Ішек бүрінің құрылысы: 1 - микробүрлер; 2- жүйке талшықтары; 3 – артерия; 4 – вена; 5 – лимфа тамырлары; 6 - бірыңғай салалы еттер.
миллионға дейін микробүрлер болады. Энтероцит беткейіндегі микробүрлер жиынтығын кірпікті көмкерме деп атайды. Түйеде микробүрлер ұлтабар ұшынан бастап кездеседі (Т.Несіпбаев, Е.Б.Бегайлов). Осы микробүрлер ішектің сіңіру беткейін тағы да 30 есе ұлғайтады.
Сонымен, ашы ішекте қоректік заттар ақырғы өнімдерге дейін ыдырап, суда оңай еритін қосылыстар, - соңғы өнімдер түзіледі де, олар сіңіру беткейі арқылы қан немесе лимфаға сіңеді. Ащы ішектің ұзындығы ірі қарада 40-49 метр, қой мен ешкіде 24-26 , жылқы мен шошқада – 20 метрге жетеді.
Тоқ ішектегі ас қорыту.
Ащы ішекте өңделген химус біртіндеп тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында- қимадан, жылқыда қартадан), тік ішектен тұрады. Тоқ ішек ащы ішекке қарағанда әлде қайда кеңірек келеді. Оның жалпы ұзындығы сиырда 6-13 метр, қойда 3,5-10 метр, жылқыда 6-9 метр, ал сыйымдылығының күйіс малында қорту жолының 11-15 пайызы, жылқы мен қоянда 40-60 пайыз шамасында. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында бүрмелер жоқта, көптеген бокал тәрізді торша болады. Ас қорыту жолының бұл бөлімінде сөл аз ғана бөлінеді және оның құрамында көп мөлшерде шырыш кездеседі. Сөлдің сутектік көрсеткіші 7,6-9,0.
Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде қорытылып үлгермеген қоректік заттар ыдырайды. Бұл процесс ащы ішектен келіп түскен ферменттер мен ондағы алуан түрлі микроорганизмдердің (1 грам химуста 15 милярд бактерия болады) әсерімен жүреді. Ішектің бұл бөлімінде қорытылмаған белок қалдықтары шіріп көмірсулар ашиды. Көмірсулардың ашу процесі кезінде ұшпалы май қышқылдарының едәуір мөлшері түзіледі.
Бүйенде, мес қарындағы сияқты белоктар ыдырап, амин қышқылын қайта түзеді, амиак пайда болып бактерия белоктары синтезделеді, белокқа жатпайтын азотты заттар сорылып және кері бөлініп отырады. Бүйен мен мес қарын арасында үйлесімді қатынас қалыптасады: мес қарындағы биохимиялық және микробиологиялық процесті күшейсе, олар бүйенде бәсеңсиді және, керісінше, бұл процестер мес қарында бәсеңсісе, бүйенде – күшейеді.Тоқ ішекте белоктардың айтарлықтай көп мөлшері ыдырап, организмге сіңеді. Жылқыларда белоктың 39 пайызы, сиырда 31, шошқада 30 пайызы тоқ ішекте қорытылады. Қүйіс малы тоқ ішекке өткен клетчатканың 30 пайызын қорытып, олар негізінен ҰМҚ түрінде сіңеді. Тоқ ішекте белоктардың шіруінің нәтижесінде аммиак, көмір қышқыл газы, күкіртті сутегі және уытты аминдер- крезол, фенол, индол, скатол түзіледі. Бұл улы заттар қанға сіңіп, бауырға тасымалданады да, сол жерде күкірт қышқылымен немесе глюкурон қышқылымен қосылып, залалсызданады. Сонымен қатар тоқ ішекте әр түрлі биохимиялық процестер жүреді: сульфидтер түзіліп, билирубин стеркобилинге, холестерин – копростеринге айналады. Тоқ ішек арқылы несепнәр мен кейбір минералды заттар бөлінеді.
Тоқ ішек жынының жылжу жылдамдығы 9-10 есе баяулап, ас қорыту процесі аяқталады, мұнда түзілген қоректік заттардың ыдырау өнімдері сорылады. Тоқ ішекте судың пәрменді түрде сорылуы салдарынан азық қалдықтары сусызданып, нәжіске айналады. Нәжістің құрғақ затында орта есеппен 10-20 пайыз протейн, 5 пайыз май, 40 пайыз клетчатка, 35 пайыз ерігіш көмірсулар, 5 пайыз күл болады. Шамамен нәжістің 35-50 пайызы өлі микроорганизмдерден тұрады.
Бүйенде орта есеппен рациондағы әрбір 100 г құрғақ затқа 6 г шамасында ҰМҚ түзіледі. Бүйендегі микроорганизмдер қиын қорытылатын өсімдік белоктарында ыдыратып, амин қышқылдарын, төменгі қатардағы май қышқылдарын, аммиак сияқты қосылыстар түзеді. Май қышқылдары қанға сіңіп, организмде майлар мен белоктар ситездеуге жұмсалады. Бүйендегі белоктың жалапы мөлшерінің 13 пайызы бактериялар, ал 25 пайызы инфузорияларденесінің құрамына кіреді. Бұл микророганизмдер қартада қорытылып, олардың құрамындағы белоктар организмі үшін қоректік заттардың қосымша көзі болады.
Қоректік заттардың ыдырауымен қатар тоқ ішекте микроорганизмдердің қатысуымен В тобындағы дәрумендәрілер және К дәрумендәрісін түзеді. Тоқ ішекте дәрумендәрілерді түзетін бактериялармен қатар, оларды пайдаланатын микроорганизмдерде өседі. Бұл микроорганизмдер тобы белгілі бір тепе-теңдікте тіршілік етеді де, сол арқылы дәрумендәрілер түзу және пайдалану процестері реттеліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |