Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


белгiленген тәртiппен тiркелмеген қоғамдық



бет27/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48

                белгiленген тәртiппен тiркелмеген қоғамдық,
                дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық
                жасау, қатысу, сондай-ақ олардың қызметiн
                қаржыландыру

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, -


      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру, -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 374-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67 (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       375-бап. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер


               туралы заңдарды бұзу

      1. Дiни бiрлестiктер басшыларының бiрлестiктi мемлекеттiк басқару органдарында тiркеуден жалтаруы, дiни бiрлестiктiң оның жарғысымен (ережесiмен) белгiленген өз мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келетiн қызметтi жүзеге асыруы, саяси партиялардың қызметiне қатысуы және оларға қаржылай қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-бағуды, бас бостандығынан айыру орындарына баруды қоспағанда, дiни бiрлестiк орналасқан жерден басқа орында дiни iс-шаралар өткiзу ережелерiн бұзуы, дiнге табынушылар мен дiни бiрлестiктер мүшелерiнiң дiнге табынуға қатысы жоқ арнаулы балалар мен жасөспiрiмдер топтарын ұйымдастырып, жиындарын өткiзуi, жеке тұлғаларды дiни жоралғыларды орындауға немесе өзге де дiни қызметтерге қатысуға мәжбүр етуi, -


      ескерту жасауға немесе дiни бiрлестiк басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты айға дейiн тоқтата тұрып немесе қызметiне тыйым сала отырып не онысыз, жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңға сәйкес жүзеге асырылатын дiни жоралғыларды, басқа дiни қызметтi атқаруға кедергi жасау, жеке тұлғалардың дiнге қатыстылығына қарай олардың құқықтарын бұзу, сол немесе басқа дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын нәрселердi, құрылыстарды және орындарды аяқ асты ету, жеке тұлғалардың дiни сезiмдерiн қорлау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-1. Дiни ұйымдардың заңды қызметiне кедергi келтiру –
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      3. Азаматтардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есептiк тiркеусiз миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Дiни бiрлестiктiң өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, -
      дiни бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып не қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Дiни бiрлестiктiң өз жарғысына (ережесiне) қайшы келетiн қызметтi жүйелi түрде жүзеге асыруы, сол сияқты дiни бiрлестiктiң өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жоймауы, -
      дiни бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға дiни бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 375-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506 , 2005.07.08 N 67 (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2011.01.18  № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      376-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу ережелерiн бұзу

      Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      377-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке


                басты куәландыратын құжаттарсыз тұру

      1. «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлiкпен не тұрғылықты жерi бойынша тiркеусiз тұруы, -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнciз не жарамсыз ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiмен күнтiзбелiк он күннен астам мерзiмде тұрақты тұруы, сондай-ақ паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң жоғалғаны туралы iшкi iстер органдарын уақтылы хабардар етпеуi, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 377-бап жаңа редакцияда - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      378-бап. Тұрғын жай иесiнiң немесе қарамағында


                ғимараттары және (немесе) үй-жайлары бар басқа
                да адамдардың оларда нақты тұрмайтын жеке
                тұлғаларды тiркеуге жол беруi

      1. Тұрғын жайлардың, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлардың иелерi болып табылатын, қарамағында тұрғын жайлары, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлары бар меншiк иесiнiң немесе басқа да адамдардың жұмыс берушiде нақты тұрмайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiм беру ұйымдарында оқымайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi, -


      жеке тұлғаларға – бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жұмыс берушiге, бiлiм беру ұйымына тиесiлi тұрғын жайларда, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайларда тiркелген жеке тұлғаларды жұмыс берушiнiң, бiлiм беру ұйымының тiркеуден шығару жөнiнде шаралар қолданбауы, -
      лауазымды адамдарға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      лауазымды адамдарға – жиырма, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 378-бап жаңа редакцияда - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      379-бап. Паспорттарды, жеке куәлiктi заңсыз алып қою


               немесе оларды кепiлге қабылдау

      1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәлiктi заңсыз алып қою немесе оларды кепiлге қабылдау, -


      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер,-
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 379-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       380-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде


                 не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға
                 рұқсат алу үшiн немесе Қазақстан Республикасының
                 азаматтығына қабылдау не Қазақстан
                 Республикасының азаматтығын қалпына келтiру
                 туралы өтiнiш берген кезде Қазақстан
                 Республикасының мемлекеттiк органдарына көрiнеу
                 жалған мәлiметтер беру

      1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беру, -


      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшiн немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өтiнiш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
      Ескерту. 380-бап жаңа редакцияда - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       380-1-бап. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты


                 және (немесе) анықтаманы заңсыз алу

      1. Ауруды өтiрiк сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -


      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      380-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      380-2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы


                  заңнаманы бұзу

      1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлiгiн пайдалануы,-


      жеке тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк қызметтегi адамдар, сондай-ақ билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған нақ сол iс-әрекеттер,-
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
      Ескерту. 380-2-баппен толықтырылды - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      381-бап. Алғашқы статистикалық деректердi ұсыну тәртiбiн


                бұзу

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      1. Мемлекеттiк статистиканың тиiстi органдарына алғашқы статистикалық деректердi уақтылы ұсынбау, дәйексiз алғашқы статистикалық деректердi ұсыну –
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк статистиканың тиiстi органдарына алғашқы статистикалық деректердi ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 381-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

       381-1-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп


                   деректерiн табыс етуден бас тарту, табыс
                   етпеу, уақтылы табыс етпеу, жасыру, қосып
                   жазу және басқа да бұрмалаушылықтар

       1. Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерiн табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгiленген мерзiмдi бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерiн басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда болсын кедергi жасау, -


      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 381-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      381-2-бап. Әкiмшiлiк деректер ұсыну тәртiбiн бұзу

      1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органға әкiмшiлiк деректердi уақтылы ұсынбау, дәйексiз деректер ұсыну –
      әкiмшiлiк дереккөздердiң лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органға әкiмшiлiк деректердi ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, –
      әкiмшiлiк дереккөздердiң лауазымды адамдарына жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 381-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      382-бап. Статистикалық байқаулар жүргiзуден бас тарту

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -


      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 382-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      383-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық


                деректердi, статистикалық ақпаратты және
                (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы,
                беруi немесе өзге де заңсыз жария етуi

      Мемлекеттiк статистика органдары лауазымды адамының респонденттi сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн алғашқы статистикалық деректердi, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруi немесе өзге де заңсыз жария етуi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, –


      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 383-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      384-бап. Алғашқы статистикалық деректердi бекiтiлмеген


                статистикалық нысан бойынша жинау

      Алғашқы статистикалық деректердi бекiтiлмеген статистикалық нысан бойынша жинау –


      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 384-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      384-1-бап. Әкiмшiлiк деректердi келiсiлмеген нысан бойынша


                  жинау

      Әкiмшiлiк деректердi келiсiлмеген нысан бойынша жинау –


      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 384-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен


               белгiлеу ережесiн бұзу

      1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде


               белгiленген талаптарды бұзу

      1. Мемлекеттiк құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, eгep бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттiк құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -
      қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 386-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын


               көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар
               мен елдi мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн
               бұзу, жасыл екпелерiн жою және бүлдiру

      1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елдi мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн бұзу, жасыл екпелерiн жою және бүлдiру, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 387-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.

       388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

25-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫ
РЕЖИМIНIҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БОЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және


               жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу

      1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -


      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткiзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жекелеген жерлерде болудың заңдармен белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 389-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      389-1-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң,


                  Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi
                  мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары
                  мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақпен
                  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң,
                  Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi
                  мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары
                  мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан
                  аумағында белгiленген шектеулердi бұзу

      1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бiр жұмыстар жүргiзу, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң – бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ атыс тирлерiн, стендтерi мен атыс орындарын орнату, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң – бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 389-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет