Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі



бет18/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Гипогликемиялық кома.
Себептері:
Мөлшерден көп дозада инсулинді енгізу.
Тағамдардың көмірсулардың жетіспеушілігі.
Инсулин енгізгеннен кейін немесе глибенкламидті қабылдағаннан кейін тамақтану тәртібінің бұзылуы.
Диабетикалық нефропатиясы бар науқастардың инсулинге сезімталдығының жоғарлауы, ішімдіктен кейін интенсивті физикалық күш түскенде.
Салицилаттарды, сульфаниламид препараттарын, адреноблокаторларды инсулинмен немесе қантты төмендететін дәрілермен қабылдау.
Инсулинома, гипотереоз, созымалы бүйрек үсті жетіспеушілігі және т.б.
Клиникалық белгілері: кома тез басталады, бірнеше минут ішінде. Басында науқас қозулы, бұлшық еттердің гипертонусы және бет бұлшық етінің тартуы байқалады. Адекватсыздық мінез байқалуы мүмкін. Денесі дірілдеп, аштық сезім байқалады, кейін науқас ес түсінен айырылады. Артериялық қысым төмендейді, қандағы қант мөлшері азаяды.
Жедел жәрдем:
1.Гипогликемиялық алғашқы сатысы болса, оны басу үшін науқасқа көмірсуларға бай тағамдар беру: ол 50-100г, қант, жылы суға немесе шайға ерітілген. Мәмпәси, бал, 100 г ақ нан, печенье.
2.Мүмкіншілік болса қандағы қант мөлшерін анықтау (3,3 ммоль/л төмен).

3.Кеш сатыда дереу 40-80 мл -40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгізу, бұдан нәтиже болмаса, онда 1-2 мл глюкагон ерітіндісін тері астына немесе бұлшық етке енгізу, ал егерде бұдан көмек шықпаса, онда 1 мл – 0,1% адреналин гипохлорид ерітіндісін тері астына жіберу.


4.Науқас есіне келісімен оған көмірсуларға бай тағам беру.

Гипергликемиялық, диабетикалық ,кетоацидозды кома.
Себептері:
Бірінші рет анықталған қант диабеті (диагностикаланбаған қант диабеті).
Вирустық инфекция (тұмау, ЖРВИ, қызыша, қызамық, эпидемиялық паратит және т.б.).
Қант диабеті кезіндегі созымалы аурулардың асқынуы.
Жүйкелік немесе физикалық кері түсудің асқынуы.
Инсулин мөлшерінің жетіспеушілігі және т.б.
Клиникасы:баяу басталады, 2-7 тәулік ішінде науқас әлсіреп, жұмысқа деген құштарлығы төмендейді. Ұйқышылдық пен сылбырлық ұлғаяды. Тәбеті төмендейді, қатты шөлдеу, ауыз шырыш қабатының құрғауы, жиі зәрге отыру байқалады. Кейін жүрек, айну, құсу, іште ауырсыну, сұйық нәжіс қосылады. Әлсіздік ұлғаяды, тынысы терең, шулы. Тері шырыш қабаттары құрғақ, шығарылған ауада ацетон иісі шығады. Біртіндеп есінің жоғалуы, апатия, психикалық депрессиядан кейін басталуы мүмкін. Жүрек тондары күңгірт, тахикардия, қан қысымы төмен.
Жедел жәрдем:
1.Таза ауамен қамтамасыз ету немесе оттегімен дем алдыру.
2.Қан қысымын, лүпілін қадағалап тұру.
3.Мүмкіндік болса қандағы қант мөлшерін анықтау (50 ммоль/л дейін).
4.Науқасты дереу реанимаци бөлімшесіне жеткізу.
5.Тасымалдау кезінде науқасқа регидрация жүргізе бастау керек, көк тамырға натрий хлорид ерітіндісін енгізу.

6.Қан қысымы төмендегенде 1 мл – 1% мезатон ерітіндісін көк тамырға енгізу, 60-90 мг преднизолон жіберу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет