Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Сарапшының, маманның көрінеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате



Pdf көрінісі
бет592/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

420- 
6 а п. Сарапшының, маманның көрінеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате 
аударма 


684
 
1. 
Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің, жәбірленушінің көрінеу 
жалган айгақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай 
жагдайларда, сондай-ақ атқарушылық қужаттарды орындау кезінде аудармашы жасаган 
көрінеу қате аударма - 
алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не 
пайдакүнемдік ниетпен жасалган дәл сол іс-әрекеттер
 -
 
бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куэнің, жәбірленушінің көрінеу жалған 
айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жағдайларда, сондай-ак 
атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу қате аударма - 
Мұндай әрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша шындықты ашуга бөгет 
келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала анықтаушы органдардың дұрыс қызмет атқаруын 
бұзады. Осыган орай қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объ- ектісі - әділсоттылық мүддесі, 
ал қосымша тікелей объектісі жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделері болады. 
Құрылысы жөнінен бұл қылмыстык құқык бұзушылық формальдық кұрамға жата- ды жэне 
қылмыстык құқық бұзушылык объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс 
табады: 
I) Сотта, не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәгердің, жәбірленушінің көрінеу жалған 
жауап беруі; 2) сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі; 3) дэл сондай жагдайларда сондай-ақ 
атқарушылык құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу қате аударма
Куәгердін, жәбірленушінің жалған жауабына олардың өздеріне мәлім болған фактілер жөнінде 
толық немесе ішінара шындыкка сай келмейтін мәліметтер беруі. Егер куәгер немесе жәбірленуші 
және мэлім болған фактілер туралы ештеңе айтпаса, онда олардың орексіі жауап беруден бас тарту 
деп танылып, олар Қылмыстық кодекстің 421-бабы бойынша жауапты болады. 
Зерггелген объект бойынша саналы түрде жалған, шындыққа жатпайтын немесе сенімсіт, екі 
ұшты іс матерналдарына негізделген қорытындыны жасауы сарапшынын корінеу жалган 
қорытынды беруі деп білеміз. Іс үшін мэні бар процеске қатысушылардын деректерін, жауаптарын 
саналы түрде, әдейі бүрмалап, теріс аударуды аудармашынын жасаган көрінеу бүрыс аудармасы деп 
білеміз. 
Қылмыстық қүкык бүзушылык формальдық күрамга жатады. Жэне ол зацда көрсетілген 
эрекеттердің істелген уақытынан бастап, іске әсер еткеніне немесе эсер етпе- геніне қарамастан 
аякталған деп танылады. Қылмыстық құкық бүзушылықтың аяқталу уақыты қылмыстык іс жүргізу 
сатысына тікелей байланысты. Алдын ала тергеу немесе алдын ала аныктама жүргізу сатысында 
куэгердің, жәбірленушінің, аудармашының жа- уаи беру хаттамасына қол койган, ал сарапшының 
жазбаша қорытынды берген сэтінен, ал істі сотта карау сатысында - куэнің, жәбірленушінің жауап 
беру немесе сарапшының қорытындының мазмүнын жариялаған, аудармашының жауаптар мен 
қорытынды мазмүнын аударган уакыттан бастап кылмыстық күқық бұзушылық аякталган деп таны- 
лады. 
Заңда көрсетілген көрінеу жалган жауап беру, сарапшының жалган қорытынды беруі немесе 
аткарушылық қүжаттарды орындау кезінде аудармашының кате аударуы деген сөздің өзі бүл 
қылмыстың субъективтік жагынан тікелей қасақаналықпен жасалатынын көрсетеді. Заң бұл 
қылмысты белгілі бір ниетпен байланыстырмайды. Қылмыстық күкық бұзушылық ниет айыпкердің 
жагдайын жақсарту немесе киындату, одан кек алады деп қорку, пайдакүнемдік, қызганыш т.с.с. 
болуы мүмкін. Егер куә, жәбірленуші белгілі бір факті жөнінде шын кателесіп жауап берсе, 
сарапшы кәсіптік деңгейінің төмендігінен қате қорытынды берсе немесе аудармашы тілді немесе 
терминдердің ерекшелігін жете білмеуден дұрыс аудармаса, онда оларды ҚК-тің 420-бабымен 


685
 
жауапка тартуга негіз жок. 
Қылмыстык кұкық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - жасы 16-га толган куэгер, жәбірленуші, 
сарапшы немесе аудармашы. 
Адамды сыбайлас жемкорлык, ауыр немесе аса ауыр қылмыстық қүқық бүзушылык жасады деп 
айыптаумен, сондай-ак пайдакүнемдік мақсатта жасалган дэл осы әрекеттер - кылмыстык күкык 
бұзушылыктың ауырлататын түріне жатады (420-баптың 2-тармағы). Ауыр немесе аса ауыр 
кылмыстың түсінігі ҚК-тің 11-бабының 4-5-тармакшаларында берілген. Сондай-ак пайдакүнемдік 
максатта жасалған эрекеттерге түсінікті ҚК-тің 419-бабының 3-тармагында талдау жасаганда 
түсіндіргенбіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет