552
жэне өзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу және жаңгырту, пайдалануға беру және
пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік
пен байланыс объек- тілерін, ауыл шаруашылық
мақсатындагы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу
кезінде, әскери жэне қорғаныс объектілеріне, әскери жэне гарыш қызметіне койылатын талаптарды
сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаган ортага ірі залал
келтіруге әкеп соқса не- месе әкеп соғуы мүмкін болса, әкеп согуы арқылы сипатталады.
Занда осы көрсетілген шаруашылық немесе озге де қызметті жүргізу үшін экологиялык
қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны техникалык-экономикалык негіздеу,
жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шарала- рын қарастырумен бірге
қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруда
табигат ресурстарын
тиімді пайдалану жактары, экологиялық, экономикалык, демографиялық
процестердің даму ерекшеліктері ескеалы- нуы, сондай-ақ объектілердің құрылысы құзыретті
мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұксатын алганнан кейін жүргізілуі
керек.
Объектілер барлық экологиялык талаптар орындалғаннан кейін гана пайдалануға беріледі;
эскери және қорганыс объектілері, әскери және гарыш қызметіне қойылатын барлык экологиялық
талаптар орындалган соң іске қосылады.
Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жагы Қылмыстык кодекстік 324-бабының
диспозициясында көрсетілген шаруашылық жэне өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын
экологиялық
талаптардың бұзылуы, қылмыстың зардабы және олардың арасындагы себепті
байланыс аркылы көрініс табады.
Талаптардың бұзылуын аныктау үшін арнаулы нормативтік-күкыктык актілер- ге жүгінуді
талап етеді: яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік. Экологиялык талаптарды реттейтін
арнаулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазакстан Республикасының 1997 жылғы 18
наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
шілдедегі «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
15 шілдедегі «Қоршаған ор- таны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9
шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту жэне пайдалану туралы»; Қазақстан
Республикасынын 1999 жылғы 11 акпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» заңдары, Қазакстан
Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін корғау, өсімін молай- ту жэне
пайдалану іуралы«, Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны
қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылгы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау
туралы» заңдарында сондай-ақ жер катынастары, атмосфералық ауаны корғау туралы т.б. зандар
жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы
Қазақстан Республикасының
«Экологиялык сараптама туралы» арнаулы заңымен реттеледі.
Қылмыстық кұқық бұзушылыктың объективгік жағының тағы бір қажетті бел- гісі
шаруашылық жэне озге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудың қоршаған
ортаның едәуір ластануы, адамның денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар не- месе өсімдіктер
дүниесінің жаппай қүрып кетуі немесе өзге де зардаптардын орын алуы болып табылады.
Қоршаган ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулыгына, жан- уарлар
немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір
немесе бірнеше адамға жеңіл, орта немесе
ауырлықтағы зиян келтірулер жатады.
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай кұрып кетуіне олардың көптеген аумақтар
бойынша сансыз қырғынға ұшырауы жатады.
Өзге де зардаптарга адамдардың улануы, эпидемия таралуы, қоршаған табиғи орта- ны
жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі материалдық залалдардың кел- тірілуі т.с.с.
553
жатады. Баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттер мен орын алған зардаптардың арасында
себепті байланыс болуы тиіс.
Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен
істеледі.
Қыл мыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және
өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына
жауапты лауа- зымды немесе
лауазымды емес адамдар. Мысалы, экологиялық сарапшылар, жергілікті атқару органдарының
лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының лау- азым адамдары т.б.
Қылмыстык кодекстің 324-бабының 2-бөлігінде -
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам
өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соккан іс-әрекет - үшін қылмыстың
ауырлататын түрі үшін жауаптылык көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: