Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§2. Қазакстан Республикасынын сырткы кауіпсіздігіне карсы кылчыстар



Pdf көрінісі
бет250/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§2. Қазакстан Республикасынын сырткы кауіпсіздігіне карсы кылчыстар 
175- 
6 а п. Мемлекетке опасыздық жасау 
1. 
Мемлекетке опасыздық жасау, ягни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы 
қақтыгыс уақытында жау жагына өтіп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мем- 
лекеттік қупияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдік уйымга не олардың 
өкілдеріне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының улттық мудделеріне қарсы 
багытталган әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс- 
әрекеттері - 
он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Үрыс жагдайында жасалган дәл сол іс-әрекеттер - 
он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга не өмір бойына 
бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, согыс уақытында жасалган іс-әрекеттер
 -
 
он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга не өмір 
бойына бас бостандыгынан айыруга не өлім жазасына жазаланады. 


348
 
Ескерту. 
Осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстің 176 және 179-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған 
адам, егер ол мемлекеттік органдарға ерікті түрде және дер кезінде хабарлауымен не- месе өзгеше 
жолмен Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтіруді болдырмауға ықпал етсе және егер 
оның әрекеттерінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Өз Отанына сатқындық жасау эр уақытта да ең ауыр мемлекеттік қылмыс ретінде 
карастырылган, Қазақ КСР-інің 1959 жылгы Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстың атауы - 
Отанга опасыздық деп көрсетілген еді. 1997 жылғы Қылмыстық кодекс бұл ата- уды Мемлекеттік 
опасыздық деп жаңа атаумен алмастырды. Өйткені Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумактық 
ұгымды, яғни адамның туған жерін бейнелейтін ұгым гана еді. Қазакстан Республикасының азаматы 
болып оның аумағынан сыртқары жерде тұрган Қазакстан Республикасының азаматтығын алған кез 
келген ұлттың өкілі танылатыны баршага аян. Осыган байланысты дүниежүзілік құқық 
стандарттарына сәйкес Отан деген түсінік мемлекеттік деген түсінікпен алмастырылуы заңды 
құбылыс. 
Мемлекетке опасыздық жасау дегеніміз - қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден, 
сондай-ак тыңшылык жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазакстан 
Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекет- ке, шетелдік ұйымға 
немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының азаматы 
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету 
мақсатында жасаган қасақана эрекет (180-бап). 
Мемлекеттік опасыздықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының мем- лекеттік 
кауіпсіздігі болыгі табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері - 
конституциялык кұрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастыгы, сыртқы жэне ішкі қауіпсіздігі жатады. 
Мемлекеттік опасыздықты жасаган адам басқа бір накты мемлекеттің пайдасына іс-әрекеттер 
істейді. 
Конституциялык құрылыстың ұгымы Қазақстан Республикасы Конституциясынын 
1- 
бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы болімінде 
конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынасгар, қогамнын саяси 
жүйелері нақтыланган. Осы бөлімде Қазакстан Республикасынын мемлекет- тік құрылысы (1-баптың 
1-тармағы), республика кызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармагы), республика 
егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармагы), мем- лекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық 
екендігі (3-баптың 1-тармағы), биліктің заң шыгарушы, атқарушы жэне сот тармактарына бөлінуі (3-
баптың 4-тармағы), идеологиялық және саяси эр алуандылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), 
меншіктің эр түрі жэне оның бірдей корғалатыны (6-баптың 1-тармағы) т.б. мәселелер нақты 
айкындалған. 
Конституцияда көрсетілген осындай және басқа ережелердің мазмұны конституциялык 
кұрылыстың мәнін білдіреді. 
Республиканың егемендігі дегеніміз - ел ішіндегі мемлекеттік өкімет билігінің үстемдігі жэне 
оның сыртқы саяси жағдайларға тэуелсіздігі болып табылады. Республиканың егемендігі оның бүкіл 
аумағын қамтиды (ҚР Конституциясы, 2-баптың 
2- 
тармағы). 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сэйкес өз аумагының 
тұтастығын, оған қол сұғылмауын және болінбеуін камтамасыз етеді. Мемлекеттің аумағының 
түсінігі, оның шекарасы, Қазақстан Республикасының «Мем- лекеттік шекарасы туралы» 1993 
жылғы 13 қаңтардағы арнаулы Заңында көрсетілген. 
Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 175-бабының 
диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету; 
тыңшылық жасау; мемлекеттік құпияларды жатқа беру; Қазақстан Рес- публикасына дұшпандык 
әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге 


349
 
де көмек көрсету. Осы іс-әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың объективтік жағының орын 
алғандығын көрсетеді. 
Қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету дегеніміз - Қазақстан Республика- сы 
азаматының жау басып алған аумақта орналаскан жау жағына өз еркімен өтуі, жауға көмек көрсетуі, 
жау жагының тапсырмасымен өзі тұратын аумакта эр түрлі іс-әрекеттер істеуі; жау жагына ерікті 
түрде шығып кетуі; тұтқын болуы сиякты әрекеттер жатады. Жау жағына өз еркімен өту қарулы 
жанжал кезінде ғана орын алады. Бейбіт кездегі мұндай іс- әрекеттер Қылмыстык кодекстің ЗЗО-
бабында көрсетілген - Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан эдейі 
заңсыз өтуі кылмыс құрамын кұрайды. 
Мемлекетке опасыздыктың бір түрі - Қазакстан Республикасы азаматының тыңшылык жасауы 
болып табылады. Қылмыстық кодекстің 176-бабында тыңшылықтың түсінігі берілген. Бұл түсінік 
Қылмыстық кодекстің 175-бабындағы тыңшылык деген ұғыммен объектісі, объективтік жагы жэне 
субъективтік жагы бойынша ұқсас. Осы екі бапта көрсетілген ұғымның айырмашылыгы тек 
кылмыстың субъектісінде ғана. Қылмыстық кодекстің 175-бабындағы тыңшылык субъектісі - 
Қазақстан Республикасының азаматы, ал 176-баптағы субъекті шетелдіктер, азаматтығы жоқтар 
немесе басқа мемлекеттің аза- маттары болуы мүмкін. Тыңшылыктың түсінігіне Қылмыстык 
кодекстің 176-бабына тал- дау жасағанда толык тоқталамыз. 
Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне мемлекеттік құпияларды беру 
дегеніміз - Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік кұпия болып та- былатын мәліметтерді 
шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып 
табылады. Мемлекеттік құпиялардыңтүсінігі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы наурыздың 
15-індегі «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңында көрсетілген. Осы заңга сәйкес «Қазакстан 
Республикасының кауіпсіздігіне нұксан келтіретін эскери саладағы, сырткы, саяси, экономикалық, 
барлау, карсы барлау жоне оперативтік іздестіру кызметіне байланысты мәліметтер мемлекеттік 
кұпияларға жатады». 
Мемлскеттік құпияларды жатка беру әр түрлі тәсілдермен - ауызша, жазбаша, схе- ма түрінде, эр 
түрлі өнімдердің бейнелері арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мемлекеттік қүпияларды жатқа бергенде 
кінэлі адам қызметі немесе жүмысына байланысты өзі білетін мемлекеттік қүпия мэліметтерді жатқа 
береді. 
Ал тыңшылықта мүндай мәліметтерді кінэлі адам жинайды, үрлайды. Міне, осы бел- гі бойынша 
бүл үгымдар бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан Республикасына қарсы дүшпандық әрекет 
жүргізетін шетелдік мемлекетке, шетелдік үйымга немесе олардың окілдеріне өзгедей көмек беруге 
(тыңшылық жасау мен мемлекеттік кұпияны жатқа бе- руден баска) мына іс-әрекеттерді істеу 
жатады: шетел барлау агентін паналату немесе оны жалган қүжаттармен, азық-түлікпен, қорганыс 
қүралдарымен жабдықтау; баспасөз қүралдары арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы қау 
іпсіздігі туралы, халықаралык катынастардагы оның беделін элсірететін жалган мәлімдемелер 
жариялау; республикага басқыншылық согысқа эзірленіп жатыр деген жалган жала жабу
мемлекетаралык соғыс өртін насихаттайтын әр түрлі үйымдарды құру, нәсілдік, ұлттык жікшілдікті 
тудыратын насихатты орістету; Қазақстан Республикасын баска мемлекеттермен кыргикабак соғыс 
жагдайына итермелейтін әр түрлі іс-әрекеттер жасау. 
Мемлекетке опасыздық жасау субъективтік жагынан тек қана тікелей қасақаналық арқылы 
жүзеге асырылады. Қылмыстык ниет эр түрлі көрініс алады, бірақ ол қылмысты саралауға әсер 
етпейді. 
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған Қазакстан Республикасының азаматы ғана танылады. 
Үрыс жагдайында жасалған мемлекетке опасыздық осы қүрамның ауырлататын түрі болып 
көрсетілген (175-бап 2-бөлігі). 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған (175-баптың 3-бөлігі) 
қылмыстар аса ауырлататын түрі болып табылады. 


350
 
Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуіне сәйкес осы бапта, сондай-ақ осы кодекстің 176 
және 179-баптарында көзделген қылмыстарды жасаган адам, егер ол мем- лекеттік органдарға ерікті 
жэне дер кезінде хабарлаумен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделеріне залал 
келтіруді болдырмауға жәрдемдессе жэне оның іс- әрекеттерінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, 
қылмыстық жауаптылыктан босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет