және арамшөптермен күрес жөнiндегi ережелердi
бұзу
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ережелердi бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 307-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
308-бап. Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден
өтпеген материалдарды әкелу және әкету
Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсiмдiк материалдарын өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекаралық пункттерге және шекарадағы бекеттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктердi рұқсат етiлетiн карантин құжаттарынсыз тасымалдау, -
карантиндегi өнiмдердi тәркiлей отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 308-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
309-бап. <*>
Ескерту. 309-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
309-1-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы
заңнамасын бұзу
РҚАО-ның ескертпесi!
309-1-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
2. Астықты экспорттау және импорттау кезiнде астық сапасының тиiстi паспорттарынсыз өткiзу, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттiк ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың кез келген мөлшерiн тиеп жөнелтуi және (немесе) көлiк ұйымдарының астықты уәкiлеттi органмен алдын ала келiспей әкетуi, -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуi ережелерiн бұзуы, -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсiпорнының астықты сақтауға қатысты емес қызметтi жүзеге асыруы, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруi және (немесе) өз мүлкiн кепiлге беруi, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың сандық және сапалық көрсеткiштерiн жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұрмалауы, олар құжаттамамен расталған жағдайда, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Астық қабылдау кәсiпорнының оларсыз астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазарту, сақтау және тиеп жөнелту қызметтерiн жүзеге асыру толығымен мүмкiн болмайтын не айтарлықтай нашарлайтын негiзгi құрал-жабдықтарды иелiктен шығаруы, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн осы баптың бесiншi, алтыншы, жетiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, -
лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бес жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Агенттiң астықты қайта өңдеу ұйымдарына iшкi нарықты реттеу мақсатында өткiзген мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығын олардың нысаналы пайдаланбауы -
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Отандық астық өндiрушiлердiң мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндеттеменi орындамауы -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 309-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру кезiндегi құқық
бұзушылық
1. Егiске арналған тұқымды өндiру, өткiзу және пайдалану жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау жөнiнде қызмет көрсетушi аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым сапасына сараптама жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарын бұзуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 309-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
309-3-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi
жүзеге асыру тәртiбiн бұзу
Фитосанитариялық есептiлiктi табыс етпеу, сол сияқты уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 309-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
309-4-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын
дамыту туралы заңнамасын бұзу
1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтамен жүргiзiлген операциялар көрсетiлетiн құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгiленген тәртiбiн бұзуы, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мақта талшығының тиiстi сапа паспортынсыз мақта талшығын өткiзу, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсiпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасымен белгiленген талаптарды бұзғаны туралы уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамау не тиiсiнше орындамау, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысудан жалтару, -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесi!
5-бөлiкке өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруi және (немесе) өз мүлкiн кепiлге қоюы, сондай-ақ оларсыз шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру мүлде мүмкiн болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негiзгi құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иелiктен шығаруы, -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтiнiштерi бойынша мақта мөлшерi мен сапасының көрсеткiштерiн оларды құжаттамалық растау талабымен үнемi (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп) бұрмалау, -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензиаттың лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат беруi, -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң немесе уақытша әкiмшiлiктiң Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы, -
жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзiмi өткен соң, осы баптың төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 309-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 299 Заңымен.
310-бап. Ветеринария туралы заңдарды бұзу
Ветеринария туралы заңдарды :
1) мiндеттi ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;
3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;
4) ауру жұқтыратын малды тарату;
5) малды өсiру кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi сақтамау;
6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау;
7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзу;
8) iшкi сауда объектiлерiнде, жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсiру алаңдарында және көлiк құралдарында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтердiң талаптарын сақтамау;
8-1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысынсыз жаңа, жетiлдiрiлген ветеринария препараттарын қолдану;
8-2) ветеринариялық-санитариялық объектiлердi салу мен ұстауды қамтамасыз етпеу;
9) ветеринария саласында iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ iндетке қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 310-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24. N 190-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
311-бап. Иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау
ережелерiн бұзу
1. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi күтiп-ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды күтiп ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 311-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
20-1-тарау. Бiлiм беру саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық
311-1-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм беру
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Педагог қызметкердiң мiндеттерiн және педагогтiк әдеп нормаларын орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бiлiм беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының мiндеттерiне ұқыпсыз немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл оқыту және тәрбиелеу процесiнде бiлiм беру ұйымдары тәрбиеленушiлерiнiң, бiлiм алушылары мен қызметкерлерiнiң денсаулығына жеңiл нұқсан келтiрсе, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Лицензиаттың бiлiм беру ұйымдарына қабылдаудың үлгi ережелерiн , бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережелерiн , бiлiм алушыларды ауыстыру және оқуына қайта қабылдау ережелерiн бұзуы, -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бiлiм беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың (бiрлестiктердiң) ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметi, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Берiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуi, сондай-ақ бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын өзгеше бұзу, -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бiрiншi-алтыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лицензиядан айырып, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң - оннан он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 20-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
21-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА
ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе
орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен , құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiндегi ережелермен , мемлекеттiк стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.
Ескерту. 312-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
312-1-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi
саласындағы заңнамасын қатерлерге тәуелсiз
бағалау жүргiзу кезiнде бұзу
1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық, бөлiмшесiне қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытындының көшiрмесiн табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
сарапшы ұйымға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
2 Объектiнiң өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы дұрыс емес ақпараты бар, өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытындыны табыс ету -
сарапшы ұйымға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлерге тәуелсiз бағалау жүргiзу нәтижелерi бойынша көрiнеу жалған қорытындыны табыс ету -
сарапшы ұйымдарға аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 312-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн
Достарыңызбен бөлісу: |