Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу


ІІ-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ



бет5/8
Дата06.07.2022
өлшемі130.57 Kb.
#459623
1   2   3   4   5   6   7   8
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

ІІ-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.

2.1Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі сынып жетекшінің рөлі


Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде сынып жетекшінің рөлі басым болуы керек. Сынып жетекші оқушыларды тәрбиелеу үшін өзі білімі ұшталған жетік маман болуы шарт және де оның оқушыларға деген қарым-қатынасы, өзінің өн бойында рухани- адамгершілік қасиеттерді жинай отырып, оқушыларды рухани –адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуі үшін жаңа технологиялар арқылы білімін дамтып отырғаны ләзім.
Сынып жетекшісінің рухани адамгершілікке тәрбиелеуде атқаратын қызыметі.

  1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық балаға барлық бағытта көмек тесу; оның рухани қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, тұлға аралық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен тәрбиенің басқа да мәселелерімен тығыз байланыс орната отырып рухани –адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.

2.ұйымдастырушылық- рухани адамгершілік процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап тілектерін қолдай отыра ынтымағы жарасқан саналы да рухани азықтармен қоректенген белсенді әрі іскер топ жұмысын қалыптастыру. Топтағы өзін-өзібасқаруды дамыту.

  1. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару- Диогностикалық мақсатқоюшылық, жоспарлау, жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру.

  2. Іске асыру.

  3. Қорытындылау, талдау.

Сынып жетекшінің рухани-адамгершілікке тәрбиелеуіндегі тәрбиелік іс-шаралардың түрлері.

  • Мұражайларға саяхат;

  • Дебаттар;

  • Интеллектуалдық танымдық ойындар.

  • Оқырмандар конференциялары.

  • Пікірталас.

  • Дөңгелек үстел.

  • Сауалнамалар.

  • Көрмелер.

Сынып жетекшінің жаңа технология әдістері арқылы рухани –адамгершілік апталығын өткізу жолдры.
Тәрбие сағатында оқушыларға жаңа технологияны саяхат –сабағын қолданып сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне, рухани жеке ерекшеліктеріне назар аудару. Мысалы:
Оқушыларды 3 топқа бөліп бір оқушыны кеңесші етіп қояды.

  • Балалар қазіргі уақытта, автобус, машина, поезбен саяхатқа шығатын болса, біздің ата-бабамыз арбаға ат жегіп, бір ауылдан екінші ауылға керуенмен саяхатққа шыққан. Бүгін біз ата-бабаларымыздың дәстүр салттарын жалғастыратын ұрпақ болғандықтан, білім керуенімен саяхатқа шығамыз. Біз бүгін саяхат сабағымызда: «Зеректер» елінде «имандылық-қастерлі қасиет», «Білімқұмарлар» елінде «Баталы ер-азбас» және «Атадан қалған асыл сөздер», «Зерделілер» елінде «біліміңді байқап көр» «Атамекен» елінде «Білімді мыңды жығар» аялдамаларына тоқталамыз,-деп технологиялық картаны тақтаға іледі.

І. «Зеректер» еліндегі «имндылық –қастерлі қасиет» аялдамасына тоқтаудағы мақсат өткен сабақты еске түсіру, адам бойындағы кісілік қасиеттермен танысу. Сабақты тексеруде кубизм әдісін байдалану.

  1. Суреттеңіз: кісілік дегеніміз не? және оның белгілерін айтып бер.

2.Салыстырыңыз: Кісілік қасиеттердің өзіне тән ерекшеліктерін салыстырып айтып бер.
3.Зерттеңіз: кісілік қасиеттердің кез-келген 2-3 түрін таңдап, өмірден сол туралы білгендеріңді ортаға сал.
4.Қолданыңыз: сыныптағы рухани-адамгершілікке жеңіл-желпі қарап жүрген оқушыларға кісілік қасиеттерді қалай қолданып тәрбиелер едіңіз?
5.Елестетіңіз: кісінің де кісісі бар дегендей, оның ұнамды, ұнамсыз, жағымды, жағымсыз түрлерін ойлағанда көзіңізге не елестейді?
6.Талқылқылаңыз: «Адам болар адамның кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» деген тәрбиелік сөзінің мағынасын жан-жақты түсіндір.
Осы аялдамадағы кубизм әдісі барысында оқушылар еркін пікірлесіп, бірін-бірі тыңдауға, бірінің қатесін түзетіп, ойын еркін жеткізуге, деңгейлері төмендеу оқушылардың өздері ізденіп, топқа өз үлестерін қосып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін қалыптастырып үйренеді.
ІІ. «Білімқұмарлар» еліндегі аялдамада «Имандылыққа тәрбиелеу» деген тақырыпта жаңа сабақ өту. Бірінші «Баталы ер-азбас» аялдамасына тоқталғандағы мақсат бата беруге, тілек білдіруге үйрету, оның түрлерін түсіндіру. Бұл тақырыпта төмендегідей сұрақ беріледі.
-Балалар ас қайырғанда дастарханға не беріледі? (Бата)
-Бата қала беріледі? (Қол жайып)
-Бата туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
(«Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді», «Көп тілеуі көл».)
Бата-қазақ арасындағы адамдардың жақсы тілегін білдіретін тәрбиелік мәні бар рәсім. Халықтың бата-тілек сөздері деткіншек ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі болып өсуге баулиды, малды-басты, дәулетті, бақытты, кешірімді болуын тілейді, елін –жерін қорғайтын ержүрек болуға талпынтады, жастарды мейірімді, инабатты, рухани-адамгершілігі жоғары адам болуға тәрбиелейді. Бата тілектің айтылу түрлері көп,. Жаңа отау болған жас жұбайларға, жас нәрестені қырқынан шығарғанда, бесікке салғанда, ат қойғанда берілген. Ер азамат алыс жолға, жауға аттанарда елдегі үлкен ақсақалдар бата-тілек беріп, туған жер топырағын орамалға түйіп, қалтасына салып беретін болған. Ол аман есен елге орал, топырақ туған жерден бұйырсын деген ырым тілек. Бата сөзі тек қазақ жұртында емес түрік-монғаол халықтарында да дәстүрге айналған.
Осы айтылған баталардың барлығы да ананың ақ батасы, атаның оң батасы болып табылатын батаның бірінші түрі. Оң бата алғыс. Екінші теріс бата-қарғыс. Теріс бата деп аталғаны болмаса қарғыстың қаттысы, жазаның ауыры. Оны берерде қолдың сыртын жайған. Бұл ел ішінде сирек кездесетін бата.
Бата сондай-ақ адам бойындағы жат мінездерді сынап, мінеу түрінде де беріледі.
Екінші «Атадан қалған асыл сөздер» аялдамасына тоқтаудағы мақсат тыйым сөз сөздердің мазмұнын, мағынасын түсіне білу.
Халқымызда әдет-ғұрып, салт-дәстүр, төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер өте көп.
А) ‡лкенді сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдептілікке, қайырымдылыққа, айналадағы нәрселерді қадірлеп, қастерлей білуге, обал-сауапты баулитын тиым сөздер.
Ә) Кейбір тыйым сөздер тәртіптілікке, сыпайылыққа, сақтыққа шақыра отырып жаман әдеттерден жирендіреді.
Б) Тазалыққа, ұқыптылыққа табиғатты қастерлей білуге байланысты тыйым сөздер.
Осы тыйым сөздердегі ақы-кеңестер бәрімізді мәдениеттілк пен инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейтін үлкен мектеп.
Оқулықпен жұмыс.
ІІІ. «Зерделілер » еліндегі «Біліміңді байқап көр» аялдамасына тоқтаудағы мақсат- жаңа білімді бекіту.

  • «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптың ұқсас ерекшеліктерін салыстырады.

  • «Алтын күшті ме, бата күшті ме?» (ой талқы)

І‡ «Зиялылар» еліндегі «Ашылмаған құпиялар» аялдамасында батамен тыйым сөздерді өмірмен байланыстырып, көрініспен көрсету.

  • Көшеде қарт әже ауыр жүгімен тұр. Мектептен келе жатқан Асқар оның жүгін көтерісіп, қайырымдылығы мен жақсылығын көрсетті. Асқардың осындай ізгі қызметі үшін әже қандай ризашылығын білдіріп, бата айтты деп ойлайсыздар?

  • Солдатқа ата-аналар алдында Азамат батасын алайын деп ауылдың ең үлкен қариясына барды. Азаматқа атасы қандай бата берді деп ойлайсыздар?

  • ¤здерің таңдаған тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін ашып беріңдер.

-Қонаққа сынық кесемен шай ұсынба.
-Дөрекі сөйлеме
-Екі қолыңды төбеңе қойып отырма.
-Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа.
-Нанды бір қолмен үзіп жеуге, нан қиқымын басуға болмайды.
-Күн батар уақытта ұйықтама.
Шәкәрім өлеңдері арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Шәкәрім өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіре оқи отырып негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру, Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілікке, ішккі рухани тазалыққа үйрету, оқушылардың қоғамға өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру үшін іздену зерттеу, сабағын сұрақ –жауап, пікірлесу, талқылау, зерттеу, шешімін іздеу, бір пікірге келу әдістерімен жүргізу.
Мұғалім: Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз – рухани-адамгершілік байлығымыз. Абай, Шәкәрім аталарымыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие. Ғасырлар бойы Абай тәлімі адамзатты адастырмай, алдына жарық салар шырағданы болды. Абай ізін жалғастырушы, адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары бүгінгі ұрпақтың бойтұмары болмақ. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.
Қазақ халқы қонақ жай бауырмал халық. Бар тәттісін қонағының алдына қойып, сусынын қандырып, астына атын мінгізіп жіберген. Айналаңды дос тұту, бауырыңа тарту адамгершіліктің жоғары түрі. Шәкәрім өлеңдерінде бұл қалай көрініс тапқан?
Оқушы. Бұл тұрғыда Шәкәрім атамыз: «Ойласаң, барша адамзат –туған бауыр» дейді. Ол өлеңдерінде қазағым, ұлтым, алашым деп өз жұртына бүйрегі бұрса, барша адамзатты бауыр тұтады. «Анадан алғаш туғанда» өлеңінде:
Еңбекке шыда, ебін тап та,
Сабырдың түбі сары алтын
¤зімшіл болма, көпті ардақта
Адамның бәрі -өз халқың.
Ынсап пен мейірім әділетті
Жаныңдай көріп жан сақта
Ол жолда өлсек неміз кетті
Мақсұтқа жетпей қалсақ та?-
Деп туған жұртына өнеге ұсынады.
Мұғалім: Ал адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не?
Оқушы: Ақын кірсіз ақыл, місіз сөз, адал еңбек анық бақ деп білді. Оның өзі де «Жолама қулар маңайға» өлеңінде:
Адамдық борыш ар үшін
Барша адамзат қамы үшін
Серт берген еңбек етем деп
Алдағы атар таң үшін,-
Деп өз өмірінің мәнісі еңбекте жатқанын айтады.
Мұғалім: Шәкәрім Шығармаларын оқығанда Абайдың терең ойлы, маржан сөздеріеріксіз еске түседі. Ол –заңдылық. Абай аталарыңның «Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласына бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі» деген афоризм боп қалыптасып кеткен. Осы өзгеге жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы Шәкәрім поэзиясында қалайша орын алады?
Оқушы: Бұл ой, әсіресе, «Насихат» өлеңінде айқын білінеді. Ол су, от, жел, сықылды ұғымдардың екі жағын екі түрлі қасиетін салыстырмалы түрде жырлайды да , соның айналаңа пайдасы болар жағын қала дегенді айтады. Жатқа:
Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп-сұйық
Бірақ ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.
От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз
Бірақ ондай мархабатсыз болма өртеп жандырып.
Жел сықылды желпі жұрттың шаршағанын, талғанын
Жықпа үйін, болма құйын, қылма жаман аманын.
Жер сықылды пайдалы бол, пайдалансын ел сенен
Тасты жердей болма қатты, тілме жұрттың табанын.
деп насихат айтады.
Мұғалім: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өз де есті болады» (Абай 19- қара сөз) дегендей, жарғыда айтылған Шәкәрім қағидаларын ескере келе, қандай шешімге келіп ой қорытасыңдар?
Оқушының қорытындысы: (Оқушы сызба-нұсқадағы жазуды оқып, өз пікірін қосып қорытады).
Оқушыларды клуб жұмыстары арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының интеллектуалдық ой өрісін дамытуда рухани тәрбие беру –бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қандай озық мәдениет болмасын, адамға оның төл мәдениетін алмастыра алмайды. Қазақ мәдениеті – бірегей, қайталанбас құбылыс. Оның уызына қанбаған, оның нәрін бойына сіңіре алмаған қазақтың баласы-рухани жарым жан. Олай болса, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыруда орасан зор рөл атқаратын ұлттық мұраларды сақтап қалудың бірден бір кепілі мектеп қабырғасында оларды оқушыларға жүйелі түрде меңгерту.
Мектепте -сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында салт-дәстүрлерді, төл өнерді жаңғырту арқылы оқушыларға имандылық-эстетикалық тәрбие берілуі керек. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», -дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Осыған байланысты мектеп ішілік клубтар істеуі керек. Бұл клубтар ауыл клубымен тығыз байланыста болғу шарт.
Клуб жұмысы педагогтар мен оның жұмысын ұйымдастырушылардан талмай ізденуді, тың серпінді күш-қайратты талап етеді. Екіншіден сынып жетекшілердің шығармашылық бастамасы мен халық педагогикасының асыл мұрасын клубтың мәдени-тәрбие жұмыстарына үнемі пайдалана білулері тиіс. «Өткеннің өнегесі –бүгіннің баға жетпес байлығы»- деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап айтқандай, халық дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу бізге міндет, кіші мектеп жасындағы ұл-қыздардың бойына «Ұлттық рухани қасиет» өзінің дініне, тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген көзқарасы ерекше болып, осы қасиеттерді сіңіре білу.
Мектептегі клуб жұмысының мақсаты: Оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені рухани ұлттық салт пен имандылыққа негіздеп, рухани адамгершілікке толы ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Аталмыш орталықтың міндеттері:
Ұлттық мәдени байлығымызды танып білуге тәрбиелеу, халқымыздың мәдени мұраларын игеру.

  • Жалпы адам қоғамы жинақтаған рухани- адамгершілік нораларын, қатынас мәдениетін, тәрбиелікті игеру.

  • Адал өмір сүруге, жақсы тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол рухани-адамгершілікті, қайырымдылық пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты дәріптейді. Ата-бабаларымыз баланы бесігінде жақсы әдетке баулыған. «Үлкенді сыйла, сәлем бер, жолын кеспе», «Өтірік айтпа» деген сөздерінің мәні ешқашан жойылмақ емес.
«Жігітке жеті өнерде аз», «Қызға қырық үйден тыйым», деп ұлдың да, қыздың да өнерлі, өнегелі жан болуына жол сілтеген.
Аталмыш клубтың рухани-адамгершілікке тәрбиелеу маңызы

  1. Дөңгелек стол: (мысалы: мынадай тақырыпта «Тәрбиелі-адам етер, тәрбиесіз надан етер»),

  2. Жарыстар: («имандылық жарасар ұл қызға»атты тақырыпта) өткізу.

  3. Әңгіме сағаттары: «Қызға қырық үйден тиым», «Қос бұрым-қыз көркі» т.б осы сияқты тақырыпта.

  4. Пікір алысу сағаттарын: «Қызым саған айтам»т.б

  5. Қыз сыны байқауы:

«Қиын » балаларды еңбек арқылы рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жолдары.
Қазіргі таңдағы болып жатқан әлеуметтік – экономикалық жағдайлар бала тәрбиесін басты назарда ұстаудың ең негізгі мәселе екендігін нақты көрсетіп отыр. Бүгінгі ұрпақ қандай болса, болашағымыз солар арқылы айқындалары анық. Олай болса саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру – ең басты бірінші қоғамымыздың жоспарлы міндеті.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту» — деп көрсетілген (1).
Сөйтіп бұл заңда тәрбие жұмысына жан – жақты жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген. Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жас өспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда.
Қиын балалардың саны өсуде, олардың теріс пиғылдары мен сана – сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ғана ойлауына, өмірлік бағыт – бағдардың дұрыс болмауына әкеліп соғуда.
Кейбір жас өспірімдердің рухани жағынан азуының нәтижесінде тек ішіп – жеуге, өзімшілдік қатынасқа мойынбұрып, өзіне және айналасындағы адамдарға немқұрайлықпен қарауға, арақ – шарап, темекі, анаша тарту және сұйық затты иіскеу, оны пайдалану сияқты т.б. қылмыстық істер жасауға дағдылануда.
Шын мәнінде адам баласының түпкі мақсаты – қайырымды қоғам орнатып, өзінің тіршілктегі бақытын табу. Сондықтан шамасы келсе, қайырымды іс жасаудан артық еш нәрсе жоқ екендігін де әркім біледі. Біле тұра, бірақ адам баласы қоғамдағы әртүрлі жағдайлардың әсерінен, тәлім – тәрбиенің жеткіліксіздігінен жалпы қайырымдылық атаулыға қарама – қарсы жаман мінез – құлықтарды, іс — әрекеттерді бойына сіңіреді.Сонан келіп біздің өмір тіршілігімізде «қиын» балалардың пайда болатынын білеміз.
Ғалымдардың ой – пікірлеріне жүгінетін болсақ, «қиын» деп аталатын балалар – педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Олардың жеке басының адамгершілік жағынан өзгеруі – педагогикалық қателіктердің салдары (2).
Адамгершілік – қоғамдық өмірдің обьективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым – қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым (3).
Ал адамгершілік тәрбиесі дегеніміз тәлім – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады (3).
Кезінде В.А.Сухомлинский: «Моральдық жағынан сұлу адамдар – бұлар ең алдымен бақытты адамдар» деген болатын (4). Яғни біздің бұдан ұғатынымыз рухани-адамгершілік тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу қажеттілігі. Ол үшін мектеп ұстаздары мен ата – аналар «қиын» балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «еңбек – бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры » демекші еңбекті негіз етіп қарастырғанымыз жөн.
Халқымыз «адамның бақыты – еңбекте» деп бекер айтпаған. Шындығында адам баласы өз қадір – құрметін адал еңбегінің нәтижесінде алады.
Жалпы тіршіліктің негізі – еңбек.Адамды ұлы көрсететін, оны бүкіл әлемге, елге танытатын да сол адал еңбегі.Олай болса ата – аналар балаларын кішкентайынан еңбекке баули отырып, өздері атқарған жұмысын ығыр болып кетпейтіндей түсінікті тілмен жайлап үйретіп отырса, бағыт берсе, әрбір бастаған ісін соңына дейін аяқтауға қалыптастырса, олар да соған бейімделеді. Өкінішке орай көптеген ата – аналар балаларын еңбекке баулудың орнына қабырғасы қатқан жоқ, жұмыс істейтін уақыты әлі алда деп қате шешім жасайды.
Ата бабамыз текке айтпаған: «Баланы жасынан бастап еңбекке баулу керек», — деп. Егер жас кезінен бастап еңбекке үйретпесе, өскенде еш нәрсеге икемі жоқ, жатып – ішер, нағыз жапқау болып шығатын жас ұрпақтын өсіп қалғанында білмей қаламыз.
Қазақтың ағартушы – педагог жазушысы С.Көбеев «Балаларға еңбекті зорлап, күшпен орындатқаннан ешқандай нәтиже шықпайтынын, оларға еңбектің пайдалы екендігіне көз жеткізіп, иландырып өнімді еңбекті дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету қажет» — дейді (4).
Сондай – ақ көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде еңбектің тәрбиелік мәніне тоқталған.Философ Жан Мари Гюйо: «Адам жұмыс істеген уақытта ғана толық адам болады» — десе, орыстың данышпан жазушысы Л.Н.Толстой: «Адамды ештеңе де еңбектей ізгілендіре алмайды» деген болатын. Яғни ол еңбек етпеуді қылмысқа санайды.
Ал кемеңгер Абай:
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық, —
деп, еңбек ету мен тілемсектікті арлылық пен арсыздық белгісіз ретінде алып қараса, атақты «Сегіз аяқ » атты өлеңінде:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық.
Аздырар адам баласын, —
деп еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап береді. Сондай – ақ Абай: «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» — деп өзінің ойын қорыта түседі.Демек «қиын» баланың жеке тұлға болып қалыптасуында еңбек шешуші роль атқарады.Еңбек арқылы «қиын» балалардың қоғамдық белсенділіктерін дамытып, әдеп – инабат дағдыларын қалыптастыруға тигізетін оңды әсерлері нығайтылады. Сонымен қатар еңбек барысында адамның өмір жолындағы қателіктері мен ағаттықтары, оның өткендегі тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер мен олқылықтар түзетіледі. Адам психологиясына тән бір нәрсе: адамдар өздері жақтырмайтын жағдаяттарға тап болуы неғұрлым ұзаққа созылған сайын, соғұрлым арқа-бастары кеңіп, сол жағымды сезімнің әсерінен қазіргі күйінің қадір-қасиетін бағалауды ұмытады. Мұның мысалын осы күнгі жастар арасынан жиі кездестіруге болады. Олар қазіргі өздеріне қолайлы – жайлы тұрмыстың қалай жасалғанын елестете алмайды және оған талпынбайды да. Ол үшін күресу керек екені де ойларына кіріп шықпайды.Бүгінгі жастардың көпшілігі жанын қинамай, қамсыз өмір сүріп, ырду-дырдумен уақыт өткізуді мұрат санайды, бірақ олар қатты қателеседі, өйткені еңбексіз келген ондай «бақыт» баянды болмайды, ол көп ұзамай опық жегізеді. Ең жаманы Абай айтқандай, адамды аздырады. Бұл тұрғыдан алғанда, еңбек адамның жан дүниесін жанғыртып, күш қайратын жігерлендіріп, ой-қиялына қанат бітіретін бірден-бір құдіретті күш екенін көреміз. Яғни өзінің практикалық сипаты мен мәні жөнінен еңбек адамдардың жарыс құралы, бір-бірінен кейін қалмаудың ғана емес, бір-бірінен озып алға шығу мүмкіндігі жүзеге асырылатын майдан іспеттес. Біздің қазіргі жағдайымызда еңбек әркімнің өзіне және қоғамға қызмет етудің формасы, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынас түрі әрі адамның азамат ретінде өз орнын табу тәсілі ролін атқарады.Осы тұста мынадай әңгімені айтқан жөн.Баяғыда бір білімді де көргенді адам болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен. Сол бала ер жетіп, ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда әкесі оған еңбек етіп, ақша табуды тапсырыпты.Ал анасы жалғыз ұлын аяп, әлі бұғанасы қатпаған жас деп, баласының жұмыс істеп табатын ақшасын үйдегі ақшадан алып беріпті. Бала әлгі ақшаны кещқұрым «бүгінгі табысым» деп әкесіне бергенде, әкесі оны алған бойда отқа лақтырып жіберіпті. Бала оған қыңқ етпепті.Екінші және үшінші күндерде де тап солай болыпты. Төртінші күні әкесі ақшаны тағы отқа тастағанда: «Ойбай, көке ақшаны өзім тауып едім ғой!» — деген екен, дейді. Демек адал еңбекпен жеткен жетістік қуанышты да, тапқан табыс өте қадірлі.Сонымен қатар баланы тәрбиелейді, тәртіпке түсіреді.Бұдан шығатын қорытынды: бала тек қана еңбек арқылы қалыптасып кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге жалынышты тәуелді емес, өзінің бақыты мен қуанышы, атақ-абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты, қарыздар емес жеке тұлғаға сонысымен қоғамға пайдалы, айналасына сыйлы, қайырымды, шапағат иесіне, шын мәніндегі адамгершілігі мол инабатты кісіге айналады.Әрине, кейде «еңбегің еш, тұзың сор болатын» реттер де кездесіп жатады. Оның өз себептері, заңдылықтары бар. Бірақ еңбексіз нағыз адам, шынайы инабатты, бақытты адам болуы мүмкін емес. Даналар айтқандай, еңбексіз еш нәрсе жасалмайды. Сондықтан да отбасындағы әрбір ата-ана мен мектептегі ұстаз баланың жүрегінен жол таба отырып, өздерінің баланың өміріне тікелей жауапты екендігін сезіне отырып ерінбей, жалықпай қажырлы жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін балаға «жалқаудың жаны – тәтті, еңбектің – наны тәтті» екендігін ұғындыра отырып еңбекқор болып өсуіне мән беруі қажет.
Кезінде Т.Тәжібаев: «Еңбек – баланың адамгершілік белгілерін дамытумен бірге, оны жалқаулық, бұзақылық,не болса соған ұрыну сияқты қылықтардан аулақ сақтайды» — деп еңбектің алатын орнына тереңінен мән берген болатын (4).
Т.Тәжібаев тағы бір сөзінде: «Еңбексіз бос жүру адамды моралъдық жағынан құлдыраушылыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады, табиғи талантын мұқалтады» — дей отыра «Еңбек – адам мінезіндегі өзімшіл сыйпаттарды жоюға көмектеседі» — деген (4).
Яғни еңбек арқылы қиын балалардың бойындағы өзімшілдік, менмендік тағы басқа қасиеттерді жоюға болатындығын түсіне отырып іске асыруымыз керек. Сөзімізді қорыта айтар болсақ «қиын» балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше екендігін түсіне отырып, мектеп ұстаздары мен ата-аналар бірлесе, көптеген даналарымыздың еңбектерін пайдалана отырып, жүйелі түрде тәрбиелік жұмыстар атқаруы тиіс.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алу қажет:
а) тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекешеліктерін есепке алу;
ә) олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық, педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу;
б) мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген жұмыс өнегесін озат мектептердің іс — тәжірибесінен көруге болады.
Біріншіден, педагогикалық ұжым және ата – аналар комитеті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін шаралар белгілейді.
Екіншіден, мектептерде тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады. Сынып жетекшілері күнделік жүргізіп, онда оқу жылының бойында жүргізілген жұмыстарды жазып отырды. Бұл күнделіктер сыныптан сыныпқа беріліп,ондағы мәліметтермен, яғни жүргізілген жұмыстың мазмұны және әдістерімен келесі сынып жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының мақсатын, бағытын анықтайды.
Үшіншіден, тәрбие қиын жеткіншек жастағы балаларды әр – түрлі жұмыстарға – жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге, өздігімен іс — әрекетіне, бастауыш сынып балаларын шефке алуға т.б. белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық – психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.
Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселесін зерттеген белгілі қазақстандық ғалым А.Керімов мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым – қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді шартты түрде үш топқа бөледі:

  1. Моральдық және заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын – ала айқындай алмауы. Кейбір мұғалімдердің оқушының дара ерікшеліктеріне, адамгершілік тәрбие нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармауы.

  2. Қиын оқушылармен тіл табыса алмауы, яғни жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмауы салдарынан педагогтік этикаға жатпайтын тәсілдерді қолдануы, ұрысу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай бір жөнсіз әрекеттер болсын, оны сол балаға жабу, кемсіту, т.б. осылайша дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімнің ыза – кегін оятып, қарсылығын туғызады.

  3. Кейбір педагогтардың кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік шеберліктерінің жетіспеуі.[1]

«Баланы жан – жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан – жақты білу керек» дейді белгілі педагог К. Ушинский. Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу – тәрбие үрдісін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалім, тәрбиеші, мектеп директоры, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен бүкіл мектеп ұжымы негізгі ұстанымдарды нақты қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы тиіс.
Қоғамды алаңдатып отырған көкейтесті мәселенің бірі – тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер:
Біріншіден, анамалды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы, үшіншіден, ата – аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін — өзі түзетуге қабілетсіздігі. Сынып жетекшілері тәрбиесі қиын баламен жүргізілетін жұмыстарды мына мәселелерден бастағаны абзал:
— тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;
— олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық – педагогикалық және медициналық мәселелерін жете білу;
— мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру;
— психолог мамандармен жиі әңгіме ұйымдастыруды дағдыға айналдыру.
Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін ең ауыр азапқа айналады. Мектеп өзінің қызғылықты мазмұнды өмірімен ғана оқушыларды өзіне тарта алады. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз – оның жүрегі. Мұғалім жас ұрпақтың жан – жақты терең білім алуымен қатар саналы да тәрбиелі, саяси – экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін жүйелі еңбек етеді.
Сол себепті барлық ұстаз, ең алдымен, шәкіртінің жан-жақты тәлім тәрбие алуына, олардың ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауына жағыдай жасауы тиіс. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі себеп сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік бірлігі, ата-аналардың аналық көзқарастары және осы ұстанымдарға негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақтың нәтижелі жұмысы қажет.
Тәрбиелеуге қиын оқушылар мен педагоктың оқудағы қарым-қатынасын, оқушылардың қараусыз қалушылығын педагогикалық ролдің субьектпен байланысын көрсетуінде функцияналдық байланыс бар. Мектеп қабырғасындағы эпизодтық төбелес, ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал, т.б. барлығы мектеп өміріндегі бұзақылық қалып. Бұзақылық сипат оқушылардың қараусыз қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді.
Тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыту арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса, іс нәтижелі болады. Осы орайда «егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі» деген А. Макаренконың пікірін қайта қарауға тура келеді. Ал Абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін жігегмен бастауға дем береді. Ол жеке баланың қалыптасып дамуы туралы былай тұжырымдайды: «Баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет