Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет251/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

176- 
6 а п. Тыңшылық 
Мемлекеттік қупияларды қурайтын мәліметтерді иіет мемлекетке, халықаралық не- месе 
шетелдік уйымга не олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларга беру мақсатында жинау, 
жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де 
мәліметтерді Қазақстан Республикасының улттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшін беру 
немесе жинау, егер бул іс-әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтыгы жоқ адам жасаса - 
он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қазакстан Республикасы Қылмыстык кодексінің 166-бабына сәйкес мемлекеттік қүпияларды 
қүрайтын мәліметтерді шет мемлекетке, халыкаралык немесе шетелдік үйымға немесе олардың 
өкілдеріне беру, сол сияқты, оларга бару максатында жинау. жымқыру немесе сақтау, сондай-ак 
шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша әзге де мәліметтерді Қазақстан Ресгіубликасының үлттык 
мүдделеріне қарсы паіідалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекстгерді шетелдік азамат немесе 
азаматтыгы жок адам жасаса тыңшылық деп танылады. 
Тыңшылықтың тікелей объектісі болып Қазақстан Республикасының сыртқы қауігісіздігі 
танылады. Тыңшылықтың затына екі түрлі мәліметтер жатады: 1) мемлекет- тік құпиялар; 2) 
Қазакстан Республикасының сырткы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін өзге де 
мәліметтер. 
Тыңшылықтың объективтік жагының белгілері: мемлекеттік немесе әскери кұпияны құрайтын 
мәліметтерді беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша 
өзге де мәліметтерді беру немесе жинау. 
Бұл жерде беру деп осы бапта көрсетілген мәліметтерді шетелдік мемлекетке, ше- телдік ұйымға 
немесе олардың өкілдеріне кез келген тәсілмен жеткізу, хабарлау болып табылады. 
Хабарлау немесе беру - ауызша, жазбаша, телефон арқылы, басқа біреу аркылы жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
Жинау дегеніміз осы бапта көрсетілген мэліметтерді әр түрлі тәсілдермен (жеке бақылау 
арқылы; құпия объектілерді суретке түсіру; дыбыс жазбаларын пайдалану; ақшаға сатып алу) табу 
немесе алу болып табылады. 
Үрлау деп заңға қайшы әрекеттермен мемлекеттік, құпиялары бар мәліметтерді осы бапта 
айтылған өзге де мәліметтерді ұйымдардан, кәсіпорындардан немесе жеке азамат- тардан тегін 
алуды айтамыз. 
Кінэлі адамның заңда көрсетілген осы мәліметтерді озі тұратын мекен-жайда немесе басқа 
жерде (саяжайда, тоғайда, бау-бақшасында) сақтауы да мүмкін. 
Шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша мемлекеттік құпиялар болып табылмай- тын өзге де 
мәліметтерді жинау, Қазакстан Республикасының ұлттык мүдделеріне зиян келтіре отырып 
пайдалану үшін берсе немесе жинаса ғана іс-эрекет тыңшылық үшін бел- гіленген кылмыс кұрамын 
құрайды. 
Субъективтік жағынан тыңшылық тек қана тікелей касақаналықпен жүзеге асы- рылады. 
Қылмыстың субъективтік жағының белгісі мемлекеттік құпияларды, өзге де мәліметтерді беру 
мақсаты болып табылады. 
Тыңшылықтың субъектісі болып 16-ға толған шетелдіктер немесе азаматтыгы жоқ адамдар 
танылады. Субъекті белгісі бойынша бұл құрамды мемлекеттік опасыздық құрамынан ажыратамыз. 


351


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет