22
1.1-кесте. Т.Әбдікұлы шығармаларындағы авторлық идеялар
Автор идеялары
Шығарма атауы
Жақсылық атаулымен қатар жүретін
зұлымдық,
жаман
іс-әрекеттер
мен
жауыздықтың түп-тӛркіні - ой мен соны
іске асыратын қол.
«Оң қол» әңгімесі
Әр адам ӛзгені тану үшін ӛзін тану
қажеттілігі. Қанша мықты адам болса да
ӛзін тани алмаса, ӛмірден бос ӛткені анық.
«Бассүйек» әңгімесі
Ұрпақтың ұлттық құндылықтардан
айырылу, ӛзге ұлтқа үйленген жастардың
тағдыры және тілден айырылуы
«Қонақтар» әңгімесі
Билік ол қашанда билік,
адам оның
құлы болып кеткенін одан айрылғанда
түсінеді. Түсінген сәтте барлығы ӛз
бояуын басқа бояумен араластырып, сіңіп
кеткенін ғана кӛріп, «Қап!» деп санын
соғумен аяқталады.
«Қайырсыз
жұма»
әңгімесі
1.2-кесте. Т.Әбдікұлы шығармаларындағы авторлық идеялар
Авторлық идеялар
Шығармалары
Адамды жӛндеудің жолдары,
адамның
адам
болып
қалу
тәсілдері қашанда актуалды
«Парасат майданы» повесі
Туған
елден әрі жерден
айрылған елдер жайлы жазу
арқылы сақтандыру
«Тозақ оттары жымыңдайды»
повесі
23
ІІ ТӚЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МӘТІН
КОНЦЕПЦИЯСЫ
2.1 Т.Әбдіков прозасындағы баяндау тәсілі мен стилі
Кӛркем мәтін – автор санасының, шығармашылық ойлауының, танымының
негізінде бейнеленген дүниенің модельденген түрі. Диалогты, коммуникативті,
адресатты болғандықтан қабылдаушы санасына кӛркем ақпаратты жеткізеді.
Автор ӛз танымын, сезімінің жемісін түрлі операциялар (мәтін құрылымы,
философиясы, хронотоп, диалогтілік) арқылы мәтінге айналдырғаннан бастап,
шығарманың екінші белесі қабылдау, түсіну процесі арқылы жүзеге асады.
Т.Әбдіковтің шығармаларының кӛркемдік ерекшеліктері, кейіпкер
психологиясын ашу, сӛз саптауы, сюжеті,
былайша айтқанда, стилі бүгінгі
әдебиет қоғамының мәселелерінің біріне айналды. Стильді зерттеу де ХІХ
ғасырда А.Потебня, А.Веселевский, ХХ ғасырда В.Жирмунский, А.Гофман,
В.Виноградов, М.Бахтин, В.Ковалев сынды ғалымдардан бастау алған. «Стиль»
сӛзінің тегі арғы замандарда жатыр. «Стиль» сӛзі грек тілінде «stylos» деп
атаған. Ал «stylos» сӛзінің мағынасы - балауызбен сырлаған тақтаға сӛз жазу
үшін жұмсалған ағаш қалақша. Кейіннен мағынасы кеңейіп таза, әдемі сӛйлеу
ұғымын иеленген. Жүйелей келгенде стильге берілетін анықтама мынандай:
«Стиль - жазушының шеберлігін, талантын дәлелдейтін үлкен кӛрсеткіштің
бірі» [19, 112 б.]. Стильді тереңірек зерттеген В.В.Виноградов болатын.
Ғалымның «Проблемы авторства и теория стилей» еңбегінде стильдің
кӛпмағыналығын, басқа да ғылым салаларымен қатысын зерттеген. Бұл арада
қазақ ғалымдарының да стильге берген анықтамалары жоқ емес. М.Әуезов:
«Әдебиеттегі ұлттық түр мәселесінің бір іргелі үлкен мәні - стиль. Теңеу тілі, әр
алуан кӛркемдік шеберлікпен келетін сӛз кестесі түгел келіп жазу стилін
қалыптайды. Әдебиеттің ұлттық ерекшеліктер жайын анықтағанда, тіл бұл
стильдің ӛзі емес, құралы, қоры ғана. Екінші бір стиль – сӛздік, ақындық теңеу
кесте мағынасынан басқа екінші мағынаны және тудырады. Ол – ұлттық мінез,
бейне жасаудың стилі», - деген [20,230 б.]. Ал, Қ.Жұмалиев: «Стиль ұғымына
жазушының тілі, сӛйлем құрылысы, мәнері, шығарманың композициясы, оқиға
дамыту
әдістері, тақырып талдаулары, жанрлық ерекшеліктері, тағы да басқа
компоненттері кіреді. Ең орталық мәселе – идеялық мазмұн», - деп
тұжырымдаған [21,13 б.]. Екі ғалымды да ортақтастыратын нәрсе - стильдің
жазушыға тән ерекшелігін кӛрсететін кӛрсеткіш екендігі. Әр жазушының
ӛзіндік ерекшелігі, яғни стилі болады. Ерекшелік жайында С.Асылбекұлы: «...
Айталық, қазақта тӛңірегін кӛктемгі жойқын селдей бұзып-жарып, арнасымен
шүпілдей
толқып-тасып ағатын тіл болса, бұл – Әбіштікі, кӛктемгі самал
желдей, май айының жұпарындай аңқыған тіл болса, бұл – Сайындікі, ұстамды,
ойшыл, барынша мерген тіл болса, бұл – Мұхтар (Мағауин) мен Қажымғали,
Тӛлендікі, әрі қалжыңқой, әрі ӛткір, тиген жерін дыз еткізетін тіл болса,
24
Бексұлтан мен Жақсылықтікі - осылай кете береді, кете береді» , - деген пікірі
ерекшеліктің бар қасиетін нақтылап берген сынды [22,33 б.].
Қаламгердің стилін зерттеудің ӛзіндік мақсаты бар. Зерттеуші стильді
қарастыру арқылы жазушының тілдік мүмкіндігінбіліп қоймай,
тілдік
ерекшелігін кешенді зерттей алады. Кешенді зерттеу барысында қаламгерге тән
айрықша белгілер кӛрінеді. Айрықша белгілердің ашылуы қаламгер қарымын
анықтайды. Стильге кешенді зерттеу жүргізген ғалымдар деп Қ.Жұмалиев,
З.Ахметов, Ә.Қоңыратбаев, С.Негимов, Қ.Жүсіпті айтамыз.
Стиль қаламгердің дара қасиеті дегеніміздей Т.Әбдікұлына тән қасиеттерді
тереңірек ашатын боламыз. Тӛлен жазушыға тән
даралықтың біріншісі –
шығармаларына психология, лирикамен бірге философияның да дәндерін
егетіндігі. Яғни, шығармаларында пәлсапалық ой кезіп жүреді. Мәселен,
«Тозақ оттары жымыңдайды» повесіндегі Эдуард Бейкердің мына сӛзіне мән
берсек: «Шындығында белгілі бір құбылыстың бір ғана себебі болуы мүмкін
емес. Тарихи себеп, әлеуметтік себеп,
биологиялық себеп, физикалық себеп...
м-м-м, философиялық себеп, тағы сол сияқты дегендей, толып жатыр ғой. Ал
творчество адамын биікке шырқататын құдіретті күштер - білім, еңбек, ерік
күші және интуиция. Ұлы жаңалықтарда осының ең соңғысы басым болады...
Ал маған келетін болсақ, менің творчестволық методымда бір ғана ӛзгешелік
бар. Ол - шектелу. Яғни ... қалай деп айтсам екен... ӛз бойындағы барлық күш-
қуатыңды бір нүктеге қадау. Медицинада мыңдаған нүкте бар. Мен
медицинаның кейбір қарапайым мәселелерінен түк сезбеймін. Иә, иә, бір ӛтірігі
жоқ. Есесіне, мен маңызды нүктелерді жақсы айырамын» [16,145 б.].
Жетістікке жеткен адамдардың шыңға шығу кезеңіндегі түйген түсініктерін
автор кейіпкер тіліне салған. Анық кӛрінбесе де, кӛзі ашық, кӛңілі ояу оқырман
осы сӛздерден ой түйетіні анық. Негізінде, қаламгердің әр шығармасы
пәлсапаға толы. Пәлсапа мен әдебиет «Парасат майданы» повесінде тоғысқан.
Күнделік жанрындажазылған бұл повесть диалог тәсілі бойынша құралуының
ӛзінде үлкен мән жатыр. Ӛйткені, кӛптеген ой сұрақ-жауап кезінде анық
кӛрінеді. Негізі адам табиғатында сұрақ қою арқылы әлемді таниды. Оны
баланың әр нәрсені сұрап, мазалауынан-ақ кӛрсек болады.
Қаламгердің
екінші бір ерекшелігі - баяндау тәсілі. Кӛркем мәтіннің
сыртқы мен ішкі бірлігінде әңгімелеудің, суреттеудің, баяндаудың қызметі
маңызды. Автор баяндауға қатысы әртүрлі. 3-диаграммаға сәйкес Б.Шалабаев
прозалық шығармада баяндаушының композициялық негізгі 3 типін
анықтайды. Олар: үшінші жақ («ол»формасында) әңгімелеуші автор, «арнайы»
әңгімелеуші (бұл не шығарманың кейіпкері, не белгілі бір атқа ие әңгімелеуші
адам болуы мүмкін) және бірінші жақтағы («мен») әңгімелеуші [23,3 б.].
Достарыңызбен бөлісу: