Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


сеніміне, қогамдық бірлестіктерге қатыстылыгына, тургылықты жеріне немесе өзге де кез



Pdf көрінісі
бет31/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

сеніміне, қогамдық бірлестіктерге қатыстылыгына, тургылықты жеріне немесе өзге де кез 
келген мән-жайларга қарамастан заң алдында тең. 
Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда 
көрсетілген жасқа толган, есі дұрыс адам саналады. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық үшін 
жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа то- луы болып танылады. Өте жас 
балалар қылмыстык күқық бүзушылықтың субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым 
жастығына сәйкес жеткілікті жагдайда өздерінің когамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере 
алмайды жэне өздерінің кылықтарын басқара алмайды. Сондыктан қылмыстык заң өзі арнайы 
көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа жэне жазаға 
тартуға тый- ым салады. Кәмелетке толмағандардың жас мөлшері жэне оларды қылмыстық құкық 
бұзушылық субъектісі деп тану мәселесі Қылмыстық кодекстің 15-бабында арнайы көрсетілген. Осы 
бап бойынша кылмыстык кұқық бұзушылық үшін жауапқа қылмыс істеген уақытқа дейін он алты 
жасқа толган адамдар тартылады. 
Қылмыс жасаган уакытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтіргені (99-бап), 
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезін- де 
денсаулыққа касақана ауырлығы орташа зиян келтіргені (107-баптың екінші бөлігі), зорлағаны (120-
бап), сексуалдық сипаттагы зорлық-зомбылық әрекеттері (121 -бап), адам ұрлағаны (125-бап), 
халықаралық корғауды пайдаланатын тұлғаларға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (173-бап), 
әлеуметтік, ұлттық, рулык, нәсілдік, тектік-топтык не- месе діни алауыздықты коздырғаны (174-бап), 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне колсұғушылық (177-бап), 
Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылык (178-бап), диверсия (184-бап), ұрлык 
(188-баптың екінші, үшінші жэне төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші жэне 
төртінші бөліктері), карақшылық (192-бап), қорқытып алушылык (194-баптың екінші, үшінші және 
төртінші бөліктері), ауырлататын мэн-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік кұралын 
жымкыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алғаны (200-баптың екін- ші, үшінші және төртінші 
бөліктері), ауырлататын мэн-жайлар кезінде бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені 
(202-баптың екінші жэне үшінші бөліктері), тер- роризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттағаны 
немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (256-бап), террористік топ құрғаны, оған 
басшылық еткені жэне оның әрекетіне катысқаны (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), 
террористік не- месе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны жэне терроризмге не экстремизмге 
өзге де дем берушілік (258-бап), адамды кепілге алғаны (261-бап), гимараттарга, құрылыстарга, 
қатынас жэне байланыс құралдарына шабуыл жасағаны немесе оларды басып алғаны (269-бап), 
терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаганы (273-бап), қаруды, ок- дэрілерді, жарылғыш 
заттар мен жарылыс құрылгыларын жымқырғаны не коркытып алғаны (291-бап), ауырлататын мэн-
жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (293-баптың екінші жэне үшінші бөліктері), тағылық (294-бап), 
есірткі, психотроптык заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қоркытып алғаны (298-бап), 
ауырлататын мэн-жайлар кезін- де өлгендердің мәйіттерін жэне олар жерленген жерлерді корлаганы 
(314-баптың екінші бөлігі) және көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана 
жарамсыздыққа кел- тіргені (350-бап) үшін қылмыстық жауаптылыкка жатады. 


79 
Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды, оны кең мағынада талкылауға 
болмайды. Осы көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігін 14 жаска 
толган әрбір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де заң шығарушы көрсетілген 
қылмыстық кұқық бұзушылықтың үшін жауаптылыкты 14 жасқа толган уақыттан бастап белгілеп 
отыр. 
Қылмыстық заң қылмыстық құқық бұзушылык үшін жауапқа 16 жастан, ал кейбір занда арнаулы 
көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатынын белгі- легенімен, кейбір әрекеттің 
мәнінің ерекшелігіне және субъектінін ерекше белгілеріне карай, қайсыбір кылмыстық құкық 
бұзушылықтардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады. Мысалы, 
кәмелетке толмаған адамды кылмыстык іске тарту - 133-бап, эскери қылмыстарда (18-тарау) 
қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі болып тек жасы 18-ге толған адамдар гана танылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылык істеген, кэмелетке толғандардың жасы, туган жылы, айы-күні дәлме-
дәл анықталуы қажет. Адамның белгілі бір жасқа (14, 16, 18, 25) толуы дэл туған күнімен емес, одан 
кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот- медициналық 
сарапшының қорытындысы бойынша аныкталганда, оның туган куні бо- лып сол аталған жылдың 
соңгы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады. 
Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда сот айыпкердің кім екендігін, оның тәрбие 
жэне өмір сүру шарттарын, қылмыстык ниетін, істеген қылмыстык кұқык бұзушылықтың себебі мен 
жағдайын толық есепке ала отырып, оларға тәрбиелік сипаттагы шараларды қолдануды немесе жаза 
тағайындау мәселесін шешуі қажет. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылдың 30 сәуіріндегі «Қылмыстық жаза 
тағайындаган кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында осындай мәселелерге 
ерекше назар аударылған. Онда «Егер қоғамға онша зиянды емес қылмыс жасаған он сегіз жасқа 
толмаған адамға кылмыстык жаза колданбай-ак түзелуі мүмкін деп тапса, сот ондай адамға 
қылмыстық жаза болып табылмайтын басқа шара- ларды қарастырады. Жасөспірімдер жөніндегі істі 
қараганда сот айыпкердің жеке басына байланысты мәліметтерді, олардың өмір сүру және 
тәрбиелілік жағдайларын, қылмысты істеуінің себептері мен оған әсер еткен мэн-жайларды, 
ересектердің оларды қылмыска итермелеудегі, тартудағы эсерін анықтаумен бірге оларға жаза 
тағайындауда тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын да қарастыруы керек», - делінген. 
Егер кәмелетке толмаган адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа 
толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалык даму жағынан артта қалуы 
салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлыктагы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің 
(эрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қогамдық қауіптілігін толык колемінде түсіне алмаса не 
оган ие бола алмаса, кылмыстык жауагіка тартылуга тиіс емес (15-бап, 3-бөлігі). 
Кәмелетке толмагандардың кылмыстық жауаптылыгы мен оларга жаза тагайын- даудың 
ерекшеліктері Қылмыстык кодекстің 6-бөлімінде (80-90-баптарда) арнайы карасгырылган. 
Кейбір қылмыстық құкык бұзушылык күрамдар үшін кылмыстық қүқык бұзушы- лыктың 
субъектісі болуға есі дұрыстық, занда белгіленген жасқа толу жеткіліксіз, он- дай кұрамдарға 
субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша белгілер болуы кажет. 
Мысалы, сайлау құжаттарын, референдум кұжаттарын бұрмалау және дауысты кате есептеу 
кылмысының (151-бап) субъектісі болып тек кана осы бапта арнайы көрсетілген - арнаулы адамдар 
гана бола алады. Мемлекеттік кұпияны (185-бап) жариялаудың субъектісі болып тек сол кұпия сеніи 
тапсырылган адам таны- лады. Еңбек туралы заңдарды бұзудың (156-бап) субъектісі болып 
лауазымды адам та- нылады. Аталған кылмыстык кұкық бұзушылықтын кұрамының ерекшелігі сол, 
мұндай кылмыстык кұкық бұзушылықтарды арнаулы атагы, лауазымы, белгілері жоқ кез келген 
адам істей алмайды. Жогарыда айтылған сайлау комиссиясының мүшелері, лауазымды адамдар 
немесе дәрігерлік атактар, арнаулы белгілерді көрсетеді. Сонымен, кылмыстык кұкык 
бұзушылыктың арнаулы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгімен (есі дұрыстық, белгілі бір 


80 
жаска толу) бірге Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша 
- арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз. 
Қолданылып жүрген кылмыстык занда кылмыстык кұкық бұзушылықтың арнаулы субъектісі 
туралы жалпы ұгым берілмеген. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арна- улы субъектісін 
сипаттайтын белгілер Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті кылмыстык-құқылық 
нормаларының диспозицияларында көрсетілген. 
Кейбір жагдайларда зан шығарушылык арнаулы субъектісі бар қылмыстық-кұкыктык 
нормалары жеке тарауларға біріктірілген, сондай-ак Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің накты 
нормаларында арнаулы субъектінің белгілерін көрсеткен, Қазакстан Республикасы Қылмыстык 
кодексінің Ерекше бөлімінде мұндай екі түрлі тараудың аты көрсетілген: 15-тарау - мемлекеттік 
кызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жэне өзге де қылмыстық 
құқық бұзушылыктар 18-тарау эскери кылмыстар. Мемлекеттік кызмет мүддесіне карсы қылмыстык 
кұкык бұзушылыктың ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды тек кана мемлекеттік органның лауазым 
иесі не- месе қызметшісі болып тагайындалған адамдар ғана қызмет бабын пайдалану аркылы істей 
алады. Санатқа жатпайтын адамдар кызмет бабындағы қылмыстардың объективтік жағының 
белгілерін орындауы мүмкін емес. Әскери кылмыстык кұкык бұзушылыктың субъектісі болып тек 
кана әскери қызметшілер, әскери қызмет атқаруға міндеттілер ғана саналады. Кейде арнаулы 
субъектінің белгісі Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінің нақты нормаларында көрсетілмегенімен, 
ондай белгіні заңды грамматикалық, логикалық, жүйелі түсіндірудің негізінде аныктауға болады. 
Мысалы, Қылмыстык кодекстің 320- бабы наукаска көмек көрсетпегені үшін кылмыстык 
жауаптылықты көрсеткен. Ол «заңға сәйкес немесеарнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті 
адамнын» деп көрсетілген. Тиісті заң жэне ережелер бойынша барлық медициналык жэне дәріхана 
қызметкерлері, дэрігер, акушер, фельдшер, медбикелер адамдарға кез келген кезде жәрдем көрсетуге 
міндетті. Занды түсіндіру жолымен біз бұл жерде қылмыстык кұкык бұзушылыктың ар- наулы 
субъектісіне тэн белгіні аныктаймыз. Кейбір нормалар бойынша кылмыстык кұкык бұзушылықтың 
арнаулы субъектісін анықтау үшін заң шығарушы белгілі бір мемлекеттік жүйе қызметкерлеріне тән 
сипаттаманы береді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерек- ше бөлімінің 17-тарауы бойынша сот 
төрелігіне және жазалардың орындалу тэртібіне қарсы қылмыстық кұқық бұзушылықтардың 
бірнеше нормалары әділсоттылыкка коса осы органның лауазымды адамдарының анықтаушы, 
тергеуші, прокурор, судья - істей- тін кылмыстық құқык бұзушылык туралы корсетіп, олардың 
кылмыстық жауаптылығын белгілеген. 
Жалпы Ереже бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кұкыгына сәйкес, қылмыстык 
құқық бұзушылық субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматта- ры, сондай-ақ 
шетелдіктер жэне азаматтығы жоқ адамдар (7, 8-бап) танылады. Арнау- лы субъектілі қылмыстарды 
қылмысқа бірге катысып істегенде оның орындаушысы тек қана арнаулы субъект, ал баска 
қатысушылары жай субъект болады. Арнаулы субъект мынадай белгілері бойынша топтастырылады: 
1. Мемлекеттік құкылық жағдайы бойынша: Қазакстан Республикасының азаматы, шетелдіктер 
жэне азаматтығы жоқ адам (ҚК-нің 175, 176-баптары). 
2. Демографиялық белгілері бойынша: 
Кінәлінің жынысына қарай еркек (120, 121-бап), эйел (123-бап); жас мөлшері (122, 124-баптар). 
3. Отбасылык туыстық қатынастары бойынша: 
Ата-аналар (139-бап), жұбайлар (140-бап), қамкоршы (142-бап), денсаулык жағдайы - АИТВ/ 
ЖИТС, соз ауруларымен ауыратын адамдар (117, 118-баптар). 
4. Әскери кылмыстык құқық бұзушылыктарды жасайтындар (437-466-баптар). 
5. Қызмет жағдайы жөніндегі адамдар (361, 362, 363, 360, 366, 367, 368, 369, 370, 371-баптар). 
6. Арнаулы мемлекеттік жүйелерде лауазымдық жағдайына байланысты қызмет атқарғандар - 
прокурор, судьялар (412, 413, 418-баптар). 
7. Кәсіби міндетіне карай: дәрігер (320-бап), медицина қызметкерлері (317-бап). 


81 
8. Атқарған кызметінің немесе жұмысының мэніне қарай қызмет не жұмыс бабын өзіне сеніп 
тапсырылған мемлекеттік құпияны жариялау (185-бап), теміржол, су, кеме және әуе көлігі 
қызметкерлері (344-бап), сайлау комиссиясының мүшесі (151-бап). 
9. Азаматтың мемлекет алдындағы борышының мэніне карай: куә, жәбірленуші, са- рапшы (421-
бап). 
10. Адамның жәбірленуші жөніндегі ерекше жағдайларына байланысты: жәбірленушіге 
қамқорлық жасауға міндетті адам (142-бап), жэбірленушінің сол адамға материалдық немесе 
басқалай тэуелді болуы (139-бап). 
11. Адамның бұрынгы істеген қогамға жат әрекетін немесе эрекетсіздігін сипаттай- тын 
белгілері бойынша бірнеше рет адам өлтіруі (99-бап, 2-бөлігі, 13-тармағы), бірнеше рет жасалған 
әрекет (120-бап, 2-бөлігі, 4-тармағы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет