Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері. А мес қарын


Көмірсулардың қарында қорытылуы



бет3/7
Дата17.05.2023
өлшемі123.5 Kb.
#473800
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-41374

Көмірсулардың қарында қорытылуы.
Азық құрамындағы органикалық заттардың негізгі бөлігі (80 пайызы) көмірсулардан- клетчатка, крахмал, әртүрлі қанттардан тұрады. Балғын азықтарда 40 пайыз, жемде 75 пайыз, ал ірі азықтарда 80 пайызға дейін көмірсулар болады. Қарындағы көмірсулардың қорытылуы негізінде микробиологиялық ашу процесі жатады. Дегенмен, көмірсулардың әр түрін қорыту ерекшеліктері болады (схема).


Күйісті мал мес қарындағы көмірсулар өзгерістерінің желісі.

Пектин.

Гемицеллюлоза

Клетчатка

Крахмал

Полимерлер



Галактурон қышқылы.



Қышқылдар мен пентоздар

Целлобиоза

Мальтоза

Фруктоза


Глюкоза

Глюкоза



Микробтар денесінің полисахаридтері.

Пирожүзім қышқылы

Май


Ұлпалы май қышқылдары
СО2, СН4



Глицерин

Құмырсқа қышқылы.


Белок

Сіркеқышқылы

Сүт қышқылы


Кетонды заттар (мес қарын қабырғасында.)



Амин қышқылы



Майлы қышқыл



Пропион қышқылы


Күйіс қайыру механизмі.
Әрбір күйіс кезеңі еріксіз акт- азық жентігін қайта лоқсудан басталады. Мал қабылдаған жем шөптің азақтандыру аралығында мес қарыннан ауызға қайтарылып, мұқият шайналып, қайта жұтылуын күйіс қайыру деп атайды. Мал бір лоқсыған кезде мес қарыннан ауызға оралған жын мөлшерін күйістік, оны шайнау процесін – күйсеу, Ал осы процестің атқарылуы мерзімін – күйістеу кезеңі дейді. Күйіс малына аша тұяқ жануарлар (шошқа мен бегемоттан басқа) мен сірі табандылар (түйе, лама) жатады.
Күйіс қайтару күрделі рефлекс түрінде атқарылатын процесс. Ол жынның ірі бөлшектерінің жұмыршақ, қарын сағаны мен өңеш тесігінің кілегей қабығын тітіркендіруінен басталады. Атаған аймақтар механо-, баро-, тангио-(жанасу) және тензио-(керілу) рейепторларына бай келеді. Осы аймақтардан тітіркеніс кезегі нерв арқылы сопақша мидағы күйіс орталығына беріледі. Орталықтан қозу толқыны кезеген нервпен қарын қабырғасының еттеріне, жұлын арқылы көкет пен кеуде еттеріне бағытталады да , олардың үйлесімді әрекеттерін тудырады.
Күйіс қайтару процесі көмекей пердесінің жабық жағдайында малдың дем алуға жасаған әрекетінен басталады. Осы кезде қабырғалар көтеріліп, көкет жиырылады да мес қарын мен жұмыршақ қысылады. Көкірек қуысының көлемі үлкейгендіктен ондағы теріс қысым деңгейі с.б. 15- 20 мм-ден 50-60 мм-ге дейін артады. Осының салдарынан өңештің қарынмен жалғасқан бөлігі шанақ тәрізді кеңейеді де, оған жұмыршақпен мес қарындағы жынның белгілі бір үлесі сорылады. Осыдан әрі өңештің қарсы толқынында (антиперситалтикалық) жиырылуының әсерінен жынның өңешке өткен үлесі ауыз қуысынан қайтарылады. Осы сәтте көмекей пердесінің жабық жағдайында мал пәрменді дем шығаруда, көкірек қуысындағы қысым жоғарылап, өңештің төменгі бөлігінде басталған толқынды (перисталтикалық) жиырылудың салдарынан ондағы жынның қалдығы қайтадан мес қарынға қайтарылады. Ауыз қуысындағы күйістіктің суық бөлігі сығылып, кері жұтыладыда қою бөлігі мұқият шайналады. Сілекеймен шыланып, қайта жұтылған күйістік мес қарынның дорсалдық қапшығындағы жынмен арласады. Бірнеше секунттан кейін баяндалған құбылыс қайтадан қайталанады.
Мал азық қабылдасымен бірден күйістемейді. Ірі қара 30-70, майда тұяқ- 20-40 минуттан соң күйістей бастайды. Түнде мал күйісті жиі қайтарады да, тәулігіне 6-8 рет күйістейді. Әр күйіс кезеңі 40-50 минутқа созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет