Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет12/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

ссоепті баіпаныс
деп атайды. Сонымен, когамга кауіпті іс-әрекет, кылмыстык зардап, себепті 
байланыс кылмыстык кұкык бұзушылықтың объективті жагының бел- гілсрі болып табылады. 
Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын кауіпгі іс-әрекет белгілері бір 
кеңістікте және уақытта орын алатын нақты көрініс болып табылады. Қылмыстык кұқыкта кеңістік 
деген ұгым накты іс-әрекеттің істелген орны ретінде карастырылады. Сондықтан да қылмыстык 
құқық бұзушылыктың объсісгивтік жагының мазмұнын ашып корсететін белгілер қатарына қогамға 
қауіпті іс-әрекет, істелген орын жэне уақыт та косылады. Кейбір реттерде заң шыгарушы накты 
қылмыстык құқық бұзушылык кұрамының белгілерін анықтағанда қогамға қауіпті іс-әрекеттің 
белгілі бір жагдайда істелетіні туралы да еске салады. Демек, мұндай жагдай қылмыстың объектив- 
тік жағының бір белгісі болып саналады. Кез келген қогамга қауіпті іс-эрекет белгілі бір тәсілмен, 
кейбір реттерде нақты құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін: кісіні өлтіру үшін мылтық немесе пышак, 
у-дәрі пайдалану, адамды тұншықгыру, қылғындыру не- месе автокөлікпен әдейі кагып кету арқылы 
да өлтіреді. Қылмыстык кұқык бұзушылық жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау 
(мысалы, алаяқтықта немесе салық кылмыстарында) болуы мүмкін. Осы айтылгандарға байланысты 
қылмыстық құкық бұзушылық істеудің тәсілі, құрал және қару-жарак деген ұғымдар да қылмыстық 
құқық бұзушылыктың объективтік жағының мазмұнын ашатын белгілер қатарына жатады. Со- 
нымен, жогарыда айтылган белгілердің барлығы да қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік 
жагының белгілері болып табылады және осы белгілер аркылы объективтік жактың мазмұны 
айкындалады. Кез келген жеке қылмыстык кұқық бұзушылық кұрамы үшін объективтік жақ сол 
нақты құрамның торт элементінің бірі ғана. Қылмыстық кұкылық нормамен белгіленген қылмыстық 
кұқык бұзушылық құрамының белгілерін талдаганда сол кылмыстык кұкык бұзушылықтың 
объективтік жагы нақты қандай бел- гілерден тұратынын анықтау өте кажет. Қылмыстык құқықтың 
Ерекше бөлімінің нақты нормаларын талдаганда, жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық 
бұзушылықтың объ- ективтік жагының барлык белгілері түгелдей дерлік, нақты нормалардың 
әрқайсысында кездесе бермейді. 
Көптеген жагдайларда қоғамға қауіпті іс-эрекеттен міндетті түрде туындайтын зардаптың 
(мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның озінде атап көрсетеді. Мұндай 
ретте заң шыгарушы объективтік жақтың - уақыт, орын, жагдай, тәсіл немесе баска да белгілерін 
заңда көрсетпейді. 
Біршама кылмыстық-құкылық нормалар когамга қауіпті іс-әрекетті атап өтумен ғана шектеледі. 
Мысалы, пара беру (367-бап), кызметтік жалғандық жасау (369-бап). 
Кейбіржекелегенкылмыстык-құкылыкнормалардақылмыстыққұқык,бұзушылықтың 
істелген 
орны, уақыты немесе жагдайы тура көрсетіледі. Яғни, кылмыстык құкык бұзушылықтың 
объективтік жагының мазмұнына тэн бір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана когамга кауіпті 
әрекет немесе эрекетсіздік кез келген қылмыстық құкық бұзушылық құрамының объективтік 
жагының міндетті, қажетті белгісі, ал калган белгілерінің барлыгы да факультативтік белгілер болып 
табылады. 
Қылмыстық кұкық бұзушылыктың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін 
дэлме-дэл анықгау арқылы істелген қоғамга кауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудын негізі болып 


41 
табылады. Екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы өзара жакын, ұксас кылмыстық кұқық 
бұзушылыктарды бір-бірінен ажыратуга мүмкіндік туады (мысалы, ұрлықгы тонаудан, алаяктыкты 
ұрлыктан т. Б.). Осыған байланысты 
қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды 
элементтері қатарына жатады. 
Іс-әрекет кез келген қылмыстық құқык бұзушылыктың объективтік жагының қажетті белгісі 
болып табылады. 
Қоғамға қауіпті іс-эрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенді немесе ен- жар түрде 
қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі бо- лып табылады. 
Кез келген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға 
қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қоргайтын қогамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу арқылы 
немесе кол сұғу қаупін туғызу аркылы көрінеді. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дэрежесі ең 
алдымен келтірілген зиянның мөлшері, қол сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықталады. 
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің міндетті белгілерінің бірі оның құқыққа қайшылығы болып 
табылады. Мұндай белгінің болуы азаматтарды заңсыз қылмыстык жауапқа тартуға жол бермеуінің 
кепілі болады жэне зандылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. 
Іс-эрекет - адам мінез-кұлкының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болып табылады. Сондықтан 
да адамның ниеті, пікірі, ойы қаншалықты зиянды болганымен, ол белгілі бір іс-әрекетпен 
ұштаспаса, ол қылмыстық жауапка тартылмайды. Іс-эрекет - адамның саналы мінез-құлқының 
көрінісі. Сондықтан да адамның санасынан тысқары болған кез келген дене қозғалысы, ол 
каншалыкты қоғамға зиянды залал келтіргені не зиян кел- тіру қаупін төндіргеніне қарамастан, 
қылмыстық-құқылық тэртіппен жазаланатын іс- әрекетке жатпайды. 
Адамның өзінің еркіне байланысты емес, одан тыс жағдайда тойтарылмайтын күштер (күш 
қолдану мен қорқыту) арқылы қоғамға зиянды залал келтірілсе, онда кылмыстық- құқылық іс-әрекет 
туралы сөз болуы мүмкін емес. 
Тойтарылмайтын күш, күш қолдану жэне корқытып зорлаудың түсінігі қылмыстық заңда 
көрсетілмеген. 
Тойтарылмайтын күшке - табиғат апатының, хайуанаттар, есі ауысқан адамдар мен дүлей күштің 
әсерінен адамның өз ойы, еркі арқылы белгілі бір іс-әрекетті істеу мүмкіндігінен айырылуы жатады. 
Мысалы, дәрігер ауру адамға аяқ астынан су таскыны болып кетуге байланысты, дер кезінде барып 
көмек бере алмайды. Сондай-ақ, ормандагы өртті сөндіру мақсатымен орман агашын кесу арқылы 
орттің жолын богеу де қылмыстық қукык бұзушылык болып саналмайды. 


42 
Бір адамның екінші бір адамга күш қолдану нәтижесінде оның мүлдем өз еркінен тыс жагдайда 
қогамга қауіпті іс-әрекетті істеуі қылмыстық күқық бұзушылық болып та- былмайды. Мысалы, таяқ 
жеп, жан тәсілім алдында аман қалган, қол аягы байланган күзегшіні кылмыскерге карсыласпадың 
деп кінэлаудың реті жоқ. Аталган жагдайлардагы тойтарылмайтын күш немесе күш қолдану арқылы 
мэжбүр ету кылмыстык кұкық бұзушылық үшін жауаптылыкты жоятын жагдайлар деп есептелінеді. 
Белгілі бір іс-эрекетті істеу немесе істемеу күш қолданамын, материалдык немесе моральдық 
зиян келтіремін деп корқытып мэжбүрлеу арқылы да жүзеге асырылады. Кейбір реттерде қоркыту 
аркылы мәжбүрлеу адамның еркін бірден тойтарып, жокка шыгармайды. Мұндай күйге ұшыраган 
адам өз қалауы, еркі бойынша эрекет істеу мүмкіндігіне біршама ие болады. Сондықтан да мұндай 
күйге душар болгандар шын мәніндегі аса (мәжбүрлік) кажеттілік жағдайында болмаса, әдетте 
кылмыстық жауапқа тартылады. Мысалы, кассир сейфтегі ақшаны өзіне тікелей мылтык көздеп 
тұрған бандит- ке бсруге мэжбүр болады. Бұл жерде адам өмірі ақшадан кымбат. Кассир аса 
кажеттілік жагдайында, ягни нақты коркыту салдарынан өз еркіне байланысты емес іс-әрекетті іс- 
теуге мәжбүр болып отыр. Кейбір жагдайларда басқа адамның гипнозы аркылы адам өз еркінен тыс 
іс-әрекеттерге жол беруі мүмкін. Сондықтан да мұндайда адам еркінен тыс істелген іс-әрекеттің 
қылмыстық-кұқылық мэні болмайды. Өйткені, гипноз қоркытып, мәжбүрлеудін ерекше нысаны
бұған душар болгандар өзінің коғамга қауіпті, заңга кайшы іс-әрекетін өз еркінен, сана-сезімінен 
тысқары жагдайда істейді. Қоғамга қауіпті іс-әрекет екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Оның 
біріншісі, әрекет - мінез-құлықтың белсенді нысаны, екіншісі, эрекетсіздік - мінез-кұлықтың 
енжарлық нысаны. 
Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстык кұқық бұзушылықтардың басым көпшілігі әрекет 
нысанында істеледі. Аздаған кылмыстар гана әрекетсіздік нысанда жүзеге асыры- лады. Ал кейбір 
жекеленген қылмыстық құқық бұзушылықтар белсенді әрекет күйінде де немесе әрекетсіздік 
(енжарлык) күйде де істелуі мүмкін. Қылмыстык кұкылық әрекет көп жағдайларда адамдарға, 
жануарлар немесе баска да материалдык игіліктерге күш қолдану нысанымен әсер ету арқылы 
жүзеге асырылады. Мысалы, жеке адамдарға қарсы қылмыстарды (кісі өлтіру, денеге жарақат салу, 
жыныстық қылмыстар, бас бостандыгынан айыру) т. б. меншікке қарсы қылмыстар (ұрлық, тонау, 
каракшылық), террорлык акт, бандитизм, тагы басқалар. Қылмыстық-құқылық әрекет жазбаша түрде 
де істеледі. Мысалы, кызметтік жалгандық жасауды алайық. Бұл қылмыстың объектив- тік жагы 
лауазымды адамның мемлекеттік кызметшінің пайдақорлық немесе өзге жеке мүдделілікпен ресми 
құжаттарга біле тұра өтірік мәліметтер енгізуі, жалған құжат жаса- уы, құжатты өзгертіп қолдан 
жасаган құжаттар беруі болып табылады (369-бап) немесе кұкыктар беретін немесе міндеттерден 
босататын куэлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, дайындау немесе сату (385-бап). 
Кейде кылмыстық-құқылык әрекет сөз жүзінде де көрініс алады. Мысалы, жала жабу, яғни баска 
адамның ар-намысы мен қадір-касиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу 
жалған мәліметтер тарату (130-бап) немесе конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге немесе 
оның аумактық тұтастығын күшпен бұзуға шакырулар (179-бап) т. б. 
Қылмыстық-кұкылық эрекет өте сирек жагдайда ым көрсету нысанында да істелуі мүмкін. 
Әрекетсіздік мінез-құлықтың енжарлық нысаны болып табылады. Әрекетсіздік қылмыстық-
құқылық мағынага ие болуы үшін мынадай бірнеше белгілердің жиынтыгына сәйкес келуі тиіс: 
1. Әрекетсіздіктің нақты көрінісі неде, яғни айыпкер адам өзіне жүктелген нақты қандай 
міндеттерді істемеді? 
2. Әрекетсіздік жасаған адам осы нақты әрекеттерді істеуге міндетті ме? 
3. Осы әрекеттерді ондай адамның істеуте нақты мүмкіндіктері болды ма? 
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 152-бабында жұмысқа қайтадан алу туралы соттың 
шешімін лауазымды адамның орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен 
жауапкершілік белгіленген. Заң бұл жерде лауазымды адамның әре- кетсіздік мінез-құлқын көрсетіп 
тұр. Бірақ та оны осы баппен қылмыстык жауапка тарту үшін оның әрекетсіздігі немен байланысты? 


43 
Жұмыска кайта орналастыру тура- лы бұйрықты неге бермеді? Еңбек кітапшасын қайтадан 
қабылдаудан бас тартты ма? Жұмысқа қайтадан алу туралы соттың шешімімен келген адамды 
жұмыс орнына жібе- руден шындығында бас тартты ма деген мәселелерді аныктау қажет. Бұдан 
кейін бұл лауазымды адамның нақты құзыретін анықтап, жұмыска алу туралы бұйрықты осы лауа- 
зымды адамның шығаруға құқығы бар ма еді деген мәселелерден кейін, осы жоғарыда айтылған 
міндеттерді дәл осы адамның нақты жүзеге асыруға мүмкіндігі болды ма деген жағдайды анықтаған 
соң ғана осы белгілердің жиынтығы негізінде ол лауазымды адам- ды қылмыстық құкық бұзушылық 
үшін жауапқа тарту туралы мәселе қойылады. 
Әрекетсіздік үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартатын кезде осы жоғарыда 
көрсетілгендердің барлығын анықтау қажет. 
Әрекетсіздік үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартудың ең негіз- гісі - ол 
қылмыстық-құкылық нормалармен белгіленген қандай міндеттерді, талаптарды орындауға тиіс 
болды және оны орындауға нақты мүмкіндігі болды ма, осы мәселені анықтау керек. 
Адамдардың өзіне жүктелген белгілі бір міндеттерді, талаптарды орындамауы эр түрлі 
жолдармен белгіленеді: 
1. Заң талабынан (мысалы, заң азаматтарға ауыр қылмыстардың шынайы әзірленіп жатқаны 
немесе істелгені аян екені жайында хабарлауды міндеттейді - 434-бап). 
2. Кәсіптік немесе қызмет талаптарынан (заң немесе арнаулы ереже бойынша жәрдем көрсетуге 
міндетті медицина қызметкерінің науқас адамға дәлелді себепсіз жэрдем көрсетпеуі - 320-бап), 
санитарлык қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу (304-бап) т. б. 
3. Келісімшарттан, контрактіден, келісімшартта көрсетілген құқықтарды пайдаланып, біреудің 
баласына оны күтіп-бағудың орнына зиян келтіру немесе альпинистер тобының жетекшісі жәрдемге 
мұқтаж адамға асудан асуға көмек беруге міндетті болса, бірақ сол адамды қиын жағдайда 
калдырып, жәрдем көрсетпеуі. 
4. Отбасылық, туыстық қатынастардан (кэмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жөніндегі 
міндеттерді орындамау - 140-бап), қамқоршы немесе қорғаншы құқығын теріс пайдалану - 142-бап, 
балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражаттан, еңбекке жарамсыз 
жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару - 139-бап т. б. 
5. Адамгершілік нормасы мен мінез-құлық ережелерінен. Мысалы, өміріне неме- се 
денсаулыгына қауіпті жағдайдағы жэне сәбилігіне, қарттығына, науқастығына не- месе өзге де 
дэрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған 
адамды көрінеу көмексіз калдыру, кінәлі кісінің ол адамға комек корсегу мүмкіндігі болған жэне ол 
адамға камқорлық жасауға міндетті болган не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйде өзі 
қалдырган жағдайларда (119-бап) немесе жүрғізушінің автокөлікпен біреуді қағып кетіп, оны қауіпті 
жағдайда калдырып кашып кетуі т. б. 
Адамның істеген кез келген іс-әрекеті сырткы дүниеде белгілі бір өзгеріс тугызады. Қоғамға 
кауіпті іс-әрекеттер де қоғамға зиянды өзгерістер туғызуга немесе соны болды- ру каупін туғызуы 
мүмкін. Іс-әрекет арқылы келтірілген нақты зиянды аныктау аркылы магериалдық өмірге накты 
кандай өзгерістер келтірілгенін білеміз. 
Қылмыстық кұқык бүзушылык үшін - бүл кылмыстык заңда көрсетілген коғамдық қатынастарға 
эрекет немесе эрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады. 
Жаңа қылмыстык заңның Ерекше бөлімінде көрсетілген нормаларга талдау жа- сап, іс-әрекетті 
істеу аркылы заң корғаған, Қылмыстык кодекстің тиісті бабының дис- позициясында бейнеленген 
коғамдық катынастарға кандай өзгерістер келтірілетінін анықтаймыз. Мысалы, мемлекеттің 
Конституциялык 
құрылысының 
негіздеріне 
жэне 
кауіпсіздігіне 
қарсы 
кылмыстыққүқыкбұзушылықтарды (5-тарау) істегенде мемлекеттің конституциялык күрылысын, 
егемендігін және мемлекеттің кауіпсіздігін реттейтін коғамдык қатынастарға теріс өзгерістер 
келтіріледі. Меншікке қарсы қылмыстарды (6-тарау) істегенде меншік иесіне тікелей материалдык 


44 
залал келтіріледі. Жеке адамға карсы кылмыстык кұқык бұзушылыкта (1-тарау) әр түрлі зардаптар - 
адамның өмірін жою, әр түрлі дәрежеде жаракат келтіру, жыныстық немесе адамгершілік 
катынастарды бұзу зардаптары келтіріледі. 
Қылмыстық кодекстің нақты баптарының диспозицияларындағы қоғамға зиянды зар- даптарды 
анықтау үшін заң шығарушы әр түрлі терминдерді, түсініктерді қолданады. 
Көп жагдайларда заң шығарушы коғамға зиянды накты іс-әрекеттен туындайтын зардаптардың 
бірнеше балама түрлерін көрсетіп берген. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 292-бабының 1-бөлігінде 
өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты адамның қауіпсіздік ережелерін бұзуы абайсызда 
адамның денсаулығына ауыр, орташа зиян келтір- се. ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтірсе, 106-
баптың 1-бөлігінде: Денсаулыкка касакана ауыр зиян келтіру, ал осы баптың екінші бөлігінде екі 
немесе одан да көп адамға, адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе 
коғамдық борышын орын- дауына байланысты осы адамға немесе оның жакындарына, кінәлі адамға 
дәрменсіз күйде екені корінеу белгілі адамға, сол сияқты адамды ұрлаумен; адамдар тобы, алдын ала 
сөз байласу аркылы адамдар тобы жасаған; пайдакүнемдік ниетпен, сол сиякты жал- дау бойынша, 
бұзакылык ниетпен; әлеуметтік, ұлттық нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша 
жэне тағы баска заңда көрсетілген іс-әрекеттер аркылы қасақана ауыр зиян келтіру» делінген. Осы 
сиякты баптардағы бірнеше балама зардаптың біреуін орындағанның өзінде-ак іс-әрекетте кылмыс 
кұрамы бар деп есептелінеді. 
Заң шыгарушы коғамға зиянды іс-әрекеттен келтірілетін зиянды аныктағанда «ауыр зардап», 
«елеулі бұзу», «едәуір зиян» деген түсініктерді қолданады. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 345-бабы 
көлік кұралдарын жүргізуші адамдардың жол козғалысы жэне колік кұралдарын пайдалану 
ережелерін бұзуы абайсызда адамның денсаулыгына ауыр неме- се орташа зиян келтірсе, 
кылмыстық құкық бұзушылык үшін жауапкершілік туындай- тынын белгілеген. Лауазым адамы 
кызмет бабына қиянат жасаса (361-бап), салақтык жасаса (371-бап), мемлекеттік немесе коғамдык 
мүдделерге, я болмаса азаматтардың құкыктарына жэне олардың зан корғайтын мүдделерін елеулі 
бұзған жағдаііда ғана кылмыска тартылатыны атап көрсетілген. «Ауыр зардап», «елеулі зиян», 
«елеулі бұзу» деген түсініктер бағалау категориясы болып табылады және олар 2014 жылы 
қабылданған 
Қылмыстық кодекстің 3-бабында осы Кодексте қамтылған кейбір ұйымдарға түсініктеме берілген. 
Мысалы, осы баптың өзінде адамды канау, елеулі залал жэне оның мөлшері, ауыр зардаптар т.б. 
ұғымдарга заңдылық түсінік берілген. Мұндай түсініктер қоғамға қауіпті іс-эрекет жасағандардың 
қылмыстык кұқыкка кайшы жасаған кылмыстык кұкык бұзушылық іс-әрекеттін дұрыс саралауға 
мүмкіндік береді. 
Адамға күш қолдану немесе басқадай материалдык игіліктерге тікелей эсер ететін коғамға 
зиянды зардабы көп жағдайларда материалдық түрде болуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтірудің зардабы 
- кісі өлімі, денеге жаракат түсірудің зардабы - эр түрлі дәрежедегі дене жарақаты. Меншікке қарсы 
кылмыстык кұқық бұзушылықта одан мүліктік зардап туындайды. Тікелей мүліктік зиян немесе 
тиісті табыс көзінен айырылуы т. 6. 
Қогамга кауіпті істелген іс-эрекетті дұрыс саралауды шешу үшін көп жағдайларда келтірілген 
жағдайлардың түрін ғана емес, оның шамасын анықтаудың маңызы зор. Көрсетілген белгі бойынша 
денсаулыққа зиян келтіру ауыр, орта, болып белгіленген (ҚК, 107, 108-баптар). Материалдық 
залалдың мөлшері кейде заңның өзінде атап көрсетіледі. 2014 жылы кабылданған Қылмыстык 
кодекстің 3-бабында осы Кодексте көрсетілген кей- бір ұйымдарга түсініктеме берілген. 
Қылмыстық құқықта заң шығарушының тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс кұрамының 
объективтік жағын белгілеуге байланысты кұрам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет