Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


  Үрлық, ягни бөтеннің мулкін жасырын жымқыру -



Pdf көрінісі
бет265/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

1. 
Үрлық, ягни бөтеннің мулкін жасырын жымқыру - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппул салуға не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) 
бірнеше рет; 
3) 
тургын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайга, қоймага не көлік қуралына заңсыз 
кірумен; 
4) 
ақпараттық жуйеге заңсыз кіру не ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша 
берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалган урлық - 
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не 
сол мөлшерде түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге 
не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Ірі мөлшерде жасалган урлық - 
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
4. 
Мынадай: 
1) 
қылмыстық топ жасаган; 
2) 
мунай-газ қубырынан; 
3) 
аса ірі мөлшерде жасалган урлық - 


366
 
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Ұрлык дегеніміз бөтен мүлікті жасырын алу, меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда, заңсыз 
болып табылады. 
Объективтік жағынан ұрлык бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұштасады. 
Бөтен мүлікті жасырын алу екі түрлі - объективтік және субъективтік белгілер бойын- ша 
аныкталады. Адамның ешкімге сездірмей, білдірмей әрекет істеуі арқылы мүлікті жа- сырын алуы - 
объективтік белгіге жатады. Ұрлық жасаған адамның мүлікті меншік иесі- не немесе өзге иеленушіге 
сездірмей, жасырын алудамын деген сезімі және осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей 
тілейтіндігі субъективтік белгіге, яғни кінэлінің бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-
әрекетке деген психикалық көзқарасын білдіреді. 
Осыған байланысты жәбірленуші үйде болмауы себепті оның пәтеріндегі затта- рын алу
жәбірленушіге сездірмей оның қалтасына түсу, мас адамның, ұйықтап жатқан адамнын немесе өте 
жастыгына, психикалык аурулығына, баскадай аурулық жағдайларына байланысты олардың 
заттарын алу ұрлык болып табылады. Егер мұндай реттерде жәбірленуші немесе басқа адам бұл 
әрекеттерді көріп калып, ол жағдайды кінэлі адам сезгенімен қылмысты іс-әрекетін одан эрі 
жалгастырса, онда оның әрекеті тонауга, ал қылмысты эрекетті кінэлі адам күш қолданумен немесе 
қолданбақшы болып жалғастырса, қарақшылыққа ауысып кетуі мүмкін. 
Заңдылық құрылысына қарай үрлық материалдық қүрамға жатады. Сондықтан да қылмыс 
қүрамының объективтік жагының белгісі - қылмыстың қогамга қауіпті зардабы - мүліктік залал 
келтіру болып табылады. Осыған байланысгы кінәлінің бөтеннің мүлкін алуымен бірге, оған билік 
етуге нақты мүмкіндік алған уақыттан бастап қылмыстық қүқық бұзушылық аяқталган деп 
саналады. Мекеме, ұйым аумағынан немесе күзетілетін объек- тілерден мүлікті, затты жасырын 
алып шығу әрекеті үрлық жасауға окталғандық деп са- налады. Осындай тәсілмен ұрланған заттарды 
күзетілетін объектілердің аумағынан алып кетуге қасақана көмектескен күзетшілер осы қылмысқа 
қатысушылар ретінде танылады. Егер адам үрлыққа дайындалу іс-эрекеттерін немесе үрлық істеуге 
тікелей бағытталған дайындалу әрекеттерін тоқтатса, не жасырын түрде алған үрлық затын 
күзетілетін объ- ектіден, аумактан шықпай түрып, осы қылмыстық қүқық бүзушылықты ақырына 
дейін жеткізу мүмкіндігі бола тұрса да оны істеуден өз еркімен бас тартып, үрланған затты қайтарса, 
онда кінәлінің әрекеті қылмыстық қүқық бұзушылық істеуден оз еркімен бас тарту деп танылып, ол 
қылмыстық күқық бұзушылық үшін жауаптылықтан босатылады (ҚК-тің 26-бабы). 
Ұрлыксубъективтік жағынан тікелей касақаналықпен жасалады. Кінэлі адам бөтеннің мүлкін 
жасырын түрде заңсыз, тегін алу аркылы меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық залал 
келтіретінін біледі жэне сондай тәсілмен сол залалды келтіруді тілей- ді. Қылмыс пайдакүнемдік 
ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады. 
ҚК-тің 188-бабының 2, 3, 4-бөліктері бойынша 14-ке толған, ал осы баптың бірінші болігі 
бойынша 16-ға толған адамдар қылмыстық күкық бүзушылықтын субъектісі бо- лып танылады. 
Қылмыстық занда үрлықтың ауырлататын жэне өте ауырлататын қүрамдары көрсетілген. 
Олар мыналар: 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 
2) бірнеше рет; 
3) түрғын, кызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік кұралына заңсыз кірумен; 
4) ақпараттық жүзеге заңсыз кіру не ақпараттық-коммуникапиялық желі бойынша берілетін 
акпартты өзгерту жолымен жасалған (ҚК-тің 188-бабының 2-бөлігі). 
Осы баптың 3-бөлігінде ірі мөлшерде жасалған ұрлык үшін, ал баптың 4-бөлігінде: 
1) қылмыстык топ жасаған; 
2) мүнай-газ қүбырынан; 


367
 
3) аса ірі мөлшерде жасалған үрлык 
Осы қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан екі немесе одан да көп адамдар 
катысса, ол адамдар тобы алдын ала үрлықты сөз байласып жасау, адамдар тобының алдын ала сөз 
байласуы бойынша жасалган үрлык деп (31-баптың 1, 3-тармақтары) танылады. 
Бірнеше рет жасалған үрлық. Қылмыстың бірнеше мэрте жасалуының түсінігі Қылмыстык 
кодекстің 12-бабында берілген. Бүрын істеген қылмысының аяқталғаны не- месе қылмысқа 
даярланғандығы, оқталғандығы я болмаса қылмысқа кез келген рөлді аткаруға бірлесіп қатысуы да 
қылмысты бірнеше мәрте істегендік деп танылады. Созыл- малы, жалғаскан кылмыстар бірнеше рет 
жасалган қылмыс деп саналмайды. 
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайларға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық. 
Тұргын жай дегеніміз адамдардың тұрақты немесе уакытша тұруына арналған не- месе олардың 
демалуға, мүлікті сақтауға, адамдардың басқа да мұқтаждыктарын өтеуге арналған (койма, балкон, 
әйнектелген дэліз) кұрылыстарды айтамыз. Адам тұруға арналмаған құрылыстар тұрғын жай деп 
танылмайды) Мысалы: шаруашылык қоймалары, мал қамайтын сарай, погреб жэне т.б.). Қызметтік 
немесе өндірістік үй- жай дегеніміз адамдарды немесе материалдық игіліктерді уақытша немесе 
тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар болып табылады. Бұған жататындар: зауыт, цех, ко- 
рабль, сақтық кассалары, мұражай, байланыс бөлімшесі, магазин, театр, оқу орындары, спорт 
құрылыстары және т.б. 
Қоймаға - тұрақты немесе уақытша материалдық игіліктерді сақтайтын, қоршалған немесе 
қоршалмаған күзетпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ осы мақсатқа қызмет ететін арнаулы (сейф, 
вагон, кассалық аппараттар, контейнер) мұнай-газ құбырына арнаулы заңдарда көрсетілген осы 
нысанға жататын объектілер жатады. 
Көлік құралдарына - кел келген өздігінен жүретін транспорттық көлік түрлері жата- ды. 
Көрсетілген объектілерге заңсыз кіру деп тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй- жайға 
бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатымен кіруді айтамыз. Бұл жерде бөтеннің мүлкін ұрлау 
мақсаты көрсетілген объектілерге заңсыз кірудің итермелеуші күші болуы керек. Тұрғын, қызметтік 
немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға көлік құралдарына өзінің қызмет бабына немесе атқаратын 
жұмысына, сол объектілерге яки біржолғы кіруге занды негізі болуына байланысты кіріп, ұрлық 
жасау заңсыз кіру ретінде саналмайды. 
Үрлықтың аса ауырлататын түрі ұйымдасқан топпен жасалған ұрлық болып табыла- ды. 
Егер кылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың 
тұракты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған ұрлық деп танылады (ҚК- тің 31-бабының 2-
тармағы). 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер 
бойынша сот тэжірибесі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 норма- тивтік каулысында 
«Үйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы ой- мен алдын ала біріккен екі немесе 
одан да көп адамнан тұратын тұрақты топ жатады
40
, сонымен бірге олар қылмыс істеуге жогаргы 
деңгейдегі ұйымшылдығымен, мұқият дайындығымен, қатысушылардың өзара рөлдерден 
бөлісуімен айрықшаланады» деп көрсетілген. Үйымдасқан топ болып ұрлық жасағандардың әрекеті 
топқа кіргендердің атқарған рөлдеріне карамастан, қылмыстың қоса орындаушылары болып таны- 
лып, олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 31-бабына сілтеме жасалмастан, тікелей Қылмыстық 
кодекстің 188-бабы 2-тармағының «1» тармақшасымен сараланады. 
Үрлыктың аса ауырлататын тағы бір түрі - ірі мөлшердегі ұрлық болып табылады. Ірі 
мөлшердегі ұрлықтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабына арнайы берілген. Осыған орай осы 6-
тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет