Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет22/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

11- 
6 а п. Қылмыс санаттары 
1. 
Қылмыстар сипаты мен қоғамга қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес 
қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп 
бөлінеді. 
2. 
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екі 
жылдан аспайтын қасақана жасалган іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалганы үшін осы Кодекс- те 
көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалган 
іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады. 
3. 
Жасалганы үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандыгынан айыру бес 
жылдан аспайтын қасақана жасалган іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалганы үшін бес жылдан 
астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалган іс-
әрекеттер ауырлыгы орташа қылмыстар деп танылады. 
4. 
Жасалганы үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандыгынан айыру он екі 
жылдан аспайтын қасақана жасалган іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады. 
5. 
Жасалганы үшін осы Кодексте он екіжылдан астам мерзімге бас бостандыгынан айы- ру, 
емір бойына бас бостандыгынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қасақана 
жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады. 
Қылмыс санаттары
деп оларды нақты белгілері бойынша топка бөлуді айтамыз. Кылмысты 
санаттауға іс-әрекеттің қоғамга қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының 
жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда кылмысты санаттаудын үш түрлі көрінісі 
қалыптасқан. Ол біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарап 
қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екінші- ден, қылмыстың объектісі бойынша санаттау. Осы белгі 


67 
бойынша барлық қылмыстарды Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп, 
объектісінің маңыздылығына қарай бірінен соң бірі орын алған. Мысалы, адам өміріне қарсы, 
мемлекеттің егемендігіне, басқару тәртібіне, меншікке карсы, әскери қылмыстар т. б. Үшіншіден, 
қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар, коғамға кауіптілік сипаттары- на қарай жай, 
күшейтілген (квалифицированные), артықшылык берілген (привилегиро- ванные) болып 
бөлшектенеді. Мысалы: кісі өлтіру, ауырлатпайтын жэне жеңілдетпейтін жағдайда кісі өлтіру, 
жеңілдететін жағдайда жан күйзелу, кажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру бөліп бөлінеді. Қазак 
КСР-інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексін- де кылмыс санаттары деген мәселе 
көрсетілмеген еді. Тек қана 1972 жылы 4 қарашада Қылмыстық кодексте 7-1 деген жаңа бап 
енгізіліп, бапта ауыр қылмыстың түсінігі ғана берілді. 
Қазақстан Республикасының 1997 жылгы Қылмыстык кодексінде қылмысты санат- тау туралы 
арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына жэне қогамга қауіптілік дәрежесіне жэне кінәнің 
түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлыгы орташа, ауыр жэне аса ауыр болып санаттарға 
бөлінген. 
2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодекстің 11-бабына сәйкес: 
Жасалганы үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандыгынан айырудан 
аспайтын касакана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза 
бес жылга бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес 
кылмыс деп танылады. 
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан 
аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас 
бостандыгынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалган әрекет ауырлығы орташа 
қылмыс деп танылады. 
Жасалганы үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылга бас бостандығынан 
айырудан аспайтын касақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады. 
Жасалганы үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас 
бостандыгынан айыру, өмір бойына бас бостандыгынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы - 
қасақана жасалган әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады. 
Қылмысты осылай етіп санаттарга бөлу қылмыстық кұкык гылымында қалыптасқан кылмыс 
санаттарын Қылмыстык кодекстің санкциясында белгіленген, қогамға қауіптілік дәрежесіне карай 
бөлу жөніндегі қазіргі заманғы талапка сай келеді. Қылмыстық заңның жекелеген бабында 
көрсетілген санкция мөлшері коғамға қауіптіліктің дэрежесін бейне- лейді жэне эр түрлі 
қылмыстардың когамга қауіптіл ік дэрежесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жаза мөлшерінін 
баптардың санкциясында нақты белгіленуінің өзі судьяның өз білермендігімен кылмысты сол немесе 
басқа бір санатқа жатқызуына мүмкіндік бер- мейді. Қылмысты дэл санатка жаткызуға мүмкіндік 
беретін қосымша белгілердің түрі кінэ нысандары болып табылады. Мысалы, ауыр және аса ауыр 
қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады. Ауырлығы орташа немесе онша ауыр емес 
қылмыстарга қасакана немесе абайсыздықпен істелген қылмыстар жатады. Осы санаттарга сәйкес 
аса ауыр қылмыстарға қоғамға кауіптілік дәрежесі ерекше ауыр қасақана қылмыстар, мы- салы, 
кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм, зиянкестік
шабуыл жасап тонау сияқты қылмыс түрлері жатады. 
Ауыр қылмыстарга мысалы, контрабанда, денеге касақана ауыр жарақат салу, ауыр- лататын 


68 
жагдайды біле тұра кінәсіз адамды қылмыстық жауапка тарту т. б. қылмыстар жатады. 
Ауырлыгы орташа кылмыстарга касақана немесе абайсызда істелген қылмыстар: мы- салы, 
абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу, денеге касақана орта дәрежеде жарақат 
түсіру т. б. қылмыстар жатады. 
Ауыр емес қылмыстарга бас бостандыгынан айырмайтын жаза қолданылуы мүмкін. Оган 
қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе орта дәрежедегі жарақат түсіру сияқты қасакана 
немесе абайсызда істелген қылмыстар жатады. Қылмысты санатқа бөлудің маңызы ерекше. 
Санаттарга бөлу белгісі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтейтін режимді 
белгілеу: шартты жазаны қолдану немесе қолданбау (63-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою 
немесе сынак мерзімін үзарту (64-бап), қылмыстардың жиынтыгы бойынша жаза тагайындау (58-
бап), жазаны өтеуден мер- зімінен бұрын шартты түрде босату (72-бап), айыптау үкімінің ескіру 
мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (71-бап), рақымшылык немесе кешірім жасау 
актісі негізінде кылмыстык жауаптылык немесе жазадан босату (78-бап), сотталғандыкты жою 
немесе алып тастау (79-бап) мэселелері шешіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет