Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу


Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және діни тұрғыда қарастрылуы



бет3/8
Дата06.07.2022
өлшемі130.57 Kb.
#459623
1   2   3   4   5   6   7   8
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және діни тұрғыда қарастрылуы.
Қазақтың «Баланы жастан» деген мақалында терең тәлім-тәрбиелік мағына жатыр. Ол баланың бойында жастайынан жақсы әдет қалыптастыру, қабілеттері мен мүмкіндіктерін жастайынан дамыту, мінез-құлқын жастайынан қалыптастыру сияқты көптеген тәрбие түрлерінен құралады. Халық бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп, көп көңіл бөлген. Сондықтан да: «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»,-дейді.
«Ешқандай да әке баласына сыйлық жасай алмайды. Әкенің бұл өмірде баласына сыйлайтын сыйлықтарының ішіндегі ең қымбатты және ең баға жетпес асылы-көркем әдепті тәрбие» делінген Мұхаммед Пайғамбар хадисінде. Ата-аналар жауапкершіліктің адамы дейтініміз содан.
Ал, ұлы ақын Абай көзқарасындағы алтын діңгек- адам тәрбиесі. Жас ұрпаққа айтары аз болмаған кемеңгердің шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуде теңдесі жоқ туындылар. Жүсіп Баласағұн: «Егер балаларың туса, өз үйнде тәрбиелеп өсір, шетке жіберме-дейді. Ал, халықта «балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан екшелеп сыналып еленіп електен өтіп, бүгінгі күнге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тиымдарды адамгершілік тәрбиесінде пайдалану үшін өткен тарихи дәуірлердегі халық педагогикасына сүйенген дұрыс.
Халық педагогикасы дегеніміз-тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы.
Тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. «Адамгершілік кім де болса, соны ер деп есепте»- деген А. Жүгінеки. Қ.А. Яссауи хикметтерінде де адамгершілікке тәрбиелеу көптен жырланады.Сонымен қатар халық тәрбиенің үлгілерін әр халықтың бай тәжірибесіне негізделген ауыз әдебиетінде қарастыру керек екеніне көңіл бөлді. М.Әуезов: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындығы отаншылдық сезімді халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет-ғұрпын, халықтың коллективтік тәрбиесінің жемісін көреміз», -деп ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін ашып берген. Сонымен қатар «мені тәрбиелеп өсірген үш анам болды. Оның біріншісі- қазақ халқының ауыз әдебиеті»,-деп жазады.
«Ана – балаға жастық, ал әке-көрпе». Бұл ұрпақтың тәрбиесіндегі бар ауыртпалық ата-ананың ғұмыр бойы мойнында деген сөз. ұсынған тәрбиенің дұрыс-бұрыстығын үздіксіз тексеріп отыру да үлкендер парызы.
Тәрбие-жалпыға ортақ қасиет. Адамзат баласының ортаға қалыптасуына, өзін-өзі реттеуіне рухани жан дүниесінің өсуіне тікелей ықпал ететін, кең мағынада қолданылатын рухани байытушы және жаңартушы. Сондықтан да атақты грек философы Аристотель мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасының тәрбиесімен сабақтасып көрсеткен болатын баланың ата-анасы алдында ешбір міндетсіз, еркін, толыққанды болып өсуі тәрбиенің дұрыс берілуімен тығыз байланысты. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық адамгершілік ізгілік мәселелерін қатар қоя отырып сана –сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал ету, шығармашылық қабылетін ашу, өзін-өзі тануына, өзіндік «менін» оятуға бағдар беру, адам болып қалыптасуына жол ашу, жақсы мен жаманды айыра білуге төселдіру, талап талғамы терең, салауатты өмір-салтын дұрыс қалыптастырған тұлға ретінде қарап, жаман әдетпен теріс қылықтардан тазартып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай саналы, серегек етіп тәрбелеу тәрбие орындарының бірден-бір парызы. ¤йткені, «ес түзелмей, ел түзелмейді» деген қағиданың астарында терең сырдың жатқаны баршаға аян. Олай болса тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен айналасу көпшіліктің бәріне ортақ тікелей міндеті дер едім.
Адамгершілік тәрбиесі- тәлім –тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастыруды, этикалық, біліктілікті, адамгершілікті сезімді дамытудың сара жолы.
В.В. Макаев адамгершілік тәрбиесінің мынадай, бөліктерін қарастырады.

  1. Адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;

  2. Адамгершілік сезімді дамыту;

  3. Адамгершілік сенімді дамыту;

  4. Адамгершілік мінез-құлық дағдылармен әдеттерді қалыптастыру;

  5. ¤зін-өзі адамгершілігін реттеу мен тәрбиелеу;

  6. Жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.

Адамгершілікке тәрбиелеудің нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне, руханилығы мен іс-әрекеттерді мына, төмендегідей шарттарды орындауына байланысты:

  1. Оқушының жас ерекшелігін , қызығушылығын ескеру.

  2. Іс-әрекеттің өзіне және қоғамға пайдалы болуын ескеру, ынтымақтастыққа мән беру;

  3. Белгілі нәтижеге жету. ұжымдағы белгіленген тәртіп ережелерін орындау мен көңіл күйіне байланысты екенін ескеру;

  4. Оқушылардың бір-біріне деген қамқорлық жасауы;

Е.С. Богданова, Н.А. Камровтар оқушылардың адамгершілік деңгейін адамгершілік сезім, сана, мінез-құлық деңгейінде қарастырады.

  1. Адамгершілік тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерінің барлығына енгізілуі керек. Сонымен қатар сезімдік-эмоциональдық және рухани- интеллектуальдық жағын қамтыған жөн;

  2. Адамгершілік тәрбиеде- адамгершілік мінез-құлық, сезімдер мен түсініктерді тәрбиелеу;

  3. Адамгершілік тәрбиенің түп қазығы балалардың бір-біріне қарым-қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру;

  4. Тәрбие баланың адамгершілік мінез-құлық нормаларына сәйкес балалар ұжымында өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие бола алатындай дәрежеде құрылу керек.

  5. Жеке тұлғаның адамгершілік дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Тәрбие оқушылардың өз мінез-құлқының адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.

Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны , тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.
Педагог адамгершілік тәрбиесінде мынадай жолдарды ескереді.

  1. Балалар мінез құлқының шеңберін белгілеу;

  2. Баланы анықтап біле отырып, бағыттау.

  3. Баланың шындыққа деген сенімін туғызу;

  4. Баланы тыңдау, мақұлдау.

  5. Балаға өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды түзету.

  6. ¤тірік – жалғандықты пайымдау, үйрету;

  7. Діни тұрғыдан адамгершілік міндеттерді борыштылығы туралы сенімін туғызу.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік сезімін қалыптастырудың маңызы зор. Сезіміне әсер ете отырып ішкі жан дүниесін ояту. Оларға адамгершілік қағидаттарының мазмұны мен мәнін түсіндіру қажет.
Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер мен надандық
қасиеттер.
1 Адамгершілік қасиеттер. 2. Надандық қасиеттер.
1) Әділетті болу 1) Алдау
2) Кешірімшіл болу 2) Өсек тасу
3) Жомарттық 3) Жала жабу

  • Еңбекқорлық 4) Мазақтау

  • Кеңпейілділік 5) Міндетсіну

  • Шыншылдық 6) Ғайбат айту

  • Уәдеде тұру 7) Ысырап

  • Мейірімді болу 8) Сараңдық

  • Нәпсіге ие болу. 9) Тәкәппарлық

  • Сабырлылық. 10) Екіжүзділік

  • Ықыласты болу. 11) Лақап ат тағу

12) Қайырымды болу 12) Көре алмаушылық
13) Жұмсақ мінезді болу 13) Хақсыздық ету
14) Ар-намысты болу 14) Пара алу т.б.
Осы мінез–құлықтардың кейбіріне тоқталып өтер болсақ мынадай:
-Кешірімшіл болу : Бұл қасиет адамның жылы шырайлы әрекетін , беделін , абыройын өсіреді. Кешірімшіл болған адамға біреу қастандық , зұлымдық жасаса ешқашан өш алмайды. Демек қолымыздан келгенше айналамыздағы адамдарды кешіре білуіміз қажет. Дана қазақ атамыз : «Тас пен ұрғанды ас пен ұр»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда кешіре білу адам бойындағы таптырмас қасиеттердің бірі.
-Жомарттық : Жомарт болу адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Жарлыға , жәрдемге мұқтаж кісілерге ешқандай пайда күтпестен қолдан келгенше көмек беруді нағыз жомарттық деп айта аламыз. Жомарт болған кісі қоғамда беделі үстем болып , әркім оны құрметтейтін болады. Мұндай кісінің екі дүние бақытына жетуі күмәнсіз.
-Кеңпейілділік : Кеңпейіл болу жомарттықтан да ұлы қасиет болып табылады. Кеңпейілділіктің белгісі – адам өзіне керек болып тұрған немесе өзі мұқтаж бола тұра өзін емес өзгенің қамын ойлап , жарлы немесе қандайда бір көмекке мұқтаж кісі келгенде ішіп отырған асын жерге қойып , қашан оның қажеттілігін қамтамасыз етпейінше көңілі орнықпайтын жандар қатарын ұсынуымызға болады. -Бауырмашылдық : Жер бетіне жіберілген ең соңғы дін – ИСЛАМ, әлемдік деңгейдегі бауырластыққа шақырады. Біз айтқалы жатқан бауырластық нәсіл , ру , ұлт , әулет туыстығы емес, иман туыстығы. Дініміздің жария еткен бұл бауырластық ережесін Мадиналық Ансарлар мен Меккелік Мұхажирлер арасында Пайғамбарымыз ( с.а.у.) жүзеге асырған-тын. Сонымен қатар қазіргі таңда осы сияқты сипатқа ие болған адамның қоғамдағы алатын орны зор.
-Қонақжайлылық : Бір кісі үиіне келген қонағын жылы шыраймен , күлімсіреген жүзбен күтіп алып , оның затын өз затындай етіп сақтауы қонақжайлылықтың ең үлкен нышаны. Бұл қасиет әрі дініміз үшін , әрі дәстүріміз үшін ең маңызды қасиет. Қазақта : «Қонақ асыңа емес , қабақ- қасыңа риза» дегендей , қонақты қолдан келгенше бар жағдайын жасап , риза етіп жіберу қанымызға сіңген қасиеттердің бірі болып табылады.
-Ықыласты болу : Ықылас , адам жүрегінің рухани байлығынан туындпйтын іс-әрекет болып саналады. Бұл әрекет адамның істеген ісінің қабыл болуына , ниетінің түзу , сенімінің берік екендігіне айғақ болатын амал. Негізінен ықылас жүрек тазалығынан туындайды. Бұған мысал ретінде: Ы.Алтынсарин
«… оқығанды балалар,
ықыласпен тоқылық»
деген өлең — шумағында қандайда бір оқушы немесе талапкерге зейінді, ізденімпаз болуға шақырады.
Ал , енді «адам бойындағы жаман қасиеттерге тоқталып өтсек :
-Мазақтау мен лақап ат тағу : Бір кісіні мазақтап , соның нәтижесінде көңіл көтеру – ең жаман қасиет.Біреуді мазақтап , күліп , бұл ісін мақтаныш етушілер көбінесе сауатсыз , надан , мәдениетсіз адамдар болады.Тек сөзбен мазақтау емес,бір жерге жазып,іс-әрекетін салып,келеке ету де осы түрдегі жаман қасиеттерден саналады.
-Міндетсіну : Ислам дінінің тыйым салған жаман қасиеттің біреуі – жасаған жақсылығын міндетсіну. Жақсылықты міндетсіну , жасаған амалдың сауабын жойып , керісінше « күнә табу » деген сөз. Жасаған жақсылықты міндетсіну , ондай істің жасалғанынан жасалмағаны әлде қайда артық болары хақ.Мұсылман кісі нәпсісіне құл болмай , керісінше өз нәпсін құл ете алса , нендей бақыт ! Нендей қуаныш еді !
-Өсек тасу : Қоғам тыныштығын бұзатын жаман , жат мінездің бірі өсек тасу. Өсек тасуда ер кісі мен әйел кісі арасында ешқандай айырма жоқ. Өсек тасушы пенде екі кісінің немесе топтыңбір – біріне қапа болуымен , өштесуіне себеп болатындығын алғашқыда аңғармай қалып , кейіннен айтқан сөзінің есірі тиген соң барып өкінуі мүмкін. Мұны дініміз ИСЛАМ да қабылдамайды. Өйткені мұндай әдеп теріс келумен қатар қабір азабына әкеліп соғады.
-Араздасу : Мұсылман кісіболмайтын нәрсе үшін дін бауырына үш күннен артық араз болмауы тиіс. Адам болған соң әр түрлі жағдайлар болып жатады. Қазақта « Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады » — дегендей араздасып , көрген кезде сәлем бермей , сөйлемей өте шығу күнделікті өмірімізде кездестіріп жатқан жайттардың бірі. Мұндай жағдайда екеуінің қайсысы бірінші болып кешірім сұраса сол кайырымды іс істеген болып саналады.Сонымен қатар айтарлықтай дәрежеге ие болады.
Әрбір кісі бүкіл өмірін адамдармен бірге өткізеді. Әлемда жалғыз бас үшін өмір сүрген адам жоқ. Осылай бірге өмір сүру тәртібі табиғат заңдылығы. Сондықтан , адамдар бірге өмір сүретіндіктен өз араларында әлеуметтік қатынас құруы тиіс. Ахлақ осындай қатынастарды ретке келтіреді.
Айналамыздағы адамдарға назар салатын болсақ әркімнің мінезі әр түрлі екендігін байқаймыз. Кейбір адамдар туа біткеннен жақсы мінезді болса , ал кейбіреулер жаман кейіпте көбінесе зұлымдық жасап , жамандық істеумен болады. Осы аталмыш екі кейіптегі адамдардан басқа да мынандай үшінші топтағы адамдарды кездестіреміз. Бұлар — жазадан қорқып, бақылаудың күшімен жүргендер. Мұндай адамдар көзден таса болысымен өзгелерге зұлымдық, қастандық етуден таянбайтын болады.
Адам баласы жаратылыс бойынша менменшіл (егоист) келеді. Жеке басының қамы үшін өзгелердің ақысын жеуден тайынбайды. Сондықтан әлеуметтік өмірдің бір қалыпты өтуі үшін деке тұлғалардың шексіз қалауларын тежейтін, менменшілдікті белгілі бір деңгейде ұстайтын рухани құндылыққа өте мұқтаж. Міне осы рухани құндылықтар дін мен ахлақи қағидалардан тұрады. Бұл қағидалар адамға үйретілгеннен кейін , оның жамандық істеуіне кедергі болады.
Адамдардың бірге өмір сүруі белгілі бір қоғамды құрайтындығы рас. Делік осы қоғамда бір адамның бойында әдептілік нышаны болса , ол толығымен қоғамға ықпалын тигізеді. Ахлақ ілімінің мақсаты – жеке тұлғамен қатар қоғамды қуанышқа кенелту болғандықтан , жеке кісілердің әдепті, парасатты болуы қоғамның әдептілігін білдіреді. ИСЛАМ дінінің ахлақи негіздері мен заңдылықтары қоғамды қарастыратын ерекшеліктерге толы. Мысалы, жетім – жесірлерге, жарлыларға көмек көрсету , басқаларға зұлымдық жасамау секілді әмір мен тыйымдар адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартып, ретке келтіреді. Әдептілік пен имандылықты меңгерген қоғамдардан ахлақтың төмендегідей әсер алғандығын байқауға болады:

  1. Иманды қоғамдарда бірлік, ынтымақ болады. Өз араларында мейірімді, бір-біріне жанашыр болса, ондай жандардан тәртіпсіздік пен дұшпандықты кездестіре алмайсың.

  2. Әркім өзіне тиісті міндетін біліп, халық еңбекқор болып, ырысын да ысырап етпейді. Бір-біріне көмектесіп, қоғамның күшті, мықты , бақытты болуына себепші болады.

  3. Жанұядан басталған әдептілік тәрбиесі қоғам ішінде орныққаннан кейін сүйіспеншілік пен құрмет орнығады да адамдар заң мен ережелерге бағынуды міндет деп есептейді. Әрине мұндай қоғамда тәртіп орнары анық.

  4. Мұндай қоғамда хақсыздық етілмей, әділетсіздікке бұғау салады. Сөйтіп, жеке тұлға сияқты қоғам да толығымен діндар болып шығады. Нәтижеде қоғамда тыныштық орнап, әрбір қоғам мүшесі өзіне тән жауапкершілік сезімін мойнына алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет