Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет30/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48

                жалған декларациялау

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткiзiлген тауарларды кедендiк декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкiлiнiң, уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшiн қажеттi өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсiм, тауарлардың кедендiк құны не шыққан елi туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi мәлiмдеуi немесе кедендiк төлемдер мен салық төлеуден босату үшiн немесе олардың мөлшерiн төмендету үшiн негiз болатын дұрыс емес мәлiметтердi мәлiмдеуi және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi басқа да мәлiметтердi мәлiмдемеуi -


      жеке тұлғаға - қырық, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жүз, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болған дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 429-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       430-бап. Кеден ережелерiн бұза отырып, кеден одағының


                кеден аумағына әкелiнген тауарларды және көлiк
                құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу,
                пайдалану немесе билiк ету

      Ескерту. 430-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Кеден одағының кеден аумағына кеден бақылауына соқпай не осындай бақылаудан жасырын, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдаланумен, әкелiнген, не декларацияланбаған немесе жалған декларацияланған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету, сол сияқты басқаларға қарағанда өзге мақсатпен оларға осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын немесе иелiктен айырылатын, кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде оларға кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және иемденiп алу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 430-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       431-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтар бөлiгiнде


                оларға қатысты кедендiк жеңiлдiктер берiлген
                және (немесе) шартты түрде шығарылған тауарлар
                мен көлiк құралдарын пайдалану мен билiк ету
                тәртiбiн бұзу

      Ескерту. 431-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Кеден органының рұқсатынсыз басқаларға қарағанда өзге мақсатпен осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берiлген және (немесе) шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және билiк ету, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 431-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       432-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтардан заңсыз


               босатуға немесе оларды төмендетуге
               бағытталған iс-әрекеттер

      Ескерту. 432-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды
               тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен
               өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға
               бағытталған iс-әрекеттер

      Қазақстан Республикасының кеден органына - төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесiз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -


      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 433-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30  N 297-IV(2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      434-бап. Кедендiк төлемдердi және салықтарды


               төлеу мерзiмдерiн бұзу

      Төлеушiлердiң, оның iшiнде кеден өкiлi, уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесi бар адамдардың белгiленген мерзiмдерде кедендiк төлемдер мен салықтарды төлемеуi, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негiзгi кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымдарды, кеден баждары мен салықтарды төлеуден босатудың берiлуi байланысты болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезiнде, сондай-ақ кедендiк төлемдер мен салықтарды мерзiмдiк төлеудi көздейтiн кеден рәсiмдерiне тауарларды мәлiмдеу кезiнде кедендiк декларацияны табыс ету мерзiмдерi бұзылған жағдайда төлемеу -


      кеден өкiлдерi тiзiлiмiнен алып тастала отырып, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының елу пайызы мөлшерiнде, бiрақ екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 434-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының


                 кедендiк төлемдердiң, салықтар мен
                 өсiмпұлдардың тиесiлi сомаларын белгiленген
                 мерзiмдерде төлеу туралы талаптарын орындамау

      Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылған кезде төлеушi кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi орындамаған жағдайларда банктiң, сақтандыру ұйымының, кепiлгердiң белгiленген мерзiмдерде кедендiк төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың тиесiлi сомаларын төлеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының талаптарын орындамауы –


      дара кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға – орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде, бiрақ екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 26-тарау 434-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      435-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген


               түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан
               Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн
               орындамауы

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн, салықтарды және өсiмпұлдарды өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы, -


      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 435-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      436-бап. <*>

      Ескерту. 436-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      437-бап. <*>

      Ескерту. 437-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      438-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының


                талаптарын орындамау

      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кедендiк декларациялауды, кедендiк тексерiп қарауды, кеден декларацияларын тексерудi жүзеге асыру, тауарлармен және көлiк құралдарымен жүк және өзге де операцияларды жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендiк бақылау үшiн қажеттi өзге де талаптарды кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың орындамауы -


      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 438-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының


                  кедендiк тексеру нәтижелерi бойынша
                  анықталған бұзушылықтарды жою туралы
                  талаптарын орындамау

      Тұлғалардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендiк тексеру нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген мерзiмдерде орындамауы -


      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 26-тарау 438-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

27-тарау. КӨЛIКТЕ, ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТА
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      439-бап. Темiр жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн


               қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу

      1. Темiр жол арқылы күш көлiгiмен өту, мал айдап өту, темiр жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю ережелерiн бұзу, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Темiр жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Темiр жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру, -
      бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Белгiленбеген жерлерде темiр жол арқылы өту, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Темiр жолдарды техникалық пайдалану ережелерiнiң талаптарын бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сегiзден онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 439-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       440-бап. Темiр жол көлiгi құралдарын пайдалану


               ережелерiн бұзу

      1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды өз бетiнше тоқтату, -


      бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 440-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       440-1-бап. Темiржол жылжымалы құрамын мемлекеттiк


                  тiркеусiз немесе қайта тiркеусiз пайдалану
 
       1. Темiржол жылжымалы құрамын уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеусiз немесе қайта тiркеусiз пайдалану, -
      жеке тұлғаларға - екi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 440-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       441-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және


               олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру

      Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiр жол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      442-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн


               пайдалану тәртiбiн бұзу

      1. Әуе кемелерiнiң ұшуы, зымырандарды ұшыру, атыстың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жасау жұмыстары кезiнде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердi көтеруге, жылжытуға немесе түсiруге байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзу, -


      құқық бұзушылықты жасаудың құралы болған затты өтемiн төлеп алып қоя отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      құқық бұзушылық жасаудың құралы болған затты тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 442-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       443-бап. Ұшу қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

      1. Аэродром аумағында аэродромдарды ажырата бiлу үшiн қолданылған таңбалау белгiлерi мен қондырғыларына ұқсас қандай да бiр белгiлер мен қондырғыларды орналастыру немесе әуежай, аэродром әкiмшiлiгiнiң рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу, немесе әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн қауiптi құстардың жаппай жиналуына жағдай жасайтын объектiлер салу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнгi және күндiзгi таңбалау белгiлерiн орналастыру туралы ережелердi орындамау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Аэродром жабдықтарын, аэродром белгiлерiн, әуе кемелерiн және олардың жабдықтарын бүлдiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Тиiстi рұқсатсыз әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), аэродромдардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектiлерiнiң аумағы арқылы жаяу жүрiп немесе көлiкпен өту, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Жолаушының әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ұшудың қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн жағдай тудырса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 443-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       444-бап. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен


               жiберу ережелерiн бұзу

      1. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Адамды мас күйiнде әуе кемесiн басқаруға жiберу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      445-бап. Адамның мас күйiнде әуе кемесiн басқаруы

      1. Адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде әуе кемесiн басқаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

      446-бап. Әуе кемесiндегi мiнез-құлық ережесiн бұзу

      1. Әуе кемесiндегi адамның кеме командирiнiң өкiмiн орындамауы, егер бұл адамның әрекетi ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрмесе, -
      ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әуе кемесiнiң бортынан суретке түсiру, кино және бейнетүсiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ радио байланысы құралдарын пайдалану, -
     ескерту жасауға немесе таспа мен кассеталарды, радио байланысы құралдарын тәркiлей отырып, не онысыз, бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      446-1-бап. Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға


                 жарамдылығы туралы бағалау актiлерiнде
                 мәлiметтердiң бұрмалануы және (немесе)
                 дәйексiз мәлiметтердiң көрсетiлуi

      1. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарамағындағы ұйым инспекторының азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығын бағалау туралы бұрмаланған және (немесе) дәйексiз мәлiметтерi бар азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiн жасауы және оны азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарамағындағы ұйымның беруi, -


      азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарамағындағы ұйым инспекторына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарамағындағы ұйымға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарамағындағы ұйым инспекторына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарамағындағы ұйымға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Заң 446-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      447-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау


               ережелерiн бұзу

      1. Автомобиль көлiгiмен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктердi халықаралық тасымалдау ережелерiн бұзу, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерiн бұзу, -
      дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 447-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктердi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет