556
Қылмыстық құқык бұзушылықтың объектісі - экологиялық қауіпсіздік аясындағы қатынастар.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты - микробиологиялық, биологиялық агенттер
микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, микроскопиялык грибоктар т.б.), улы заттар.
Қылмыстық құкық бұзушылык объективтік жагынан микробиологиялық
немесе баска да
биологиялык агенттерді немесе улы заттарды жинаи қою, жою немесе көму кезінде экологиялык
талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сактау немесе кому үшін заңсыз
әкелу, егер бұлар адам денсаулыгына немесе коршаган ортага елеулі зиян келтіру катерін
туғызғаны арқылы сипатталады.
Миробиологиялык немесе басқа да биологиялык агенттер немесе
улы заттар- мен жұмыс
істеудің тәртібін белгілейтін көптеген нормативтік-құкықтық актілер бар. Осы заттармен жұмыс
істеудің экологиялық талаптарын бұзу фактісін анықтау үшін маманның немесе сарапшының
көмегі кажет. Демек көрсетілген баптың диспозициясы бланкеттік. Осы бапқа сәйкес экологиялық
талаптарды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік аркылы жүзеге асырылады. Әрекетке биологиялык
агенттерді, улы заттарды
жарамсыз тәсілдермен сактау, өлшеу немесе оларды өндіруге сақтау
кезінде белгіленген темпера- тураны немесе сақтау режимін бұзулар жатады.
Әрекетсіздікке осы заттарды жинап қою, өндіру, сақтаудың белгіленген қауіпсіздік ережелерін
сактамау жатады.
Қылмыстан адам денсаулығына немесе қоршаған ортага елеулі зиян келтірілу каупі тууы керек.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Заңда көрсетілген экологиялык та- лаптарды бұзған елеулі
зиян келтірілу қаупі нақты болған уақыттан бастап кылмыс аяқталған деп саналады.
Қылмыстық құқык бұзушылық субъективтік жагынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен
істеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың
субъектісі - арнаулы, жоғарыда көрсетілген заттармен
жұмыс істеуге жіберілген адам.
Қылмыстық кодестің 326-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - қоршаған
ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулыгына ірі залал келтіруге,
не келтіру қаупін туғызған не жануарлар немесе осімдіктер дүниесінін жаппай құрып кетуіне әкеп
соққан, сондай-ақ төтенше экологиялык ахуал аумағында жасалған дәл сол әрекеттер, ал осы
баптың 3-тармағында қылмыстың өте ауырлататын түрі - осы баптың
бірінші немесе екінші
бөліктерінде көзделген, абайсызда адамдардын жаппай сырқаттануына немесе адам өліміне экеп
соққан әрекет үшін жауаптылык бел- гіленген.
Қылмыстык кұқық бұзушылықтың Кодекстің 326-бабы 2-тармагында сөз бо- лып отырган
төтенше экологиялық жағдай аумагы деп Қазакстан Республикасынын «Қоршаған
ортаны қорғау
жөніндегі» 1997 жылғы 15 шілдедегі заңынын 8-тарауына сәйкес белгілі бір аумақта адамдардың
іс-әрекеті немесе табигат апаты салдарынан пай- да болған қоршаған ортаның адамдардың өмірі
мен денсаулығына, жануарлар немесе өсімдікзер дүниесін сақтауға
тұрақты қауіп төндіретін
қолайсыз экологиялық эсері бар объектілерді айтамыз.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, коршаган ортаға аса ірі залал
келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сыркаттануына әкеп соккан іс- әрекеттер - осы
кылмыс кұрамының аса ауырлататын түрі болып табылады КК-тің 326- бабы 3-тармагы.
Аса ірі залал деп - қоршаган ортаны жэне табиғи ресурстардың
тұтынушылык қасиеттерін
қалпына келтіру үшін кажетті шыгындардың бір мың айлык есептік көрсеткіштен асатын
мөлшедегі кұндык көрінісі болып табылады (ҚК-тің 3-бабы 38-тармағы.
Достарыңызбен бөлісу: