(ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi
төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай, сондай-ақ
мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып,
белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 360-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
361-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе
салық есебiне тұру мерзiмiн бұзу
1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, -
салық органы басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
салық органының басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 361-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
362-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды мына бөлiктерiнде орындамау:
1) келу және кетудiң ерекше режимi;
2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушыларды олардың есебiнен өздерi тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жердiң аймағынан шығарып жiберу туралы нұсқау;
3) жиналыстар, митингiлер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;
4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдiк iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;
6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио,- және теледидар хабарларын тарату аппаратурасын, дыбыс,- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
8) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;
9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткiзу;
10) коменданттық сағат уақытында жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту. 362-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2009.07.10 N 176-IV Заңдарымен.
362-1-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргiзу аймағында
құқықтық режимнiң бұзылуы
Құқықтық режимдi бұзу немесе терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты белгiленген талаптарды:
1) келудiң және кетудiң ерекше режимi;
2) жергiлiктi жерлердiң жекелеген учаскелерiнде және объектiлерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлiк құралдарын сүйреп әкетуге кедергi жасау;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке тексерiп қарауға және жеке адамның заттарын тексерiп қарауға, көлiк құралдарын тексерiп қарауға кедергi жасау;
4) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;
5) егер кешеуiлдеу адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруi мүмкiн болса, жедел медициналық жәрдемдi қажет ететiн адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу, терроризм актiсi жасалған жерге бару үшiн, сондай-ақ терроризм актiсiн жасады деп күдiк келтiрiлген адамдардың iзiне түсу және оларды ұстау үшiн көлiк құралдарын алып қоюға кедергi жасау;
6) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметiн тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi енгiзiлген аумақ шегiнде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшiруге кедергi жасау;
8) карантин енгiзу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық iс-шараларды және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе иелiгiндегi және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiне кiруге кедергi жасау;
10) қару-жарақ, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттар саудасын шектеу немесе оған тыйым салу, дәрiлiк, есiрткiлiк, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спиртi мен алкогольдiк өнiмдер айналымының айрықша режимiн орнату бөлiгiнде орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметiн тоқтата отырып, екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 362-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
363-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртiбiн
бұзуға итермелейтiн iс-әрекеттер
Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған құқық тәртiбiн бұзуға немесе ұлттық және дiни алауыздық туғызуға итермелейтiн iс-әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi жасау, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындаушы iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметкердiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерi мен талабына қасақана бағынбау, не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту. 363-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
364-бап. Түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу,
сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу,
штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу
ережелерiн бұзу
1. Түрлi-түстi көшiру (жедел полиграфиясы, көшiру-көбейту техникасы, тамшылы-ағылмалы, лазерлi принтерлер және сканерлер) құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 364-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
365-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер
мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған
шаралар туралы хабарламау және (немесе)
шаралар қолданбау
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
Ұйым басшысының және басқа лауазымды адамдардың қылмысқа немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қолданбауы iстi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсыныстары бойынша -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 365-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
366-бап. Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу
1. Өзiне қатысты қадағалау белгiленген адамның әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайы бойынша және тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып бұл шаралардың қолданылуы жеткiлiксiз деп танылатын болса, -
он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту. 366-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
367-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу
изоляторларында отырған адамдарға тыйым
салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға алкогольдiк iшiмдiктер, дәрiлiк және мас қылатын әсерi бар басқа да заттарды, ақша, азық-түлiк тағамдарын, бұйымдарды және бұл мекемелерде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселердi тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлдермен беруге әрекет ету, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
368-бап. Азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, алып
жүру, беру немесе сату тәртiбiн жеке
тұлғалардың бұзуы
1. Жеке тұлғалардың iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз азаматтық қаруларды сатып алуы, сақтауы, алып жүруi, басқа адамға беруi немесе сатуы, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтық қаруларды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 368-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
368-1-бап. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар
қолданылған бұйымдарды сақтау, есепке алу,
пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету
тәртiбiн бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сату, экспонттау құқығына лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың оларды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртiбiн бұзуы, -
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден үшке дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 368-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
369-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған
патрондарды сатып алу, сақтау, пайдалану немесе
тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Қару сақтауға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың азаматтық, қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау, алып жүру, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Олардың сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оған арналған патрондарды өз мақсатында пайдаланбауы, -
азаматтық қаруының өтемi төленiп алып қойылып немесе онсыз
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 369-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
370-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану
1. Газ қаруын заңсыз қолдану, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 370-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
371-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта
тiркеу) тәртiбiн не оны есепке қою тәртiбiн
бұзу
1. Мынадай:
1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу;
2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш беру;
3) қару иесiнiң өзiне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш беру;
5) заңды тұлғалардың қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзу арқылы азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн не оны есепке қою тәртiбiн бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - қаруы ақылы түрде алып қойылып, он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 371-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
372-бап. Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды
сату үшiн өткiзуден жалтару
Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған жеке тұлғалардың оларды сату үшiн өткiзуден жалтаруы, -
қарудың өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 372-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер,
тосқауылдар мен демонстрациялар ұйымдастыру
мен өткiзудiң тәртiбi туралы заңдарды бұзу
1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi жасау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларға қатысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке, тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту. 373-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67 (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу
1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шет ел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, дiни бiрлестiктердiң, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып, шетелдiк заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың саяси партияларды қаржыландыруы, -
заңсыз қайырымдылықтар тәркiлене отырып және Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы, -
заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып және он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға ала отырып не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, саяси партияның басшысына төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептiктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм мен көлемде жарияламау, -
саяси партияның қызметiн алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, партияның басшысына айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге асыруы, -
саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, партияның басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 374-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67 (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
374-1-бап. Қазақстан Pecпубликасының заңдарында
Достарыңызбен бөлісу: |