Қазақстан Республикасының кеден органына
жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзбеу, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, не онсыз қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген мерзiмiн сақтамау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 405-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейтiн орындарда тоқтатпау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 406-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
407-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден
органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 407-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
408-бап. Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа
жүзу құралдарына жанасып тоқтау
Ескерту. 408-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
409-бап. Тауарларды кедендiк рәсiмдеуге орналастыруға
байланысты кедендiк операцияларды жасау
және тауарларды кедендiк тазалау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiмге орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазалау тәртiбiн бұзу, яғни кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеуге орналастыру, кеден операцияларын жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiмдеуге орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 409-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
409-1-бап. Кеден операцияларын жүргiзу тәртiбiн бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кеден операцияларын жүргiзу тәртiбiн бұзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
кеден iсi саласында қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тиiстi тiзiлiмнен алып тастай отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 409-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
410-бап. Кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен заңсыз
операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту,
пайдалану және (немесе) билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 410-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
рұқсатынсыз жүргiзiлетiн жүк және өзге де
операциялар
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, қораптарды және басқа да орындарды ашу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 411-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
412-бап. Ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау,
жою, зақымдау не жоғалту
Қазақстан Республикасының кеден органы қолданған ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
413-бап. Тауарларды кедендiк декларациялау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкiлiнiң тауарларды кедендiк декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендiк декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендiк декларациялау орны бойынша, кедендiк декларацияны толтыру және кедендiк декларациялау тәртiбi бойынша кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 413-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
413-1-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы қызметтi
жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе ол бұзылғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлi бiр жыл iшiнде қайталап жасаған iс-әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 413-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
413-2-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi
саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн
бұзуы
Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 413-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
414-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердi
беру мерзiмдерiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде ұсынылатын кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының кеден органына белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 414-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына
есептiлiктi табыс етпеу және есеп жүргiзу
тәртiбiн сақтамау
Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кедендiк немесе еркiн қойма, баж салынбайтын сауда дүкенi иелерiнiң, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кеден аймағы аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде табыс етпеуi, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 415-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
416-бап. <*>
Ескерту. 416-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн,
оларды сақтау және олармен операциялар жүргiзу
тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн, кеден қоймасында сақтау мерзiмдерiн, тауарларды бiр қоймадан екiншi қоймаға көшiру тәртiбiн бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркiн қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 417-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға – жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 417-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
418-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және
қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру
1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 418-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
419-бап. <*>
Ескерту. 419-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)Заңымен.
420-бап. <*>
Ескерту. 420-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының
кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу не осы
аумаққа қайтармау
1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде оларды әкету көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiмге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкету мiндеттi болып табылған жағдайларда кеден одағының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде керi әкелу көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiмге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкелу мiндеттi болып табылған жағдайларда, белгiленген мерзiмдерде кеден одағының кедендiк аумағына қайтармау -
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының қайта әкетiлуiн немесе әкелiнуiн, не аварияның немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместiгiн растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды табыс ету -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 421-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
422-бап. Тауарларды жою тәртiбiн бұзу
Ескерту. 422-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсiмге орналастырылған
тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз
операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану
және (немесе) билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсiмiне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, сол сияқты есеп жүргiзу және есептiлiктi табыс ету тәртiбiн және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген өзге де шектеулердi, талаптарды және кедендiк рәсiмiнiң шарттарын сақтамау -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 423-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының
кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым
салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн
сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 424-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған немесе жеңiлдiктi
тәртiптi бұза отырып кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы тауарларды өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын оңайлатылған немесе жеңiлдiктi тәртiптi бұза отырып, жеке тұлғалардың кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар өткiзуi, оның iшiнде «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң кедендiк шекара арқылы оңайлатылған немесе жеңiлдiкпен өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын мiндеттi жазбаша декларациялау жөнiндегi талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесiмен бiрге жөнелтiлмейтiн багажбен өткiзу тәртiбiн сақтамау, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 425-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта
жөнелтiлiмдерiнде өткiзу тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген халықаралық почта жөнелтiлiмдерiнде тауарларды өткiзу тәртiбiн бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, дара кәсiпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 425-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
426-бап. Кеден бақылауына соқпай кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын
өткiзу
Ескерту. 426-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылауға соқпай кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, яғни тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындардан тыс жерде кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы немесе көрсетiлген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының жүз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 426-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
427-бап. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы
өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан
жасыру
Ескерту. 427-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткiзiлген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, соның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онысыз, сондай-ақ құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен заттарды жасырып, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 427-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
428-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын
алдап пайдаланып, кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы тауарларды және көлiк
құралдарын өткiзу
Ескерту. 428-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар, дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру арқылы кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, сондай-ақ сәйкестендiрудiң қолдан жасалған құралдарын не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты ұқсастыру құралдарын пайдалану, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 428-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
429-бап. Тауарларды кедендiк декларацияламау немесе
Достарыңызбен бөлісу: |