І-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 1.1Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі мәселелері.
Бала -біздің болашағымыз. Олай болса бүгінгі бала тәрбиесіне бөлініп отырған қаиқорлығымыз да шексіз. Себебі, еліміздің ертеңі-болашағымазға салғырт, енжарлықпен қарауға қақымыз жоқ. Еліміздің егемендікке қол жеткізу бала тәрбиесінің жаңаша дамуына жол ашып отыр. Осы жолда халқымыздың адамгершілік дәстүрлерін жаңартып көп жалдар бойы халық жадынан тыс қалып келген рухани құндылықтарды ұрпақ санасына қайта сіңіріп, тәрбиенің барлық саласында пайдалану –әрбір ұрпақ тәрбиелеушінің басты парызы болса керекті.
Халқымыз өзінің ұзақ жылдар бойғы тарихында ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оны жылдар бойы жақсы істермен толықтырып отырған. Тегінде бала тәрбиесі үлкен жауыпкершілікті. Жүйелі көңіл бөлуді, мәпелеуді күтімді талап ететін өзгеше бір әлем.
Ғылымда осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика саласы — халық педагогикасы мен бала психологиясын зердесінде ұстап, оның эстетикалық талғамын,ұлттық дәстүрлері мәдениетін зерттеуге арналған бірден-бір ғылым. Осы педагогика ғылымының халықтық тәлім-тәрбиесінің терең тамырлы, жан-жақты сусындап, еңбек, дене, ақыл –ой, эстетикалық, ададмгершілік, әскери, жыныстық тәрбие сынды Барлық салалары арқылы ұллтық менталитетімізге лайық өмірге икемді, жан-жақ-жықты жетілген, нарықтық эконмикамиға бейім, парасатты ұлт азаматын тәрбиелеу. Сонымен қатар, адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын алыс қасиет-адамгершілік құндылықтар жағын бала бойына сіңіру. Адамгершілік-адамның қатынас, қарым-қатынасымен көрініс беретін адам өміріндегі, оның ішінде бала тәрбиесіндегі басты бағыт, қашанда өз құндылығын жоғалтпай, руханилықпен толығып отырады.
Адамгершілік қанша уақыт өтседе басым бағыттылғын жоғалтпай, көнеден көш тартып, бүгінгі күнге дейін адамның ой-арман, асыл мұраты пайымдайтын ізгі қасиеттердің бірі-адамгершілік десек,ертегілер мен эпостық, нейро-эпостық жырлар, адам жанынан рухпен ізгілік нәрін сепкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды бабаларымыздың шешендік сөздері, нақыл өсиеттер жоғарыда айтқан тұжырымдарымыздың делелсіз еместігін айғақтайды.
Яғни адамгершілік аты моральдық-этикалық категорияның қай қоғамда болмасын өзекті мәселе болғандығын білеміз. Қазргі біздің қоғамның ілгерілеу процесінде рухани- адамгершілік тәрбиесінің мәні- қоғамда жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен тығыз байланысты болып отыр.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі-көп арналы сан қырлы. Ол халықтың тілімен, әдебиетімен, тарихымен біте қайнасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қастерлі мұра. Рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде де өз жалғасын тауып келеді. Сонау Шәкәрім, Абай сынды ғұламаларымыздың еңбектерінен бастап, қазақ балалар әдебиетіндегі әйгілі жазушыларымыз Б. Соқпақбаев, С. Сарғасқаев, М.Әлімбаев т.б шығармаларында рухани -адамгершілік адамгершілік тақырыбы әр қырынан көрініс табады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі –адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу, Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым – қатынасн айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.
Адамгершілік құндылықпен адамды тәрбиелеу негізін қайдан іздейміз деген заңды сұрақ туындайды.
Біріншіден, адамгершілік –адамдар арасындағы қатынастың белгілі бір щегінің белгіленуі адам қалауымен нақтыланбаған. Ол Аллаћ тарапынан берілген кітаптарда көрсетілген. Мекмлекеттің зайырлылығы, дінсіз мемлекет дегенді білдірмесе керек. Сондықтан Құран Кәрім адамгершілік заң ретінде мойындалып келді. Ислам дініндегі адамгершілік бүкіл тәрбиенің өзегі болады. ¤йткені, исламиятты зерттеуші ғалымдар исламның үш үкімінің бірі ретінде, адамгершілікті ахлақ ретінде белгілеп көрсетеді де, оның міндеттерін ашып көрсетеді. Бұл адамгершілік міндеттер әрбір мұсылманның міндетті атқаратын борышы болып табылады.
адамгершілік жиынтығы – борыш (Парыз) ретінде орындалады.
Олар:
— адамның Аллаћ алдындағы, Пайғамбар және Құран алдындағы борышы;
-адамның –өзіне қатысты борышы, қоғам алдындағы, ұлты мен отан алдындағы борышы;
ата-аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата-аналары алдындағы борышы;
жеке адамның жалпы адамзат алдындағы борышы т.с.с.
Адамгершілік борыш идеясы- қазақ халқының ұрпақ тәрбиесінің арқауы болды және бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегіне айналуы тиіс. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз- рухани құндылық пен жақсылық атаулыға деген сезімді, сана мен мінез-құлықты дамыту, жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз.
Екіншіден қазақстан елінің демократиялық дамуы, халқына еркіндікті қалауы. Еркінді өз ойына келгенді істеу деген емес. Ой, сөз, әрекет бостандығы адамзатқа лайықты болғанымен, өзінің жаратылысына сай, тарихи даму үрдісіндегі тәлім-тәрбиені зерделей отырып, маңызын, мазмұнын жаңа түлете отырып құру болып табылады. Осы орайда адамгершілік мәселесінің өтіп кеткен формациядағы сипатына көз жүгіртіп өтейік.
Адамгершілік ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады. Бізге мәлім, бұрынғы өткен 5 әлеуметтік-экономикалық формацияларда адамгершіліктің мақсат –міндеттері, мазмұны бірдей болмаған. Алғашқы қауымдық құрылыскезінде адамгершілік тәрбиесі сол қоғамның мақсатына сай қарапайым түрде болса, ал өзінен кейінгі өткен құл иеленушілік, феодалдық, копиталистік қоғамдарда таптық сипатта болады.
Таптық қоғамда әр дәуірдегі үстем таптар шығарған өз моралы өз мінез-құлық ережелерінің тізбесі болды. Бір мінез-құлық ережелері-қанаушы тап адамдарына арналса. Екіншісі қаналушы тап адамдарына арналған. Тіпті Буржуазия елдерінің мектептерінде бұл ережелер ерекше сабақ ретінде оқытылған. Соған сәйкес құл иеленуші қоғамыда құлдардан тілалғыштық пен бойұсынушылықты талап етті. Құлдардың жалпы мінез-құлқына деген ережелерін дін белгіледі. Діни моральдің бұл кодексі құдайдың халққа жіберген өсиеті ретінде уғыздалды.
Мінез-құлықтағы мұндай ерекшелік феодалистік, капиталистік қоғамда да сақталып қалды. Ол үстем таптар арқылы насихатталып отырды. Себебі мұндай ерекшелік олардың еңбекші қауымды құлдық псиологиядан шығармай ұстауына тиімді болды.
Таптық қоғамның жанашырлары, соның ішінде идиолистік сипаттағы психология «адамда туа біткен адамгершілік» туралы бір қатар теорияларды дамытты. Идиолистік бағыттағы бұл теориялар діне және буржуазиялық кодекстермен, ескіден мұра болып қалған, қолданылып жүрген тұрмыстық әдеттермен қабысып, ұштасып, үйлесіп отырды.
Марксизм-ленинизм классиктері адамгершілік теориясын жеке адам және қоғам туралы ғылымдардын бөліп қарамайды, керісінше оның ажырамас бөлігі деп есептеледі. Себебі, ол әр кезде философия, социология, психология және физиология ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Адамгершіліктің пайда болуы және ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К. Маркс пен Ф. Энглес болды. К. Маркс пен Ф.Энгльес өздерінің ғылыми еңбектерінде социялистік қоғам адамына қатысты мынадай адамгершілік сапа қасиеттерін тәрбиелеуді ұсынады:
Социолистік отанды шын жүректен сүю:
Дүние-жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру:
Социолистік гуманизм шын мәніндегі коллективизм.
Бұндай көз -қараста адамдарды жалпы адамзаттық рухында тәрбиелеу ұстанымының негізгі идеясы болды.
Кеңестік тәрбие теориясының негізгі саласы жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін беру проблемасы мен ұлы педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухонлинский т.б. шұғылданады.
Н.К. Крупская өз еңбектерінде социолизм орнату ісінде жас ұрпаққа комунистік адамгершілік рухында кеңес мектептерінің ең негізгі міндеттері деп санап, адамгершілік тәрбиесінің міндетін, мазмұнын ашып берді онда кеңес мектебі оқушылардың патриотизм, гуманизм, интернатционализм, коллективизм, тәртіптілік қоғам мүлкіне ұқыптылық секілді социолистік мораль қасеттерін тәрбиелеуге тиіс деп есептеді.
Социолистік қоғам тұсында комунистік моральдың 3- түрі болды.
ұжымдық мораль.
Баған тән қасиет. «бәріміз біріміз үшін біріміз бәріміз үшін» деген қағидаға негізделген ол өзімшілдік, менменшілдік, пайкүнемшілдікпен үйлеспейді. Мұндай көз –қараста жеке адамдардың мүдделерін жалпы халықтық коллектившілдік мүдделермен үйлесімді ұштастыруды көздеді.
Гуманистік мораль.
Ол адамдар арасындағы шынай адамгершілік қатынастарға негізделген, яғни: жолдастық, ынтымақтастық, өз ара көмек қатынастарын, ізгілік, қарапайымдылық, кікшіпейілдік қасиеттерінің жиынтығы болды.
Белсенді, қаракетшілдік мораль
Бұл еңбек адамын шығармашылық жаңа жетістіктерге ұжымдастық және бүкіл елдің өміріне ынта ықыласпен араласуды көздеді.
Социалистік өмір салтында моральдық кодекс-коммунистік адамгершіліктің негізгі принциптерін тұжырымдап халықты соның негізінде қалыптастыру саясатын жүргізді. Адамгершілік мәселесі маркстік –лениндік этиканың негізгі өзегі болды. «Этика», — грек сөзі, өнегелі-мінез құлық, адамгершілікті білдіреді, бұл кезеңде де адамгершілік мәселесіне ерекше мән беріліп, адамгершілік – адамның өлшемі деп қарастырылды.
Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, жамарттығымен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Осыған орай күнделікті өмірде біреге «жақсы адам» немесе «жаман адам», «ақ пейілді» немесе «қатыгез» деген моральдық баға берілді. Ал моральдық жағынан кіршіксіз таза болу – адамгершіліктің асқар шыңы деп есептелінді.
Адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік мінез-құлықтар арқылы жүргізілді.
Осыған қарамастан адам тәрбиесінде жасандылық, тәрбие өзінен айыру салдарынан тәрбиеде олқылықтар көбейді.
Міне осындай кезеңде ұрпақ тәрбиелеуде жоғалтқан құндылықты қайта жаңғырту үрдісі жүрді. Халықтық педагогикадағы адамгершілік мәселесіне қайта оралу процесі бойында имандылық, инабаттылық, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым адамдар арасындағы қарым-қатынастарды жүйесін реттеп отыруға негіз болды.
Қазақ халқының адамгершілік белгілеріне – үлкенді сыйлау, кісілік әдеп сақтау, жақсы мінезділік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, әрбір адамның туыстық қатынасына сай әдептіліктері жатады.
‡лкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, бала-бақшада, мектепте, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан адамның адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі қазақ дәстүрінде мұндай кіслік келбеті бар адамдарды «Азамат» дейді. Азамат елінің абыройы үшін қызмет етеді.
Кісілік дәрежеге жеткен адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарды оған үйретуге уғыздауды. Кісілік, азаматтық іс-әрекетімен үлгі-өнеге болған адамдар қазақ халқында баршылық.
Әдеп сақтау- қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының тәжірибелік көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы.
Халық өмірлік тәжірибесінде ешбір тыйым салусыз –ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат- мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Осыған байланысты өзінің мұсылман дінінде болуымен сабақтастыра отырып, адамдар арасындағы әдепті мына, төмендегідей қарастырады.
— адамның өзіндік әдебі,
— ата-анасы мен әдебі,
туыстарымен әдебі,
көршілерімен әдебі,
достарымен әдебі, жолдастарымен әдебі,
қоғамдағы әдебі.
Әдеп сақтау- этикет, яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтық ережесі. Әдепті сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге, амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда адамгершіліктік борышты өтеу болып табылады.
Қазақ халқындағы адамгершілік туралы негізгі пайдаланған котегорияларға –ар, ұят, намыс, абырой, жақсы мінез жатады. Ар — жеке адамның кісілік дәрежесінің белгісі болса; ұят- адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың жанжүйелік белгісі; ал намыс- адамдық қасиеттерді адамгершілік мінез құлық пен іс-әрекеттің батылдық және кісілік көрінісі; абырой- намыс пен ар-ұяттың, игілікті іс-әрекеттің арасында адамның мақсатқа жетуі, сыйласымға, құрметке ие болуы;
Имандылық – Аллаћтың барлығына, Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екеніне мүлтіксіз сеніп, Аллаћ жолын, пайғамбар ұстанған парыздарды орындау, яғни адамгершілік биік мақсаттарды сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілкпен аяқтаудың көрінісі. Сондықтан халқымыз қашанда адамгершілігі жоғары кісіні- имандыдеп құрметтеді, ал адамгершілік қалыпты бұзған кісіні «имансыз» деп атады. Бала тәрбиесінде қазіргі кезде имандылық – адамгершілік деп діни руханилық сабақтастық негізде қарастыру үрдісі қалыптасып отыр.
Адам баласының белгілеуімен жасалған адамгершілік бағытпен емес, Аллаћ тарапынан белгіленген адамгершілік (ахлақтық) мұраттарға мойын сұлып, оны тануға бет бұра бастауы құптарлық жайт.
Қазақ халық педагогикасында туыстық қарым-қатынастағы әдептілікке көп көңіл бөлген. Адамдық, байсалдылық, инабаттылық, кішіпейілділік туыстық, жора- жолдастық қарым-қатынаста пайдалынылатын шарттар.
Адамдық – туыстарға, жора-жолдасқа, шыншыл, ақ ниетті, ақ көңілді болу;
Байсалдылық- жеке адамның көңілін бағып, сабырлық жасау;
Инабаттылық- кім болсада оған қамқорлық ету;
Ізеттілік- әркімге де ізет көрсетіп, оны құрметтей білу;
Кішіпейілділік – кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету дәстүрі, жақсылыққа тасымай, кездейсоқ жасымай, көпшіл, яғни парасатты болу.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті- әрбір адам баласы өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат міндеттеріне, адамгершілік қасиеттерідің тұтастығына сай тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу.
Жас ұрпақты Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту.
Ізгілік парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.
Ал рухани-адамгершілік дегеніміз – рухани жағымды мінез-құлқтың нормалары мен ережелер жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.
Ислам дiнiнiң иман негiздерi мен шарттары жеке тұлғаның қалыптасуына берер әсерi мол. Бiр ұлттың немесе нәсiлдiң басқаларға үстемдiгiн қабылдамайды, Аллаһ Тағала жаратқан адамдардың бәрiн бiрдей көредi. Үстемдiктi тек моральдiк, рухани, ахлақи сапаларда iздейдi, яғни таза адам, адал адам, тақуалықты берiк ұстайтын адамның ғана жартушының алдында дәрежесi жоғары болмақ.
Ислам дiнi таптырмас рухани азық болып табылады. Рухы бай адам әрқашан биiкте тұрады. Рухы аш адамның адамгершiлiк қасиетi де төмен болады. Тарихта рухани азыққа мән бермеген жеке тұлға болсын, тiптi қоғам болсын азғындыққа ұшырап, болмашы нәрселердiң артына түсiп, езiлiп-жаншылып отырған. Ондай тұлғалар ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында кетiп, өмiрдегi өз орнын жоғалтып отырған. Рухани дүниесi бай адамдар тарихқа өз аттарын алтын әрiптермен жазып, ұрпаққа өшпес iз қалдырған. Қазақта рухани азықтың көзiн дiннен iздеп, еңбектерiнде жазып келген ақын-жазушыларымыз кенде емес. Кезiнде аталарымыз, рухани азықтың негiзi болып саналатын дiн үшiн кез-келген қиындыққа бас тiккен. Оның айғағы ретiнде қоғам қайраткерi Мұхаммеджан Тынышбаевтың Ресей империясының министрлер кеңесiнiң төрағасына жазған хатында ең алдымен дiнге байланысты мәселенi қозғағандығын көрсете аламыз. Сол хатта: «Әрбiр шенеулiк бiздiң дiнiмiздiң iшкi iсiне араласуды парыз деп санайды, мешiттер мен мiнәжат орындары жабылады, Құран мен дiнiмiз қорланады. Бiздiң балаларымыз оқитын мектептердегi өз дiнiмiздi оқытуға салынған тиым, әкiмшiлiктердiң бiздiң ел арасында христиандықты уағыздап жүрген миссионерлерге деген қарқындығын талап етушiлердiң қуғынға ұшырап, түрмеге қамалуы-осының бәрi қазақ даласында орын алған заңсыздықтар мен зорлық-зомбылықтардың бiрер мысалы ғана.
-Дiни-рухани мәселелер бойынша қазақтарға толық бостандық берiлуi тиiс:
-Мешiттер, медреселер және өзге мiнәжат орындары орыс басшылығының қандай да бiр ұрықсатынсыз салынуы тиiс;
-Қазақ, араб және татар тiлдерiндегi кiтаптарға салынған цензура жойылуы тиiс; деп дiнге көресетiлген қыспаққа қарсы бас көтерген.
Адамгершілік адамдардың бірбірімен қарым-қатынасына қажетті өлшемдер жүйесі. Қажеттілк- белгілі бір жағдайда адамның дамуын қамтамасыз ететін обекьтивтік мұқтждығы. Адам баласы өзінің жоғары саналығының арқасында өз қажеттігін сыртқы өмір жағдайына, қоғамның талаптарына байланысты имандылық- адамгершілік негізінде қанағаттандырады. Адамның рухани-мәдени қажеттілік негізінің жасалу негізінде рухани- адамгершілік даму процесі жетіле түседі деп сенеміз.
Қажеттілік – адамның ой әрекетін оятатын негізгі күш. Ой психикалық әрекеттің бір жағы, ол адамның қажеттілік қанағаттандыру құралын іздеп табуды қамтамасыз етеді. Адамның материалдық, рухани-мәдени қоғамдық қажеттіліктерінде моральдық қажеттілік адамның адами келбетін үнемі жадында сақтауымен жаман мінез-құлықтан, нашар әдеттен құтқарады. Адамгершілік қажеттілік адам баласының адамгершілік қатынас пен қарым-қатынасты сақтауы үшін қажеттігін кіші мектеп жасындағы балаларға түсіндіру шарт. Барлық қажетсінулер жеке бастың дамуының қайнар көзі.
Қажеттілік түрлерін қанағаттандыруда адам- аш көздік, нысапсыздық, бәсекелестік, тапшы заттарды жинауға ұмтылу. Мұның бәрі фәни дүние қызығушылығы. Мұның барлығы Аллаћ тарапынан берілген сынақ екенін ескереіп және адам өзінің адам ретінде өмірге келу мәні мен мақсатын түсінуде өзінің ең парасатты жаралған иесі екендігіне байланысты адамдық қалыпты сақтаумен өмір сүру керек. Ол үшін адами қасиеттерді дамытып жетілдіріп отыруы тиіс.
Рухани жағынан дұрыс дамыған адам өз қажетін саналы қанағаттандырады. Дүние мүлікке табыну, бағалы бұйым, жақсы затты қуалау өмірдің талабы деп түсіну, оны бүкіл өмірдің мазмұнына мәніне айналдыру- ұшқарылық. Бұл адамды адамгершілік жағынан дамытудың орнына топастандыра түседі, Сондықтан адам өзіне керекті саналылықпен түсініп, шешуі тиіс,
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса
ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Отбасының бала тәрбиесіндегі міндеттері
1. бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
2.өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
3.отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;
4. отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы
Ғылыми өзектілігі: Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.Отбасы тәрбиесін дамытудың әлеуметтік – педагогикалық мәселелері XXI ғасырдың ең басты көкейкесті, шешімін табуда кезек күттірмейтін мәселенің бірі болып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы қоғам талаптарына лайық жаңарулар мен алға ұмтылыстар мектеп пен отбасының бала тәрбиелеуде бірлескен әрекетін талап етуде.Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық .сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – ата – анасы.
«Қазақ атамыз – балаңды 5 жасқа дейін алақаныңа салып аяла, 13 – ке дейін құлыңша жұмса, 13- тен бастап теңіңше ұста», - деген емес пе? Ата – аналар балаларын тәрбиелеумен қатар, өздері өнеге көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді. Ал бұл күрделі мәселе. Өйткені бұл әр отбасы мүшесінің тәрбиелік деңгейімен тығыз байланысты. Кез келген ата – ана қандай болмасын перзентін шексіз сүйеді. Дегенмен, отбасында әке мен ананың тәрбиеге біркелкі мән бермеуі де кедергілердің бірі болып отыр. Кейбір ата – аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі енжарлығын ақтайды. «Ол әлі сәби ешнәрсені түсінбейді», «Өскен соң ақылы кіреді» және т.б. немесе ұл « Бала солай болып туған», «Біздің бұл баламыз қабілетсіз, қабілетті табиғат береді», - дейді. Баланы жеке адам ретінде қалыптастырудың тиімділігі оның әралуан әрекет түрлеріне - ойынға, еңбекке, оқуға, қарым – қатынас белсенділігіне байланысты екенін түсінбейді. Бала өмірінің алғашқы жылдарында сол нышандарды да дамытуға қолайлы жағдай болмаса немесе ол үшін әрекет істелмесе , кейін оларды жүзеге де асыру өте қиынға түсетінінен хабарсыз ата – аналар кездеседі. Нәресте өмірінің алғашқы жарты жылында оған көңіл бөліп, сүйіспеншілік көрсетпеу баланың даму қарқынын бәсеңдетеді, эмоциялық сезімін кемітеді, әр нәрсеге әуесқойлығы мен қызығушылығын тежейжі, бұл оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен сана – сезіміне әсер етеді. Осының бәрі ата – аналарға педагогика , психология, физиология мен гигиена негіздерін біліп, саналы тәрбиелеу деген зор жауапкершілікті жұктейді. Егер ата – аналардың жанұя турасында дұрыс түсінігі болмаса, егер ол жанұя өмірінің мақсаттарын педагогикалық тұрғыдан жағдайластырмаса , онда бұл баланың жеке санасының қалыптасуына ғана емес, түгелдей жеке басының тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сонымен қорыта келшенде баланың жеке басын қалыптастыруда отбасынын тәрбиелік мұмкіндіктерінің мәні орасан зор және оны арттыру бүгінгі күннің басты қажеттілігі екені даусыз. Отбасындағы ата салтын, ана және ене салтын, әсіресе әке салтын жаңа өмірге лайықты етіп ұлттық дәстүрде қайта құрудың этнопедагогикалық тетіктерін іске қосу қажет. Ақсақалдар алқасы мен аналар алқасының қызметін міндетті түрде жолға қойып, оның пәрменділігін арттыру қажет.
Жас азаматтың қазіргі әлеуметтену және руханияттану мүмкіндіктерін дамытуға арналған отбасы тәрбиесінің ұлттық руханияттық дәстүрін қалыптастырудың маңызы зор.
Барлық мемлекеттік ,қоғамдық, жеке меншіктік,саяси, діни конфессиялық , жастар және кәсіподақтар құрылымдарының отбасы тәрбиесін ұйымдастыру шараларына араласу белсенділігін арттырып, жауапкершілігін күшейтуге күш салу керек.Отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің іргетасы екендігін әрбір қоғам мүшесінің санасына жеткізу қажет.
Отбасы тәрбиесіндегі ізгіліктілік, адамгершілік, моральдық, этикалық, эстетикалық және руханияттық құндылықтардың мүмкіндіктерін пайдаланудың тетіктерін іске қосу керек.
Әрбір отбасында патриоттық сезім, патриоттық идея және патриоттық жауапкершілік сомдау арқылы ұлттық патриоттық менталитет қалыптастыру қажет.
Көкірегі көсем, тілі шешен, ақылы қасым, ерлігі жасын Қазақ халқы әрбір отбасының парасатты да руханиятты болашағы үшін ғасырлар бойы күресіп келгені бәрімізге аян.Отбасы тәрбиесі – қоғамдық міндет, отбасы тәрбиесі - ұлттық саясат. Отбасы тәрбиесі – ұрпағымыздың нұрлы болашағы, отбасы тәрбиесі үшін күресу болашақ үшін күрес, ағайын.
Достарыңызбен бөлісу: |