Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Айғақтар беруге мәжбүрлеу



Pdf көрінісі
бет589/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

415- 
6 а п. Айғақтар беруге мәжбүрлеу 
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тара- 
пынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттер қолдану жолымен күдіктіні, 
айыпталушыны, жәбірленушіні, куані айгақтар беруге мәжбүрлеу, сол сияқты адамның ерікті 
түрде айгақтар беруіне, жасалган қылмыс туралы арыз беруіне кедергі жасау не оны айгақтар 
беруден бас тартуга мәжбүрлеу не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүрлеу - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, терт мың айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не төрт жылга 
дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тара- пынан 
қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттер қолдану жолымен күдіктіні, айыпталушыны, 
жәбірленушіні, куэні айғақтар беруге мәжбүрлеу, сол сияқты адамның ерікті түрде айғақтар беруіне, 
жасалған қылмыс туралы арыз беруіне кедергі жасау не оны айғактар беруден бас тартуға 
мәжбүрлеу не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүрлеу - ҚК-тін 415-бабының негізгі құрамы 
болып табылады. 
Азамапық және саяси құкықтар жөніндеі і халықаралық пакт (1966 ж.), сондай-ак Қазақстан 
Республикасының Конституциясы алдын ала тергеу жэне аныктама жүргізу сатысында күш 
колдануга мүлдем тыйым салады. Мүндай әрекеттерді қолданудың өзі кылмыстык күқык 
бүзушылык. 
Осы қылмыстық күкық бұзушылықтың обьектісі - прокурордын немесе сотқа дейінгі тікелей 
тексеруді жүзеге асыратын органның бірқалыпты дұрыс кызметі. Қосымша тіке- лей объекті - 
азаматтардың жеке басына кол сұгушылық. 


681
 
Қылмыстык кұкык бұзушылык объективтік жагынан алғанда прокурор, сотқа дейінгі тергеп-
тексеруді жүзеге асыратын адамдар тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-
әрекеттер колданылу жолымен күдіктіні, айыпталган адамды, жәбірленушіні, куәгерді жауап беруге, 
сол сиякты адамның ерікті түрде жауаи беруіне, жасалган кылмыстык кұкық бұзушылык туралы 
өтініш беруіне келтіруге, не оны жауап беруден бас тартуға мәжбүр ету, не сараишыны корытынды 
беруге мэжбүр ету арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстык құкык бұзушылықтың жэбірленушісі 
күдікті адам, айыптаушы, жэбірленуші, куэ, сарапшы болып табылады. Қылмыстық құқык 
бұзушылық кұрамы формальдық, ол заңда көрсетілген эрекеттерді істеген сәттен, кінэлінің алга 
қойған максатқа жеткеніне не жетпегеніне қарамастан аяқталған деп танылады. Мәжбүр ету өтірік 
жауап беруге немесе шындықты айтуға я болмаса сарапшыдан кінэліға қолайлы корытынды беруді 
талап ету арқылы істелуі мүмкін. Олар заңда көрсетілген көптеген тәсілдерді: коркыту, бопсалау 
немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдану жолымен жүзеге асырылады. 
Жәбірленушіні немесе оның жакын туыстарын қамаймын, күш қолданып жанын қинаймын, 
жағдайын қиындатып, қыл.мыстық жауапқа тартамын, жақын туыстарыңмен кездестіруге тыйым 
саламын деген тагы сол сиякты эрекеттер қоркыту деп танылады. 
Жәбірленушінің өзін немесе жақын туыстары жөнінде маскаралайтын мәліметтерді жариялау 
туралы немесе олардың отбасының құпиясын (мысалы бала асырап алғаны туралы) жұртқа жаямын 
деген әрекеттерді істеу бопсалау деп танылады. 
Өзге де заңсыз іс-әрекеттерге жауап алудың арандатушылық тәсілдерін қолдану, жалған 
дәлелдемелерді ұсыну, жакындарымен кездестіруге жалған уәде беру, тұтқыннан босатамын деп 
өтірік уэде айту, гипноз, наркотикалық нәрселерді қолдану арқылы жауап алу сияқты амалдар 
жатады. 
Субъективтік жагынан кылмыстык кұкык бұзушылық тікелей қасаканалықпен істе- леді. 
Қылмыстык кұкык бұзушылық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісіне жатпай- ды, олар әр 
түрлі болуы (кек алу, пайдакүнемдік, қараниеттік т.с.с.) мүмкін. 
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы занда ол прокурор, сотқа дейінгі тергеп-
тексеруді жүзеге асыратын адамдар дэл көрсетіліп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет