Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі


Кардиологиядағы жедел жәрдем жағдайлары



бет14/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Кардиологиядағы жедел жәрдем жағдайлары.
Стенокардия ұстамасы
Себептері: Коронарлы артерия атеросклерозы.
Коронарлы артерия тарылуы.
Клиникалық белгілері:физикалық күш түскенде, стресс жағдайында, жылы бөлмеден суыққа шыққанда төс артында ауырсыну болады. Ауырсыну сол жақ қолға, иыққа, жақ астына, жауырынға беріледі. Ауырсыну қысып, кеудеден «бір зат» басқандай және күйдіру сезімімен сипатталды. Ұстама ұзақтығы 5-10 минутқа созылады.
Жедел жәрдем:
1.Физикалық –психикалық тыныштық.
2.Қан қысымын өлшеу, пульсін қадағалау.
3.ЭКГ түсіру.
4.Валидол – 0,06 гр, нитроглицерин – 0,0005г тіл астына немесе 1% нитроглицерин ерітіндісінің 4 тамшысын қантқа тамызып тіл астына беру.
5.Нәтиже болмаса нитроглицерин 3-5 минут сайын беру.
6.Ауырсынуды басу үшін литикалық қоспа беруге болады. Литикалық қоспа: 2 мл 2% папаверин гидрохлориді. 2 мл 50% анальгин, 2 мл 2,5% пипольфен 5 мл баралгин.
7.Егер нәтиже болмаса нифе**ипин ,02 тіл астына немесе молсидомин 0,002 егер 30 минуттан кейін ұстама басылмаса науқасты стационарға жеткізу.

Миокард инфарктісі.
Себептері: 1. Коронарлы артерия атеросклерозы.
2. Коронарлы артерия тромбозы.
Клиникалық белгілері: Науқасты кеудені қысқан ауырсыну мазалайды. Ауырсыну сол жақ иыққа, қолға, мойынға, жауырынға бріледі.
Ұстама кезінде науқаста өлім үрейі болады және тыныс алуы қиындап науқас мазасызданады. Нитроглицеринге ауырсыну басылмайды. Қан қысымы төмендеуі мүмкін, ритм бұзылады. Бірақ кей жағдайда миокард инфарктісінің аптиптік ағымын байқауға болады. Ауырсыну эпигастрий аймағына немесе іш құрсағына берілуі мүмкін. Осы кезде жүрек жетіспеушілік белгілері дамуы мүмкін. Патологиялық процесстерді анықтау кезінде ЭКГ көрсеткіштері өте маңызды.
Жедел көмек:Тез арада реанимация бөліміне жеткізу алдында ауырсыну синдромымен күресу, асқынулардың алдын алу. Науқасты физикалық-психикалық тыныштандыру.
1. Қан қысымын өлшеу, пульсін қадағалау, тынысын қадағалау. ЭКГ- ге түсіру.
2. Тіл астына изокет - спрей ингаляциясы немесе 1т. нитроглицерин беру. Оларды 2-3 рет 1 таблеткадан 5-10 мин. сайын қайталау.
3. Ылғалды оттегін беру.
4. Шайнап жұтуға аузына 325 мг аспирин беру.
5. Миокард инфарктісі кезінде жай анальгетиктерден нәтиже болмайды, ауырсыну басылмайды. Сондықтан наркотикалық анальгетиктер қолдану қажет. 2 мл 1% морфин, 2 мл 2% промедол немесе 2 мл 2% пантопан, 0,3 – 0,5мл 0,1% атропин сульфат ерітіндісімен көк тамырға 1-2 мл трамал ерітіндісін көк тамырға немесе бұлшық етке енгізу. Жедел ауырсыну синдромында, қозу, қорқыныш кезінде анальгетиктер мен транквилизаторлар қолданады. 1 мл 2% промедол немесе 1 мл 1% морфин, 2 мл 0,5% диазепам ерітіндісімен қосып (седуксен, реланиум) көк тамырға ақырындап 10 мл 0,9%ий хлорид ерітіндісімен енгіземіз.
6. Нейролептанальгезия: 2-4 мл 0,25% дроперидолмен 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін көк тамырға.
7. Ингаляциялық наркоз оттегімен және азот тотығын қосып беру.
8. Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін көк тамырға 10 000 -15 000 ЕД гепаринді 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен қосып енгізу. 9. Науқастың қан қысымын , ЭКГ, пульсін, тынысын үнемі қадағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет