Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу



бет7/8
Дата06.07.2022
өлшемі130.57 Kb.
#459623
1   2   3   4   5   6   7   8
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

Қорытынды


ХХI ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңді рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтанда бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көз қараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастықта қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне кіші мектеп жасындағы оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б.әдістер жатады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:
— Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;

  • Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адамлдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

  • Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема – ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуы мен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми- теориялық білімі болу керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи – философиялық, педагогикалық проблемаларына аса зор мән берген жөн.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен: бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т.с.с.
Халықтық- педагогика арқылы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтауы қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын – жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыру тиіс.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының интеллектуалдық ой өрісін дамытуда рухани тәрбие беру –бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қандай озық мәдениет болмасын, адамға оның төл мәдениетін алмастыра алмайды. Қазақ мәдениеті – бірегей, қайталанбас құбылыс. Оның уызына қанбаған, оның нәрін бойына сіңіре алмаған қазақтың баласы-рухани жарым жан. Олай болса, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыруда орасан зор рөл атқаратын ұлттық мұраларды сақтап қалудың бірден бір кепілі мектеп қабырғасында оларды оқушыларға жүйелі түрде меңгерту.
Мектепте -сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында салт-дәстүрлерді, төл өнерді жаңғырту арқылы оқушыларға имандылық-эстетикалық тәрбие берілуі керек. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», -дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. . «Өткеннің өнегесі –бүгіннің баға жетпес байлығы»- деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап айтқандай, халық дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу бізге міндет, кіші мектеп жасындағы ұл-қыздардың бойына «Ұлттық рухани қасиет» өзінің дініне, тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген көзқарасы ерекше болып, осы қасиеттерді сіңіре білу.
Оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені рухани ұлттық салт пен имандылыққа негіздеп, рухани адамгершілікке толы ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде клубтық жұмыстар ерекше мәнге ие, Клубтық жұмыстардың адамгершілікке тәрбиелеудегі негізгі міндеттер:
— Ұлттық мәдени байлығымызды танып білуге тәрбиелеу, халқымыздың мәдени мұраларын игеру;
— Жалпы адам қоғамы жинақтаған рухани- адамгершілік нораларын, қатынас мәдениетін, тәрбиелікті игеруге тәрбиелеу.
— Адал өмір сүруге, жақсы тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол рухани-адамгершілікті, қайырымдылық пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты дәріптейді. Ата-бабаларымыз баланы бесігінде жақсы әдетке баулыған. «Үлкенді сыйла, сәлем бер, жолын кеспе», «Өтірік айтпа» деген сөздерінің мәні ешқашан жойылмақ емес.
ұлағатты ұстаз оқушы тәрбиесінде мына қасиеттерді басты назарда ұстай отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
-Кешірімшіл болу : Бұл қасиет адамның жылы шырайлы әрекетін, беделін, абыройын өсіреді. Кешірімшіл болған адамға біреу қастандық, зұлымдық жасаса ешқашан өш алмайды. Демек қолымыздан келгенше айналамыздағы адамдарды кешіре білуіміз қажет. Дана қазақ атамыз: «Тас пен ұрғанды ас пен ұр»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда кешіре білу адам бойындағы таптырмас қасиеттердің бірі.
-Жомарттық : Жомарт болу адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Жарлыға, жәрдемге мұқтаж кісілерге ешқандай пайда күтпестен қолдан келгенше көмек беруді нағыз жомарттық деп айта аламыз. Жомарт болған кісі қоғамда беделі үстем болып , әркім оны құрметтейтін болады. Мұндай кісінің екі дүние бақытына жетуі күмәнсіз.
-Кеңпейілділік : Кеңпейіл болу жомарттықтан да ұлы қасиет болып табылады. Кеңпейілділіктің белгісі – адам өзіне керек болып тұрған немесе өзі мұқтаж бола тұра өзін емес өзгенің қамын ойлап , жарлы немесе қандайда бір көмекке мұқтаж кісі келгенде ішіп отырған асын жерге қойып , қашан оның қажеттілігін қамтамасыз етпейінше көңілі орнықпайтын жандар қатарын ұсынуымызға болады.
-Бауырмашылдық : Жер бетіне жіберілген ең соңғы дін – ИСЛАМ, әлемдік деңгейдегі бауырластыққа шақырады. Біз айтқалы жатқан бауырластық нәсіл , ру , ұлт , әулет туыстығы емес , иман туыстығы. Дініміздің жария еткен бұл бауырластық ережесін Мадиналық Ансарлар мен Меккелік Мұхажирлер арасында Пайғамбарымыз ( с.а.у.) жүзеге асырған-тын. Сонымен қатар қазіргі таңда осы сияқты сипатқа ие болған адамның қоғамдағы алатын орны зор.
Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдермен ұғымдар, адамшылық мінез-құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Мектеп жағдайында бұл жұмысты ұстаздар он бір жыл бойына жүйелі түрде жүргізеді. Адамгершілік қасиеттер – жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру мен тікелей байланысты. Оның талаптарын негізінен оқушыларға арналған ережелерде баяндалған. Олар күнделікті өмірде өтіп жатады. Себебі олардың адамгершілік қызметі қоғамның талаптары мен қоғам және баланың тікелей өзінің өмір сүруі, тіршілігімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда дербес белсенді әрекетінің маңыздылығын да естен шығармау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет