Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет35/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
                туралы заңдарын бұзу

      Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәлiметтерi бар ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және моральдық зиян келтiру, олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын iске асыруын шектеу мақсатында пайдалану,-


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 497-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.01.07. N 372 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      498-бап. <*>

      Ескерту. 498-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу

       Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 499-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру

      1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      501-бап. Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк


               белгiлерiн жасау немесе өткiзу

       Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерiн өткiзу мақсатында жасау немесе өткiзу, -


      пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерi, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 501-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       502-бап.

      Ескерту. 502-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-тарау. ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ӘСКЕРИ МIНДЕТТIЛIК, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
ПЕН ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

      503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру


               учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың
               тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына
               бермеу немесе уақтылы бермеу

      Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу, -


      меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      504-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және


               заңды тұлғалардың азаматтық қорғаныс
               жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

       Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жүзеге асыру, -


      азаматтар мен лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      505-бап. Жергiлiктi әскери басқару органының


               шақыруы туралы азаматтарға хабарламау

      Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -


      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi


               тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерiстер
               туралы мәлiметтердi уақтылы бермеу

      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -


      ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен


               азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау

      1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -


      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi


               мiндеттерiн орындамауы

      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi не әскери есептен шықпай басқа ауданға не қалаға (аудандарға бөлiнбейтiн) тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелге алты айдан астам мерзiмге) кетуi немесе әскери есепке тұрмай тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелден оралуы) келуi, сондай-ақ әскери есептi жүзеге асыратын органға өзiнiң отбасы жағдайының, аудан немесе қала (аудандарға бөлiнбейтiн) шегiнде тұрғылықты жерi, бiлiмi, жұмыс орны мен лауазымы өзгергендiгi туралы дер кезiнде хабарламауы, -


      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан


                жалтару

      1. Азаматтарды әскери есепке алу жөнiндегi комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -


      әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана


                бүлдiру немесе жоғалту

      Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -


      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару

      Шақырылушылардың жергiлiктi әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсiз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -
      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 511-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.22. N 255 Заңымен.

      512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке


               заңсыз шақыру, оларды шақыруды заңсыз
               кейiнге қалдыру

      Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       512-1-бап. Әскери қызметшiнi қорлау

      1. Әскери қызмет мiндеттерiн орындау уақытында немесе орындауға байланысты олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бiр әскери қызметшiнiң екiншi әскери қызметшiнi қорлауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.

       512-2-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап


                 кету

      1. Бейбiт уақытта, әскерге шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшi жасаған, бес тәулiктен артық, бiрақ он тәулiктен аспайтын уақытқа бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты бөлiмнен босатылу, тағайындау, ауыстыру кезiнде, iссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерiнен қызметке дәлелсiз себептермен мерзiмiнде келмеу, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он тәулiктен артық, бiрақ бiр айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.

       512-3-бап. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық


                қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызмет
                атқару ережелерiн бұзу

      Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кiретiн адамның қызмет атқару ережелерiн бұзуы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-3-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.

       512-4-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау

      Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүддесiне елеулi зиян келтiрмеген, бастықтың белгiленген тәртiппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы, -
      он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-4-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.

      512-5-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану


                  қағидаларын бұзу

      Әскери, арнайы машинаны немесе көлiк машинасын жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, –


      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 28-тарау 512-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

29-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ИНСТИТУТТАРЫНА ҚОЛСҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      513-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру

      1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелдi себептерсiз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртiп бұзуынан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және сотта белгiленген ережелердi құрметтемеушiлiктi анық куәландыратын өзге де iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үштен бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 513-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 Заңымен.

      514-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


               iс қарауға қатысушылардың жауапкершiлiгi

      Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсiз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -


      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      514-1-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа


                  келмеу

      Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың сотқа шақыру бойынша дәлелсiз себептермен келмеуi, -


      азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      514-2-бап. Алқабилердiң тiзiмдерiн жасау үшiн ақпаратты


                  табыс етпеу

      Алқабилердiң тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпаратты табыс етпеу, сол сияқты дұрыс емес ақпарат табыс ету, -


      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      514-3-бап. Азаматқа алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергi


                  келтiру

      Лауазымды адамның азаматқа алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiруi, -


      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      514-4-бап. Алқабилердiң сот талқылауында iстi қарауға


                  байланысты iс-әрекеттерiндегi шектеулердi
                  сақтамау

      1. Сот талқылауында iстi қарауға байланысты алқабилердiң iс-әрекеттерiндегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтамау, -


      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттетуге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      515-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсiз бас тартуы не жалтаруы, -
      екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      516-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған


               айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған
               қорытындысы немесе қате аударма жасау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтар беруi, сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрiнеу қате аударма жасауы, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында ерiктi түрде, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 516-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       516-1-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер


                  бойынша дәлелдемелердi бұрмалау
 
       Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның), прокурордың, iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысатын маманның немесе қорғаушының бұрмалауы, егер бұл iс-әрекет адамның денсаулығына немесе айтарлықтай залал келтiруге себепшi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 516-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       517-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы


               қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру
               туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе
               жалтаруы

      Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -


      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi


               туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу

      Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -


      үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының


              (сезiктiнiң) келуiн қамтамасыз ету туралы
              мiндеттеменi бұзу

      Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -


      бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың,


               тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы
               бойынша шара қолданбау

      Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -


      сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау


               органына, сот орындаушысына, сот приставына
               келуден жалтару

      Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 521-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.06.22. N 147 Заңымен.

      521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер


                 кезiнде хабарламау

      Мемлекеттiк органның заң актiлерiне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 521-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.06.22. N 147 Заңдарымен.

      522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет