым академиясының Әлем мәдениеті тарихы Ғылым 
кеңесінің жанынан құрылған Кӛркем шығармашылықты кешенді зерттеу 
комиссиясы 
(тӛрағасы 
академик 
Б.С.Мейлах) 
тарапынан 
зерттеліп, 
жарияланған ұжымдық еңбектерде, ӛнер мен әдебиеттің мәні мен қызметі 
жӛнінде ой толғаған Л.Н.Толстой, Г.В.Плеханов, ғалымдар А.Н.Веселовский, 
А.А.Потебня, В.В. Жирмунский, В.В.Виноградов, М.М.Бахтин, Л.С.Выготский, 
Б.С.Мейлах, М.Б.Храпченко, В.В.Прозоров, Ю.М.Лотман, А.М.Левидов, 
Д.С.Лихачев, 
А.Ф.Лосев, 
Ю.Я.Барабаш, 
М.Л.Гаспаров, 
Ю.Б.Борев, 
В.Е.Хализев, В.Агеев, Ю.И.Минералов, О.А.Кривцун, Л.А.Новиков, батыс 
ғалымдары А.Б.Лорд, Р.Барт, П.Рикердің еңбектерінде, сондай-ақ КСРО Ғылым 
академиясының А.М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институты жыл сайын 
жариялап отырған «Контекст» жинағында қарастырылады.
Отандық ғалымдардан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедов, 
М.Әуезов, Е.Исмаилов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, Ш.Елеукенов, Р.Сыздық, 
Қ.Ӛмірәлиев, В.В.Савельева, Т.Есембеков, Г.М.Мучник, В.Бадиков, 
А.С.Ісімақова сынды зерттеушілердің еңбектерінде тереңінен зерттелді. 



Қаламгер мен автор, оқырман, кӛркем мәтін мен шығарманың ұқсастығы 
мен айырмашылығын кӛбінесе айыра алмай, шатасып жатамыз. Автор 
дегеніміз - ӛнер туындыларын дүниеге әкелуші тұлға болса, қаламгер - автор 
сӛзінің әдебилендірілген нұсқасы. Ал енді кӛркем мәтін мен шығарманың ара 
жігін ажыратып кӛрейік. Ауыз шығарған сӛз болсын, жазып шығарған сӛз 
болсын бәрі - шығарма [3, 17 б.]. Шығармаға эсседен басталып, романға дейін 
жалғасатын ӛнімдер жатады. Кӛркем шығарма деп әдебиеттің кӛркемдікке 
қойылатын талаптарына (образ, сюжет, композиция, мазмұн, пішін, идея, т.б.) 
сақтай отырып жазылған шығарма. Кӛркем шығармаға тек қана әдебиетке 
қатысты шығармаларды (поэзия мен проза ӛнімдері) айтамыз. Осыдан 
шығарманың жалпылама атау, кӛркем мәтін шығарманың құрамдас бӛлігі екені 
айқындалды. Оқырманға келер болсақ, ол - шығарманың ӛмірін жалғастырушы. 
Кӛркем мәтін, оқырман, автор арасындағы айырмашылықтар айырылып 
алынғандықтан соң, олардың арасындағы байланыс ӛз кезегімен жалғасып 
дамиды.
Қаламгер - туындыны дүниеге әкелуші болса, оқырман - оның ӛмір сүруін 
жалғастыратын тұлға. Ал кӛркем шығарманы әдебиеттану ғылымы мәтін 
ретінде қарастыратындықтан, мәтін - қаламгер мен оқырманның арасындағы 
кӛпір. В.В.Савельева: «Кӛркем мәтін - шығармашылықтың сырлы нәтижесі; 
талқылаудың және саралаудың нысаны; қаламгер мен оқырманның дүниеге 
деген ӛзіндік кӛзқарасының нәтижесі; ол белгілі бір мәдениеттанудың 
феномены; лингвистикалық санаты; сублимацияның нәтижесі және 
невропатологияның куәлігінің айғағы; архетипиялық әлемі; психологиялық 
нақтылық», - деп кӛркем мәтіннің табиғатын анықтап берген болатын [4,18 б.].
Кӛркем шығарма қаламгердің ӛзіне негіз етіп отырған ӛмір шындығын, 
оқиға желісін, саяси ойларын бірден оқырманға жеткізбейді. Ол кӛптеген ақыл 
мен қиялдың, дүниетанымның қаламгер санасымен қорытылған нұсқасын 
алады. Сонымен бірге, оқырманға деген сыйлығын да ӛзіне сіңіреді. 
Шығарманың сыйлығы оқырманның оқиға арқылы ӛз жанын қозғауында жатса 
керек. Т.Әбдіковтің «Оң қол» шығармасындағы баяндау сырттай жақсы болып 
кӛрінсе де, автордың ӛтіп жатқан оқиғаларға, адам тағдырының ішкі жан 
дүниесінің қатысы, оқырман назарына қозғау салғысы келгені кӛрініп тұр. 
Кӛркемдік танымы биік деңгейдегі орыстың белгілі сыншысы В.Белинский 
А.С.Пушкин туралы ғылыми мақаласында: «Мен қандай оқырманды 
қалаймын? – Мынадай: мені де, ӛзін де, тіпті күллі әлемді де ұмытып, тек менің 
шығармаммен ӛмір сүретін», - дейді [5,20 б.]. 
Қаламгер мен оқырманның бастарының бірігетін ортасы, диалог құрып, ой 
алмасатын алаңы – кӛркем шығарманың әлемі. Әрбір қаламгер оқырманның ӛз 
шығармасымен етене араласып, сіңісіп кеткенін қалайды. Орыс жазушысы 
А.М.Ремизов: «Пишется не для кого и не для чего, а только для самого того, 
что пишется и не может быть написано… Дляписателя, когда он пишет, не 
существует никакого читателя», - деген пікірінің теріс жағы бары анық [5]. 
Себебі, кез келген қаламгер шығарманы оқырманға арнап жазады. Ӛйткені, 
шығарманың мәңгілік болуы, автордың мәңгі ӛмір сүруі тікелей болмаса да 



жанама оқырманға байланысты. Бұл жерде шығарманың ӛміршеңдігіне 
оқырманнан бӛлек тақырып, ӛзектілік, оқырман ортасы, шығарма кӛтерген 
проблема, мәтін тілдік жағы да әсер етеді.
Кӛркем шығармада автордың оқырманға сыйлығы - «мәтін астары». 
Қаламгер мәтін астары арқылы ӛзінің жасырын жатқан, айта алмаған ойларын 
жасырады. Мәтін астары біздің алашорда ӛкілдерінің цензура кезіндегі 
шығармаларында кӛп кӛрініс тапқан. Мәселен, кӛркем әңгіменің классикалық 
үлгісі болып табылатын Ж.Аймауытовтың “Елес” әңгімесі. Қаламгер 
оқырманға ӛнердің қоғамда алатын орнын, ақын, жазушының халық үшін 
атқаратын міндетін, халықтың тұрмысын аталмыш әңгіме арқылы жеткізді. 
Шығарманың құрылысы диолог үлгісінде жазылуы оқырманға кеңес дәуірінің 
шындығын, қазақ елінде болған ашаршылықтың ауыртпалығын, ӛлім, қайғы, 
зардап және т.б. ӛмір шындығына қатысты сӛз етілген оқиғаларды танып, 
түсінуге мүмкіншілік берді. Қаламгердің астарлы ұстанымы шығарманы 
үшінші тұлға арқылы жүзеге асты. Әңгімедегі жас әдебиетшіге түнгі елес 
келіп, екеуі диалогқа түседі. Олар тӛңкерістен кейінгі әдебиеттің ахуалы 
туралы сӛйлеседі “Тӛңкерістен бері қазақ елінің басынан қандай күндер ӛтпеді? 
Қазақ даласын кӛмірдей басып ақтар ӛтті. Қазақ даласында соғыс майданы 
ашылды. Мұның бәрі қандай із қалдырды? Осыларды қайсың жаздың?” [6,425 
б.].Қаламгер кӛркемдік шеберлігімен қоғамның жағдайын ашпақшы болады. 
Кейіпкер ӛң мен түстің ортасында отырып, жұмбақ елестің сауалдарына 
мүдіріп қалады. Кейін ӛзінің табан жолының тайғанақ, мәнсіз екенін сезген 
жас жазушы осы елестің сӛздерінен кейін ұйқыдан ояна бастағандай болады 
“Құлағыма жағып кетті. Сӛзі де әрі жатық, әрі жат кӛрінді. Магнит қуаты 
бардай-ақ, сӛйлеген сайын ұйытып, бойымды балқытып әкетті” [6,423 б.]. 
Қаламгердің шеберлігі - ойды астарлап жеткізуі. Кӛркем шығарманың 
құндылығы - қаламгердің астарлы ұғымын беруі.
Автордың шығармаға қатысымын анықтау үшін автор сӛзінің 
мағынасынтереңінен зерттеп алуымыз қажет. «Әдеби энциклопедиялық 
сӛздікте»: «Автор (латынша – негізін салушы, ойдан шығарушы) филологиялық 
категория тұрғысынан алғанда – әдеби шығарманы тудырушы, жеке-дара 
шығармашылық қолтаңбасын, ӛзінің кӛркемдік әлемін танытушы» [7,13 б.]- деп 
түсіндірілген. Яғни, автор - шығарманы тудырып қана қоймай, оған ӛзінің 
қолтаңбасын қалдырып кететін тұлға. Шығармаға автор ӛзінің позиция арқылы 
қолтаңбасын қалдырады. Авторлық позиция дегеніміз - автордың ӛзін қоршаған 
ортаға, қоғамға, ӛмірге сырттай кӛзқарасы немесе пікірі ғана емес, ол автордың 
бүкіл жан дүниесі, сезім сүзгісінен ӛткен, ӛзі суреттегелі отырған ӛмірдің әр 
түрлі жақтарын сезініп, түйсінуінен пайда болған ой тұжырымы, авторлық 
ұстанымы немесе авторлық тұлғасы [8,15-16 б.]. Авторлық позиция мен автор 
шығармада қатар жүріп, тұтас зерттелінеді. Авторлық позицияны ашуымыз 
үшін әрдайым автордың кӛркемдік және рухани әлеміне жүгінеміз. Себебі, 
автордың ой-сезімі, идеясы авторлық позиция арқылы шығарма оқиғасы мен 
кейіпкерлеріне енеді. Бірақ кейде шығармада кӛрінген ой немесе оқиға 
автордың 
ӛз 
басында 
ӛтпеуі 
мүмкін. 
Мәселен, 
Т.Әбдікұлының 



шығармаларында жиі ұшырасатын «Жалғыздық» философиясы. «Оң қол» 
әңгімесінде жалғыз Алманың ауруы, «Парасат майданында» жалғыз адамның 
екіге бӛлінуі, «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінде араку тайпасынан жалғыз 
адамның қалуы, «Қайырсыз жұма» әңгімесінде ӛзінің жалғыз билікке жетуі, 
«Қонақтар» әңгімесінде жалғыз ұрпақтың санасыздануы – жалғыздық 
идеясының анық кӛрінісі. «Парасат майданы» повесінде жалғыздық былай 
сипатталады: «Жалғыздық жайында кӛп ойландым. Қиындыққа да, қиянатқа 
да, зорлық-зомбылыққа да, жала мен бәлеге де тӛзуге болатын секiлдi. Тӛзуге 
қиын жалғыз нәрсе - жалғыздық. Адамның жұлын-жүйкесiнiң қайғы қасiретке 
тӛтеп бере алмауы жан азабын бӛлiсетiн жақын жанның жоқтығынан. Ондай 
кезде жалғыз әмiршiң - Жалғыздық. Ғашығыңдай жабысқан, түнде түсiңде, 
күндiз iсiңде серiк болған, жатырлас сыңарың Жалғыздық - ендi сенiң 
тағдырың» [18,13 б.], «Ғалымдардың айтуынша ғалам кеңістігіндегі ой жетпес 
алыс галактикаларда «қара тесіктер» (черные дыры) болады екен. Осынау 
космостық құрдымға жұтылмайтын ештеңе жоқ, бүкіл масса атаулы, тіпті оған 
тап болған сәуле де одан қайтып шыға алмайды. Жалғыздық та осындай 
космостық қара тесік секілді. Бойындағы сәулеңді, күш-қуатыңды, жігеріңді, 
үмітіңді, сеніміңді қайтып шықпастай етіп сорып алады. Жалғыздыққа кеткен 
қайратыңның жүзден біріне қыруар ерлік жасауға болар еді. Жалғыздықтан 
құр сүлдері қалып қажыған қанша адам ерлік жасамақ түгілі қарақан басын 
әрең алып жүр. Жалғыздықтың ӛзіме тым жақын келіп қалғанын денемнен, 
сыздаған жүрегіммен сезіп тұрмын. Аласұрып серік іздеймін» [18,13 б.]. «Әке» 
повесінде де жалғыздық кӛрініс тапқан: «Ӛлер алдында сӛйлей алмады. Тек 
қолымды қысып, жалғыз саусағын шошайтты. Жалғыз қалдың дегені болу 
керек. Ӛзінің ӛсиеті бойынша ескі қорымға апарып кӛмдік. Дүйсеннің үйіндегі 
Гүлсім жеңгеміз кейін күйеуге шығып кетті. Жалғыз баланы ӛзімен әкетті», 
«Ақсары кемпірдің Жорабек деген жалғыз ұлы Ермек кӛкемдермен бірге 
соғысқа кеткен [16, 34]. Жорабектің атын атамай сӛз сӛйлемейді. Ӛзінің сӛзіне 
қарағанда Жорабек он екі құрсақтан қалған жалғыз ұл» [16,39 б.]. Жалғыздан 
қалған тұяқты іздеген ақсақал туралы «Қыз Бәтіш мен Ерсейіт» повесіндегі 
жалғыздық былайша суреттеледі: «Белі бүгілмес-ақ, басы иілмес-ақ деген, қу 
тірліктен бір мойын биік азамат емес пе! Кәрі қойдың жасындай жасы қалғанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет