Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет22/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48

               өнiмдердi шығару және өткiзу

      Техникалық регламенттердiң талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу не мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiндегi қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.


      Ескерту. 313-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.05.26 N 34 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       314-бап. Су айдындарында қауiпсiздiк ережелерiн бұзу


                немесе орындамау

       1. Су айдындарында қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрсе, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 314-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде


               радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу

      Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың бiлiктiлiгiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 315-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң


               талаптарын бұзу

      Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 316-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн


                қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу

      1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы:


      1) техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердi өткiзу;
      2) стандарттау жөнiндегi мәлiмделген нормативтiк құжаттың талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;
      3) тауарларды буып-түю және буып-түйiлген тауарларды кез келген орама түрiнде өткiзу кезiнде ережелердi сақтамау, егер бұл өнiм сапасының төмендеуiне, бұзылуына немесе өнiмнiң нормативтен артық ысырап болуына әкеп соқса;
      4) сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын, сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларациясы жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзiмi өткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда өнiмдi әкелу және (немесе) өткiзу;
      5) тиiстi нормативтiк құжаттарсыз өнiмдi (соның iшiнде жөндеуден) шығару, жеткiзу (өткiзу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызметтердi орындау;
      6) өнiмдi стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын тапсырыс берушiге не өндiрiске беру;
      7) сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу ережелерiн бұзу;
      8) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылу күшiн растау, сол сияқты сәйкестiк туралы декларацияны, декларацияны мәлiмдеудi негiзсiз қабылдау немесе тiркеу;
      9) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнде сәйкестiктi растау саласында аккредиттелмеген жұмыстарды жүзеге асыру;
      10) мемлекеттiк сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексерiлмеген немесе жөнделмеген өлшем құралдарын және стандарттық үлгiлердi айналымға шығару;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      11) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      11) тиiстi рұқсатсыз өлшем құралдарын дайындау, тексеру және жөндеу, сондай-ақ стандарттық үлгiлердi шығару және метрологиялық аттестаттау;
      12) мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшемдердi орындау әдiстемелерiн қолдану;
      13) тексеруден немесе өлшем құралдарын калибрлеуден өтпеген және (немесе) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлмеген өлшем құралдарын пайдалану түрiнде жасалған бұзушылық, -
      14) алынып тасталды - 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      аккредиттеу аттестатын, сарапшы-аудитор аттестатын тоқтата отырып не онсыз, жеке тұлғаларды - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы Кодекстiң 317-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқауларын орындамау не тиiсiнше орындамау, -
      аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 317-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27. N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      317-1-бап. Өнiмнiң жекелеген түрлерiнiң қауiпсiздiгiн


                  қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
 
      Субъектiнiң тамақ өнiмдерiнiң, химиялық өнiмдердiң, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы заңнамалық актiлерде және техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған кезден бастап өнiмдердiң өмiрлiк циклi процестерiн жүзеге асыруын тоқтатпауы, сол сияқты мемлекеттiк органдардың қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нұсқауларын орындамауы, -
      қызметi тоқтатыла отырып немесе онсыз, өнiм тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуден жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден үш жүз онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүзден бiр мың алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Осы бапқа қатысты тамақ өнiмдерiнiң, химиялық өнiмдердiң, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы заңнамалық актiлерге сәйкес өнiмдердiң қауiпсiздiгiне жауапты тұлғалар субъектiлер деп танылады.
      Ескерту. 317-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты


                  беру тәртiбiн бұзу

      1. Тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегi сарапшы-аудитордың тауар туралы деректерi бұрмаланған және (немесе) дәйексiз болған тауардың шығарылуы туралы сараптаманың актiсiн жасауы және оны сараптама ұйымының беруi, -


      тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегi сарапшы-аудитордың бiлiктiлiк аттестатын алты ай мерзiмге тоқтата тұрып не онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, сараптама ұйымдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауардың шығарылуы туралы тиiстi түрде ресiмделген сараптама актiсi және техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етiлген жағдайда тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден бас тарту, -
      аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарына айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының тауар туралы деректерi бұрмаланған және (немесе) дәйексiз болған тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруi, -
      аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi шешiмдi берудiң мерзiмiн бұзуы, -
      аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын, бұрмаланған және (немесе) дәйексiз құжаттарды беру, -
      дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегi сарапшы-аудитордың бiлiктiлiк аттестатынан айыра отырып не онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарына - қызметiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, сараптама ұйымдарына айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 21-тарау 317-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау

      Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiр жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 318-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн


               егiстiктi күзетудi қамтамасыз етуге
               шаралар қолданбау

      Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 319-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       319-1-бап. Есiрткiнi, психотроптық заттарды және


                  прекурсорларды өткiзудiң және медициналық
                  емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар
                  қолданбау

      1. Ойын-сауық мекемесiнiң, сондай-ақ бiлiм беру ұйымының лауазымды адамының және (немесе) иесiнiң есiрткiнi, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзудiң және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -


      лауазымды адамдарға және (немесе) қызметi тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер), -
      лауазымды адамдарға және (немесе) дара кәсiпкерлерге дара кәсiпкерлiк қызметiне тыйым салына отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметiне тыйым салына отырып - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметiне тыйым салына отырып - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы Кодексте аталған ойын-сауық мекемелерiне көңiл көтеру-демалу, театр-ойын-сауығы, спорт, мәдени-демалу мақсаттарында қызмет көрсететiн ойын мекемелерi, түнгi клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсаттарындағы объектiлер және өзге де үйлер, мекен-жайлар, ғимараттар жатады.
      Ескерту. 319-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      320-бап. Өткiзу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен,


               психотроптық заттармен және прекурсорлармен
               заңсыз айналысу

      1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, -


      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденiп алу, тасымалдау немесе сақтау –
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
      ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Өткiзудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 320-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      321-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен


                прекурсорларды насихаттау және заңсыз
                жарнамалау

       1. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енген есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi құралдары және психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттар үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату, -
      тиiстi қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер.
      1. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, дайындау тәсiлдерi, әдiстерi туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәлiметтердi таратуға, сондай-ақ кiтап өнiмдерiнiң, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өндiрiсiне және оны таратуға, аталған мәлiметтердi компьютер желiлерiнде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де iс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметiн түсiнген жөн.
      2. Осы бапта есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсiгiне ол сезiне алмайтындай әсер ететiн, оның есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегiмен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөнiндегi қызметiн түсiнген жөн.
      Ескерту. 321-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      322-бап. Заңсыз медициналық және (немесе)


               фармацевтикалық қызмет

      1. Қызметтiң осы түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негiзде көрсету, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпыстан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң алты жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Заңда белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi құжаттарсыз халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысу, жаппай емдеу сеанстарын, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткiзу, -
      тиiстi емшi дипломынан немесе арнайы рұқсаттан айыра отырып, бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар тағайындауға уәкiлеттi медицина қызметкерлерiнiң сыйақы алу мақсатымен дәрiлiк заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жiберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 322-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),  өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

       323-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет