Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі Ислам дінінің қолданылатын әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтейік. «Әдісің болмаса, мақсатыңа жете алмайсың». Хз. Пайғамбар Ұлы Аллаһ Тағала тарапынан ең көркем түрде тәрбие етіліп «…Ұлы мінезге иесің» (Қалам 68/4) деген құрметке ие болған.
Хз. Пайғамбар мінез құлқының көркемділігі, жұмсақ жүректілігі, сөздерінің нақтылығы, әдісінің тартымдылығы, ескертулеріндегі жұмсақтығы, сабырлық пен парасаттылығы, көзі ашық, көкірегі ояу болуы, ұшқыр ойлы, адамдар арасындағы қарым-қатынасы, сүйіспеншілігімен теңі жоқ мұғалім әрі тәрбиеші болып есептеледі.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолынан келгенше барлық жерде бар ынтасымен жақсылықты уағыздап, ұстаздықтан жалықпаған. Сахабалардан қажетті білімдерді үйренулерін талаб ететін. Оларға барынша мейірімділік көрсететін. Адамды еш уақытта жалықтырмай, тығырыққа тіремей жеңіл әрі оңай жолды ұстанатын. Аллаһ Тағала Құранды бұл жайтты былай баяндайды:
«Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндреге өте жұмсақ, ерекше мейірімді». (Тәубе 9/128)
Хз. Пайғамбардың сахабаларына тәлім тәрбие бергенде жиі қолданатын әдісі сұхбаттасу болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тәрбиесін көрген сахабалар, сұхбаттар арқылы қол жетпес мәртебелерге жеткен. Каб бин Зуһәир (р.а.) мұсылман болу үшін мешітке келгенде Хз. Пайғамбардың сахабаларды қалай тәрбиелегенін көріп, «Пайғамбарымыз (с.а.у.) топ-топ болып отырған сахабалар арасында сұхбаттасып отыратын», деген. (Хаким, ІІІ, 671) Бұл Хз. Пайғамбардың өмір бойы қолданған тәрбиелеу әдісі.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сұхбаттарының ерекшелігі соншалық ол дәуірді тарихта «Бақыт ғасыры» деп атаған. Сахабалардың Исламға дейінгі рухани ахуалы адам айтса нанғысыз болған. Бірақ иман нұрына бөлену арқылы Хз. Пайғамбардың тәлім тәрбиесімен көңілдері жай тауып, бақытқа кенелген. Жүректегі шынайы махаббат, өзге адамдарға әсер етіп, артына өшпестей із қалдырған. Надандық дәуірінде бауыр еті перзентін тірідей топыраққа көмген тас жүрек, қатыгез адамның орнына мейірбан, жүректері аппақ ұлпа мақтадай сахабалар ортаға шықты. «Сахаба» мен «Сұхбат» сөздерінің түбірі бір, бір-біріне байланысты сөздер болып табылады.
Хз. Пайғамбар адамдарға тәлім-тәрбие беріп бір нәрсе үйреткенде пайдалы, әсерлі әрі мәселенінің мән жайын айқындап беретін әдістерді қолданған.
Ал енді осы әдіс-тәсілдерді Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен ала отырып, түсіндіруге тырысамыз.
Алдымен өзі орындап көрсетуі
Оңайдан қиынға қарай.
Жалықтырмай орта жолды ұстану
Жақсылық жасап, сый сияпат беруі
Адамдарға деген құрметі
Мәселенің мәнін өте ұтымды түрде шешуі
Мейірім мен сүйіспеншілік көрсетуі.
Қабілетін ашып, дамытуы
9. Сұрақ-жауап әдісін қолдануы
Теңеу, салыстыру және мысалдар келтіру
Түсіндіргенде жест пен мимиктеді қолдануы
Мәселені түсіндіру үшін сызба сызуы.
Айтылған мәселелердің маңыздылығына көңіл аудартуы
Насихат айтуы мен қыссалар баяндауы
Тарғиб пен Тарһибті бірге қолдануы
(тарғиб, адамды бір нәрсені істеуге немесе бір нәрсеге жетуге ынталандыру және қызықтыру дегенге келеді. Тарһиб болса мұның керісіншесі, бір нәрседен сақтандыру және жеркенішті жағдайдан қорқыту деген мағынаны білдіреді. Тарғиб һәм тарһибтың адам баласының бойындағы жаман қасиеттерді жойып, жақсылыққа қарай бағыттаудағы ролі ерек.)
Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жайында ғалымдар былай дейді:
Имам Ағзам (ө.150) «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді» білдіреді[1] деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ Тағала тәрбие арқылы көркемдейді»[2].
Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе Тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибни Сина Тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.
Атақты тәпсірші, Бейзауи болса, тәрбиені, «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген[3].
Ал Ислами тәрбие, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс-әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай-ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады[4].
Яғни ерекшелігі жақсы, кемел адам өсіріп, жастарды өмірге және болашаққа көңіл бөлгізуінде жатыр. Сондай-ақ өмірде кездесетін кез-келген қиыншылыққа мойымай, оның ыстық-суығына төзе білуге де шақырады. Өмірді тек қана қуаныш еместігін ашып көрсетеді. Сөзіміз түсінікті болу үшін Төлеген Айбергенов ағамыздың мына өлең жолдарын айтып өтейік:
Өмір үлкен домбыра деп білем мен,
Егіз туған екі шектен тұратын.
Бірі қайғы қабағында түнерген,
Бірі шаттық әлдилеген мұратын.
Бұл екеуі жұп жазбайды әуелден,
Қосып тартсаң күй қалады құлақта.
Жаңыласың кеудеңдегі әуенен,
Сыңар шекпен тартам десең бірақ-та.
Міне өмірдің жалпы сипытан ашып түсіндірген. Ислам діні осыны негізге ала отырып, жастарды әдептілікке, төзімділікке, ибалыққа осы сияқты толып жаттқан адамдық қасиеттерге шақырып, өмір күресінде жеңілмеуге үндейді.
Қоғамның бақыты және тұлғаның бақытына байланысты. Тұлға, дене мен рухтан құралатындықтан, екеуінің де белгілі бір мөлшерде азықтануға мұқтаждық бар. Екеуін тепе-тең ұстап дүние мен ақырет бақытын ойлағанда ғана нағыз бақытқа жетуіне болады[5]. Ал егер қоғамды құратын және тұлға бақытсыз болса, онда қоғамның бақытты болуы мүмкін емес. Ондай жағдайда қулық-сұмдық, алдау мен арбау жайлап, жеке тұлға ғана емес, қоғамда жаппай құлайды. Ислам, осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл болады.
Ислам діні жеке тұлғаның түзелуі арқылы қоғам ғана емес, тіпті дүниенің түзелетіндігін негізге ала отырып, жеке адамның жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі.
Ислами тәрбиенің мақсаттарының тағы бір жағы, тепе-теңдікке мән беретін адамдар тәрбиелеу болып табылады. Теңсіздік пен бір жақтылықтан, олқылықтың туындары толассыз. Сондықтан да Ислам тепе-теңдікке орта нысанадан айырылмауды көздейді. Адам әрбір ағзасы өз алдын жаратылыс болғанымен бір-бірімен тығыз байланыста.
Мысалға: қол, өз алдына әрекет етеді, алады, қояды, жазады. Бірақ өзге мүшелермен байланысы міндетті түрде болады. Өйткені, қол сіңір, жүйке сүйектер арқылы бір тұтас секілді. Егер қолды денеден бөліп алар болсақ, ол өзіндік ерекшелігін жоғалтады.
Исламда адам ағзаларының қызметі мен ерекшеліктері көрсетіліп қоймай, оның әдебін де шет қалдырмаған. Мәселен: Өсек – аяңның жеркеніштілігі мен ішіп-жеудің әдебі сияқты. Міне Ислам, адамның рухани әрі тәндік жағын да езжей-тегжейлі қарастырған. Дене аспап болса, мүшелері шектері болып табылады. Іс-әрекеттер арқылы денеден күй, ән шығады. Ал әрбір ағза өз алдына шырқар болса, барлығынан мән кетеді. Сондықтан іс-қимылмен қозғалысқа аса маңыз аударылады.
Батыс мәдениетінің мақсаты, жақсы адамды өсіру[6]. Негіздері адамдық тәрбиеге сүйенетін көптеген қоғамдар осы көзқарасты қуаттайды. Бірақ әдістемелері бір-біріне ұқсамайды. Әр елдің өздеріне тән, ұнатқан нәрселеріне қарай әрекет етеді.
Ал Ислам болса мұндай тар қапастың ішінде қалмайды. Мақсатын тек қана жақсы адамзат тәрбиелеуге сүйемейді. Ол өте ауқымдылықты қамтиды. Соньдықтан да Ислам кемел адам тәрбиелеуді көздейді. Өйткені, ол өзінің қасиеттерін тану арқылы Раббысын таниды. Ол өзін бір ғана мемлекетпен шектемей, кез-келген аймақта нағыз адам болу жолын іздейді.
Дүние мен ақыретте адамды періштеден де жоғары дәрежеге көтеріп, қолына бақыт кілтін ұстататын білім мен әдеп[7]. Демек тәрбиенің мақсаты адамды дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болып табылады. «Білімнің мақсаты, ақыреттегі бақыт» болғандықтан тәрбиенің мақсаты да адамды мәңгілік бақытқа жеткізу.
Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүниенің ісімен айналысуын қалап, о дүниенің жемісіне бұл дүние арқылы жететіндігін баяндаған. Сондықтан да Ислам тәрбиесі екі дүниені де көздейді. Ислам дінінің мақсаты, адамзат баласын дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болғандықтан, Ислам тәрбиесінің мақсаты, осы мақсатқа жеткзу болып табылады.
Ислами тәрбие, адамдарды үнемі Аллаһпен бірге болуға шақырып, оның әмірлерін орындауда өте мұхтият болу керектігін айтады.
Атақты Ислам философы Мұхаммед Икбал: өміріміз бен тәрбиеміздің басты мақсаты Ислам болу керек. Біліміміз дінге сүйенбейтін болса, оның түкке де пайдасы жоқ. Мұсылманның міндеті, білімді Ислам негізінде қарастыруы керек. Сонда ғана білімнің жаны рухы кіреді деу арқылы Ислами түсінік екендігін көрсетіп отыр[8].
Құран осы мақсатты былайша түсіндіріп береді:
«Ол сондай Аллаһ, сауатсыздардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға: «Кітап, даналық үйрететін бір пайғамбар бір пайғамбар жіберді. Негізінде олар ашық адасуда еді» (Жұма сүресі 62/2).
Құран Пайғамбарлардың міндеттерін айта отырып, мына аятпен нығайта түседі: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін кітапты мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық»[9].
Сондықтан Пайғамбарлардың міндеті, адамдарды тәрбиелеу, оларды Аллаһтың әмірлерін орындап, тыйымдарынан тыйю, туралық пен әдептілікті үйрету еді.
Ислам білім мен тәрбиеге маңыз аударады. Білім мен нәпсі тәрбиесін ет пен тырнақтай ажырамас бүтін деп алады. Осылайша оларды Пайғамбар қызметін орындауға шақырады.
Ислами тәрбиенің жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтелік:
1) Білім алу: Ислам негізін үйрену әрбір мұсылманның басты міндеті. Аллаһ Тағала барлық пайғамбарларына ең алдымен осы негізді үйреткен. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға түскен алғашқы уахи осыны көрсетеді:
«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан, Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен»[10]. Осылайша мұсылман адамның ең алдымен ғылым арқылы көп нәрсеге көзін жеткізуі шарт. Өйткені, Пайғамбарымыздың да ғылым үйрену жайында айтқан көптеген хадистері бар. Мәселен:
«Білім үйрену әр бір мұсылман үшін міндет» деген. «Білім мұсылманның жоғалтқан малы қай жерден көрсе алады».
2) Білімді үйрету: Бірінші баспалдақ екінші баспалдаққа жетелейді. Ислами тәрбиеде үйренген білімін үйрету міндеті тұрады. Мұны Құранда былайша баяндайды:
«Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде, олардың саңсулары үшін ескертулері керек емес пе?» тағы бір аятта: «Сол уақытта Аллаһ Тағала кітап берілгендерден: «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар» деп, сенімін алған[11].
3) Әдептің құндылықтары, рухани әрі әдептіліктің құндылықтарына ерекше көңіл аударылады. Мұны сақтау ешқандай қиыншылықтарға бой алдырмай қорғау тиіс. Әдептің маңызын Хз. Пайғамбар былайша түсіндіреді:
«Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім». Тағы бір хадисте былай делінген: «Адамдар сендерге жақ-жақтан білім үйренуге келетін болады. Оларға әдептілікті үйретіңдер».
4) Барша істі Аллаһ разылығы үшін істеу: Білімді дүниеге бөлену үшін алмау керек. Білімді Аллаһ разылығы үшін үйреніп, әрі үйрету қажет.
5) Білімге деген құштарлықты арттыру: Адамдарды бөліп-жармай олардың білімге деген құштарлығын артыру керек. Сондықтан кітапхана, білім алу үшін қажетті құралдардың барлығын дайындау қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай дейді:
«Мұсылман білімге томайды, өмірінің соңына дейін білім алады».
6) Оқушының жағдайына қарай тәрбие беру: Исламның алғашқы кезеңдерінде, тәрбие баланың жас ерекшелігіне қарай берілді. Мұны Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисінен үйренеміз:
«Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер, жиіркендірмеңдер». Осы тұрғыда төртінші Халифа Хз. Әлидің тамаша сөзі бар:
«Адамдардың көңілдері үнемі бір нәрсе үйренуге құштар болып тұрады. Кейде тыңдағысы, кейде тыңдағысы келмейді. Олардың көңілдерінің жағдайына қарай, қарым-қатынас жасаңдар. Тыңдауға лайық болған кезде олармен сөйлесіңдер. Өйткені адамның көңілін бір нәрсеге зорлайтын болсаң көр болады. Сенің қалауыңды тәрк ететін дәрежеге жетеді»[12].
7) Жауапкершілігін үйрету: Әрбір оқушыны білген нәрсесін тәжірибе жүзінде атқтаруға үйрету керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) теориялық білімнің пайдасыз екендігін былайша түсіндіреді:
«Білімнің екі түрі бар: Біреуі телден көңілге кіреді, бұл пайдалы білім; Екіншісі тек қана тілде ғана қалады. Ақырет күні өзіне қарсы шығады»[13].
Ислам тәрбиесінің жүйесінде әрбір оқушыға өмірдегі
Достарыңызбен бөлісу: |