Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


)  көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты



Pdf көрінісі
бет177/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

5) 
көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты; 
6) 
кінәлі адамга жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты; 
7) 
екі немесе одан да көп адамга қатысты; 
8) 
пайдакүнемдік ниетпен жасалган дәл сол іс-әрекет - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 
1) 
қылмыстық топ жасаса; 
2) 
урланган адамды қанау мақсатында жасалса; 
3) 
абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Үрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы 
болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес эркімнің өзінің жеке басының 
бостандығына құкығы бар (І6-баптың І-тармағы). Занда көзделген реттерде ғана жэне тек соттың 
немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға бола- ды (16-баптың 2-
тармағы). Конституция әркімге өз кұқыктары мен бостандыктарын сот арқылы қорғауға құқық 
береді (13-баптың 2-тармағы). 
Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, 
ұрлаушылардың билігінде ұстауын адам ұрлау деп айтамыз. 
Қылмыстың тікелей объектісі - адамның жеке бостандығы, косымша тікелей объект - 
жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі. 
Қылмыстың жэбірленушісі -жасына, денсаулық жағдайына, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына 
қарамастан ұрланған адам. Өз баласын басқа ата-анасынан, туыстарынан ұрлап алып кету бұл 
қылмыстың құрамына жатпайды. Қылмыс объективтік жагынан мына әрекеттерді белсенді түрде 
жүзеге асыру арқылы көрініс табады: тірі адамды оның еркінен тыс жағдайда жасырып, ашық түрде 
немесе алдау жолымен қолға түсіру; оны тұрғылықты мекен-жайынан немесе уакытша тұрып жаткан 
жерінен баска жерге апару; ұрланған адамды бас бостандығынан айырып ұстау. Қылмыс адамды 
оның еркінен тыс жағдайда колға түсірген уақыттан бастап аяқталған деп танылады, кылмыс 
формальдық құрамга жатады. Субъективтік жагынан қылмыс тек тікелей қасақаналыкпен істеледі. 
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. 
Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі 
көрсетілген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі зор болады, егер ол: 
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен; 
б) бірнеше рет; 
в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданылып; 
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып
д) кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты; 
е) кінэліге жүктілік жағдайында екендігі айқын әйелге қатысты; 
ж) екі немесе одан да көп адамға қатысты; 
з) пайдакүнемдік ниетте. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды: 


282 
а) қылмыстық топ жасаса; 
б) ұрланган адамды пайдалану максатында жасалса
в) абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарга әкеп соқса корсетілген 
қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып табылады. Көрсетілген ауырлататын және аса 
ауырлататын осы қылмыс қүрамдарының түсініктеріне Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше 
бөлімінің жекелеген баптарында түсінік берілген. 
Қылмыстык кодекстің 125-бабының ескертуіне сэйкес ұрланған адамды өз еркімен босатқан 
адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан 
босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет