Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері. А мес қарын



бет2/7
Дата17.05.2023
өлшемі123.5 Kb.
#473800
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-41374

Қатпаршақ - қой мен ешкіде нашар, ал ірі қарада жақсы дамыған. Оның сыйымдылығы сиырда 7-18 л, қойда – 0,3-0,9 л. Қатпаршақтың іш жағында оның ұзына бойына созыла орналасқан ірілі-кішілі жапырақшалар болады. Олар ірі, орташа, майда, өте майда жапырақшалар болып бөлініп, белгілі ретпен орналасады. Екі үлкен жапырақшалар арасында бір орташа, ал үлкен және орташа жапырақшалар арасында екі майда жапырақша жатады. Ал майда жапырақшалар арасында өте кішкентай төрт жапырақшалар орналысады. Аталған жапырақшалар жиынтығы қуыс сайлар құрайды. Қой қатпаршағында осындай 8-10 қуыс сай болады. Қатпаршақ қосымша екшеуіш сүзгі қызметін атқарады. Мес қарын мен жұмыршақтан түскен жынның қатты түйіршіктері осы жапырақшалар арасында қалады да, олар одан әрі ұнтақталады, ал ұлтабарға жынның біртекті сұйық бөлігі ғана өтеді. Қатпаршақ босаңсыған кезде мес қарын мен жұмыршақтан жын сорылады да, ол жиырылған кезде жынның сұйық бөлігі ұлтабарға айдалады. Демек, оған сораптық қызмет те тән.
Қатпаршақтың кілегей қабығының беткейі өте үлкен, сондықтан онда сору процесі қарқынды жүреді: жын құрамындағы судың 60-70 пайызы қатпаршақта сорылады. Көмірсулардың ыдырау өнімдері- ҰМҚ-ның да көп мөлшері осы қатпаршақта сіңеді.

Ұлтабар- қарынның безді бөлігі. Ол кеңейген дене тұлғадан және сопақша созылыңқы жіңішкерген бөліктен тұрады. Ұлтабардың алдынғы бөлігі қатпаршақпен, арт жағы сүйірлене келіп, ащы ішекпен жалғасады Оның кілегейлі қабығы целиндрлі эпителиймен астарланып, ағзаның ұзына бойына созылып жататын 11-16 қыртыстар түзеді. Ұлтабар бездері күйіс қайырмайтын малдың қарнындағы бездерге ұқсас. Ұлтабарда сөл бөлу процесі толассыз жүреді, осыған байланысты ұлтабар бездерін құрайтын торшалар өте тез жаңарып отырада. Ұлтабардың сыйымдылығы қойда 1, 7-3,3 л, сыйырда 8-20 л.




Қарын микроорганизмдері және олардың маңызы.
Ас қорыту органдарының құрылымдық ерекшеліктері мен онда жүретін күрделі биохимиялық процестер күйіс малымен негізінен клетчаткадан тұратын өсімдік тектес азықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сүт қоректілердің ас қорытатын сөлдерінің құрамында клечатканы ыдырататын ферменттер болмайды. Ал мес қарында ол селбес микроорганизмдердің әрекетімен қорытылады.
Мес қарында микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы жағдайлар орын алады. Мес қарын жынының құрамында оттегі болмайды (анаэробиоз), орта әлсіз қышқылдық, бірақ тұрақты деңгейде қалыптастырады (рН-6,0-7,6). Жын құрамында көмір қышқыл газы, метан, азотты сутегі, күкіртті сутегі сиақты газдар жинақталып, қан қуысынды жылылық 39 С градус шамасында сақталады. Шықшыт безі сілекеиінің толассыз бөлінуі қарын микроорганизмдер тіршілігіне қажетті жоғарғы ылғалдықты туғызады.
Қарындағы микроорганизмдер төл туған соң бірінші күндерде-ақ пайда болады да, олардың қоректену сипатына және жасына қарай саны мен түрі жағынан күрделене түседі. Төлдің енесімен бірге өсуі, азық жеуге ерте үйренуі қарында микроорганизмдердің пайда болуын көбеюін жетілдіреді.
Мес қарындағы микроорганизмдердің жалпы санымен түлік құрамы әртүрлі факторларға, әсіресе мал азықтандыру жағдайларына байланысты. Әдетте қарын жынының бір грамында 1010 шамасында бактерия кездеседі. Қарындағы микроорганизмдер алуан түрлі болғанымен, оның бір-бірімен тығыз байланыста және белгілі бір арақатынаста өсіп-өнеді. Микроорганизмдердің бір түрі өсіп дамыса, екінші түрі азайып, өліп, ыдырап отырады. Сондықтан мес қарында тірі микроорганизмдермен қатар өлі микроорганизмдер денесінде кездеседі.
Күйіс қайтаратын мал қарнында микроорганизмдердің үш түрі кездеседі: 1) инфузориалар немесе қарапайымдар. 2) бактериялар. 3) уақ саңырауқұлақтар.
Мал қарнында мекендейін инфузориялар нәжіс құрамында немесе жайылымда кездеспейді, олар төлге сақа малдан жұғады. Бұл қарапайымдар не тікелей бөліну, не канъюгация (қосылу) арқылы көбейді. Олар күніне 4-5 ұрпақ береді. Қарын жынының
1 мл –де инфузориялар саны 1 милядқа жетеді. Егер қарында қорек тапшы болса, инфузориялар паразитке айналады.
Жаңа туған төл қарнында инфузориялар кездеспейді. Олар тек ірі азық жей бастағаннан кейін пайда болады (Н.О. Базанова, А.В. Прокудин, Т. Несіпбаев). Қозы қарнында инфузориялар туғаннан соң 17-73, ал бұзауларда 19-65 күннен кейін байқалады. Күйісті мал қарнын мекендейтін инфузориялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ірі қара қарнында олардың 60 түрі, қойларда 30, бұғы мен ешкіде 20 түрі кездеседі. Солардың ішінде кірпікшелі инфузориялар маңызды орын алады. Олардың саны малды пішен және тамыр- түйнекті өсімдіктерден тұратын рационда ұстағанда көбейеді.
Қарындағы бактериялар да көптеген түрлер мен топтарға бөлінеді. Қарын жынының 1мл 1010-1011 шамасында бактериялар болады. Олардың арасында көп тараған түрлері таяқша және домалақ (кокка)бактериялар. Бұл бактериялар азық құрамындағы органикалық заттарды ыдырататын ферменттер бөледі.
Бактерияларды түзілетін ыдырау өнімдерінің сипатына қарай мынадай функциялық топтарға бөледі:
1. белоктар мен белокқа жатпайтын азотты заттарды ыдырататын;
2. клечатканы ашытатын;
3. крахмал мен олигосахаридтерді қорытатын;
4. сүт және янтарь қышқылын ашытатын;
5. липидтерді (майларды) ыдырататын және т.б.
Мес қарында анаэробты уақ саңырауқұлақтар-ашытқылар, зең саңырауқұлақтары және сәулелі ұсақ саңырауқұлақтар (актиномицеттер) де кездеседі. Олар азық талшықтарына жабысып тіршілік етеді. Уақ саңырауқұлақтар клетчатканы ерітіп, қантты ашытады,гликогенді, амин қышқылдарын, В тобындағы дәрмендәрілерді синтездейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет