Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі


Клиникалық станция «Жарақаттар кезінде шұғыл көмек көрсету»



бет4/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Клиникалық станция «Жарақаттар кезінде шұғыл көмек көрсету»
ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ
Қадамдар Іс-әрекеттер алгоритмі
1 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Өзіне және зақымданушыға қауіп төнбеуіне көз жеткізу.
2 Қолдарды гигиеналық өңдеу. Ауырсыну шогын алдын алу бойынша
шараларды қолдану. Қолдарды антисептикпен өңдеу. Зарарсыздандырылған қолғаптарды кию
Ауырсынуды басу мақсатымен Sol. Tramadoli 50 mg-1 ml бұлшықетке енгізу.
3 Зақымдалған аяққа орта физиологиялық қалып беру.
Шина орнатпас бұрын зақымдалған аяққа орта физиологиялық қалыпты беру, егер ол мүмкін болмаса – аяқ аз зақымдалатын қалыпты беру. Ол үшін аяқты жамбас-сан және тізе буындарында бүгу, аяқ ұшы сираққа қатысты 90° бұрышта орналасуы қажет.
4 Сау аяқ өлшеміне шинаны әкелу.
Шина орнатпас бұрын оны сау аяқ өлшеміне әкелу қажет. Егер сан сынса – шинаны тобық, тізе және жамбас-сан буындарында үлгілейді. Дененің
зақымдалған бөлігінің қалпын бұзбау үшін шина әкелуін сау аяқта жүргізу қажет.
5 Шинаның қысқа табақшасын үлгілеу.
Шинаның қысқа табақшасын аяқтың ішкі жағы бойынша үлгілеу қажет, оның ұзындығы шап қатпарынан басталып, аяқтан 10-15 см ұзын болуы
қажет.
6 Шинаның артқы табақшасын үлгілеу.
Шинаның артқы табақшасын аяқ ұшынан санның артқы
бетімен жоғарғы үштігіне дейін үлгілеу қажет.
7 Шинаның ұзын табақшасын үлгілеу.
Шинаның ұзын табақшасын аяқтың және дененің сыртқы жағы бойымен үлгілеу қажет, оның ұзындығы қолтықасты шұңқырынан басталып, аяқтан 10-15см ұзын болуы қажет.
8 Қолтықасты шұңқырға және шатаралық аймаққа мақта-дәкелі білікшелерді
орнату.
Қолтықасты шұңқырға және шатаралық аймаққа мақтадәкелі білікшелерді орнату қажет.
9 Сүйекті шығыңқы жерлерге мақатадн өсеніштерді орнату.
Сүйекті шығыңқы жерлерге (тобықтар, тізе буыны, мықын сүйегінің қанаты, ортан жіліктің үлкен айдаршығы) қысылу және некроз дамуын алдын алу
үшін мақтадан төсеніштер орнату қажет.
10 Шиналарды бекіту. Шина орауын жүргізу.
Шинаны шеткеріден тығыз дәкемен келесі қабат алдыңғы қабаттың үштен бірін немесе жартылай жабатындай етіп бекіту. Шина орауын жүргізу.
Клиникалық станцияның жүргізілу ұзақтығы 10 минуттан артық емес




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет