Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
referat

 
 
 
 
 
 


25 
3-диаграмма. Прозалық шығарманы баяндаудың композициялық негізі
 
Ал Ж.Женетт, К.Долинин сияқты зерттеушілер баяндаудың түрлерін 
гетередиогетикалық және гомодиогетикалық деп жіктеген (4-диаграммаға 
сәйкес).
4-диаграмма. Баяндау түрлері 
Гетередиогетикалық баяндау қолданылған кӛркем мәтінде автор оқиғаға 
мүлдем араласпайды, кейде тіпті оның мәтінге қатысы жоқ сияқты болып 
кетеді. Ал гомдиогетикалық сипаттағы баяндаушы екі түрлі мәндегі қызметтер 
атқарады: 1) «мен-куәгер», «мен-кейіпкер». Екінші мәндегі баяндаушының 
қызметін кӛбінесе автодиогетикалық деп атау кездеседі [24, 65-66 б.]. 
Үшінші жақтан әңгімелеуші шығармадан тыс жатады. Бірақ та қаламгер 
шығармаға ӛзінің дүниетанымы мен сезімін енгізеді. Шығарманы обьективті 
жүргізсе де ара-арасында түсінік беріп кетіп отырады. Ӛз ойын білдірер кезде 
шығармаға ену жолын қарастырып, еніп кетеді. Автор кӛбінесе шығармаға 
авторлық шегініс арқылы енеді. Үшінші жақтан баяндалған Т.Әбдікұлының 
шығармаларына «Бір күндік ашу», «Бассүйек», «Қонақтар» әңгімелері мен 
«Ақиқат» повесі жатады (2-кестеге сәйкес). 
2-кесте. Үшінші жақтан баяндау түрі 
 
Баяндау түрі 
Шығарманың аты 
Үшінші 
жақтан 
әңгімелеуші 
«Бір күндік ашу», «Бассүйек», 
«Қонақтар» 
әңгімелері 
мен 
«Ақиқат» повесі 
Мысалы, «Бассүйек» әңгімесінде: «Мүсінші-антрополог Хамит кешкі 
астан соң жұмыс бӛлмесіне беймезгіл кірді.
үшінші жақ 
әңгімелеуші автор
арнайы әңгімелеуші 
автор
бірінші жақтағы 
әңгімелеуші
гетеродиоге
тикалық
гомодиогетика
лық 


26 
Лаборатория деп аталуға тиісті ұзынша бӛлменің іші лық толы кітап 
болғандықтан, жазушының кабинетіне кӛбірек ұқсайтын»,- деген [16, 303 б.]. 
«Қонақтар» әңгімесінде де: «Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында 
жолай үйге соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда 
жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды. 
Мәсісін де, шұлғауын да сұраған жоқ», - деген сӛздерден баяндаудың үшінші 
жақтан болғанын кӛреміз. 
Бірінші жақтан әңгімелеу («мен») формасының ерекшелігі – баяндаудың 
субъективтілігі мен шындыққа жақын болып кӛрінуі. Бірінші жақта әңгімелеу 
кезінде жеке адам ерекше сезіледі. Баяндаушы шығарманың бір бӛлігі ретінде 
кірігіп, бірігіп кетеді. Әр оқиғаға, кезеңге ӛзінің де ойларын теліп, қосып 
отырады. Автор кӛркем мәтінде «Мен» деген сӛз арқылы кӛрінетіндіктен, 
кӛбінесе автобиографиялық романда бірінші жақ баяндау қолданылады.
Бірінші жақтан баяндаудың ерекшелігі – белгілі бір кӛңіл-күйді және ішкі 
сезімді бейнелеуі. Т.Әбдікұлының «Оң қол», «Жат перзент» әңгімелері мен 
«Парасат майданы» повесі, «Әке» романы бірінші жақтан бейнеленген (3-
кестеге сәйкес). 
3-кесте. Бірінші жақтан баяндау түрі 
 
Бірінші 
жақтан 
әңгімелеуші 
«Оң қол», «Жат перзент» 
әңгімелері мен «Парасат майданы», 
«Оралу» повесі, «Әке» романы 
Мәселен, «Оң қол» әңгімесінде: «Мен оларды жанымдай жақсы кӛремін. 
Иә, иә, жақсы кӛремін.
Олардың ешкімге ешқандай зиян жоқ. Егер дүниедегі бар зиянкесті 
тексерер болсақ, солардың бәрін бәрін жындылар емес, сау адамдар жасаған 
ғой», - деп, дәрігер сӛзімен басталғанымен, автордың да ойы жатыр [16, 315 б.].
Ал «Жат перзент» әңгімесін автор былай аяқтаған: «Мен ӛмірімнің ұзын 
ырғасына кӛз жібердім. Бұл ӛмірде қатеміз қайсы, дұрысымыз қайсы – адам 
біліп болған ба? Осыдан біраз жыл бұрын Зәурешпен арамыздағы жастықтың 
желігінен туған бұра жүрісті таразының бір басына, қалған ғұмырымды екінші 
басына шығарып, жалғастырғым келеді. Анықтауға зәрдем жетпейді. Бар 
білгенім – Зәурешті шын кӛңіліммен ұнатыппын» [16, 345 б.]. Бұл сӛздер 
кейіпкердің ішкі күйзелісін бейнелеген. Бірінші жақтан баяндаудағы кӛңіл-
күйді жеткізу ерекшелігі осы жерде ӛз дәлелін тапты.
Әңгімелеушінің үшінші түрінде автордың орнын әңгімелеуші-кейіпкер 
басады. Жазушы бірінші сатыдағы әңгімелеуші болса, әңгімелеуші-кейіпкер 
екінші сатыдағы әңгілеуші болып бекітіледі. Жазушының шығармаға екі 
әңгімелеушіні сенімділік үшін арнайы қосады. Автордың қызметін бұл баяндау 
түрінде кейіпкер атқарады. Яғни, шындықты кейіпкер ашады, одан кейін автор 
сол шындықты тереңдетіп аша түседі. Т.Әбдікұлының бұл баяндау түрінде 
жазылған шығармасы - «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі (4-кестеге сәйкес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет