Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) өңделетін өнімдердің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатын әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің;
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
5) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің (аумағына өңделетін өнімдер импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан өңделетін өнімдерді әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің негізінде жүзеге асырылады.
Егер өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын өңдеу бойынша жұмыстар орындалған Кеден одағына мүше-мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе, - осындай өңделетін өнімдерді тиеп-жөнелтуді растайтын құжаттардың;
Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) оның негізінде өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің;
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өңдеу өнімдерінің Кеден одағы шегінен тысқары жерлерге әкетілуін растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің;
Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
6) тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы баптың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар кедендік жүк декларациясының;
7) мынадай жағдайларда:
тауарларды магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
кезең-кезеңдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген Кеден одағына мүше-мемлекеттің кеден органының белгілері бар толық кедендік жүк декларациясының;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
4. Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
276-12-бап. Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 244-бабына сәйкес жүргізіледі.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға не аталған тауарларды Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар:
1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан сол немесе Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың актiлерiмен, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерiмен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
276-13-бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу
1. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға, осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 276-14-бабында көзделген, тауарларды өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі сақталған жағдайда нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен сол Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау мыналар болып табылады:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
6) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, өңделген өнімді кейіннен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын өңдеуге, дайын өнімді беруге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдап алу-тапсыру актілері;
4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
5) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы;
8) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, қайта өнімді кейіннен Кеден одағына мүше емес мемлекеттік аумағында өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
5) кедендік декларациялауды жүзеге асырған Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы растаған экспорт кедендік рәсімінде Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына тауарларды әкету кезінде ресімделетін кедендік жүк декларациясының көшірмесі;
5-1) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі, тауарлар экспортын да растайтын құжат болып табылатын тауарлар декларациясы. Осы тармақшада көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты табыс ету талап етілмейді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын, осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
5. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі өткізу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкетуді (әкелуді) жүзеге асырған жағдайда, өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімінде орындалуын ұсынады.
7. Алыс-беріс шикізатын өңдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарларды өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.
8. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді:
1) сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен өңделетін өнімдердің атауын, сыныптамасын, олардың санын және құнын;
2) өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күнін және нөмірін, өңдеу мерзімін;
3) өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын;
4) өңдеу сипаттамасын;
5) өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
9. Тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша салық органының рұқсатымен, егер олар өздерінің сипатталуы, саны, құны, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша өңделген өнімдерге сәйкес келетін болса, өңделген өнімдерді өңдеушінің бұрын өндірген тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.
276-14-бап. Алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі
1. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және ол алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап оған осы тарауға сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көрсетілген баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында өткізу бойынша салық салынатын айналым деп танылады және осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында және осы Кодекстің 276-11-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізаты әкетілген күннен бастап осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.
Осы тармақтың мақсаттарында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелінбеген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдерінің көлеміне келетін алыс-беріс шикізаты бойынша салық салынатын айналымның мөлшері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясаты негізінде осындай өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізаты құнының мөлшерінде айқындалады.
Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есепке алу саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдісі күнтізбелік бір жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.
276-15-бап. Кеден одағында қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
1. Мыналарды:
1) осы Кодекстің 33-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы Кодекстің 276-5-баптың 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілуін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада аталған қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (
Достарыңызбен бөлісу: |