Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§4. Сотталгандар мен басқадай кылмысі ык-кукыкіық күштеу шараларын



Pdf көрінісі
бет597/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§4. Сотталгандар мен басқадай кылмысі ык-кукыкіық күштеу шараларын 
өтейтіндер жасайтын кылмыстык күкык бүзушылыктар 
426- 
6 а п. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу 
1. 
Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауга алынган адамның бас бостандыгынан 
айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуы
 -
 
үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган; 
2) 
өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін 
төндіріп; 
3) 
қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалган дәл сол іс-
арекет
 -
 
үш жылдан алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Қашқан кезінен бастап жеті күн мерзімде қамауға алу немесе күзетпен үстау орнына өз ер- кімен 
қайтып оралған адам, егер ол өзге жаңа қылмыстық қүқық бүзушылық жасамаса және егер қашуы осы 
баптың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген әрекеттермен үштаспаған болса, 
қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала камауға алынған адамның бас бостандыгынан айыру 
орындарынан, камақтан немесе күзеттен қашуы - 
үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруга жазаланады - кылмыстың негізгі кұрамы 
болып табылады (ҚК-тің 426-бабының І-тармағы) 
Қылмыстық қүқық бұзушылықтың бұл түрінің коғамга қауіптілігі орасан. Бас бостандыгынан 
айыру орнынан, күзеттен немесе қамаудан қашқан адам қылмыстық жауаптылықтан құтылудан 
немесе жазаны өтеуден бұлтару мақсатын коздейді. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың объектісі - сот жэне тергеу органдарының, сондай- ақ түзеу 
мекемелерінің бірқалыпты дұрыс кызметі болып табылады. 
Қылмыстык құкык бұзушылықтың объективтік жагы бас бостандыгынан айыру ор- нынан, 
күзеттен немесе қамаудан қашу арқылы сипатталады. 
Заңда көрсетілген негіздер болмаган жагдайда жазасын өтеуші адамның бас бостандыгынан 
айыру орнынан, алдын ала қамаудағы адамның күзет немесе қамау орын- дарынан өз бетімен кетіп 
қалуын көрсетілген орындардан қашу деп айтамыз. 
Ягни заңның диспозициясында көрсетілген бас бостандығынан айыру, күзет немесе қамау 
орындарынан қашқан реттерде гана осы қылмыс туралы сөз болады. 
Бас бостандыгынан айыру орындарына - қоныс колониялары, түзеу колонияларының барлық 
түрі, кәмелетке толмағандарға арналган тәрбие колониялары, түрмелер, тәртіптік әскери бөлімдер 


690
 
жатады. 
Алдын ала күзет орындарына - ІІМ-нің, МҮҚК-нің айыпкерлерінен күдікзі адамдар- ды 
үстайтын уакытша үстау изоляторлары жэне теріеу нзо.іяторлары, оларды таситын арнаулы көлік 
күралдары, арнайы жабдыкталган сот мәжілісінің залындағы орындар, прокурордың, тергеушінің, 
анықтама жүргізушінің кабинеттері жатады. 
Қамау орындарына - арнаулы камау үйлері жатады. 
Қылмыстық күкыкбұзушылык күрылысы жағынан формальдык қүрамга жатады жэне ол 
көрсетілген орындардан кінәлінің кашкан уакытынан бастап аякталган деп саналады. 
Бас бостандыгынан айыру, күзет немесе қамау орындарынан қашу созылмалы қылмыстык 
кұкық бұзушылыкка жатады. Олар қашкындарды үстаган немесе олардың кінэсін мойындап өздері 
келген уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Әкімшілік жолмен камауга алынгандардың іс-
әрекеті Қылмыстык кодекстің 426-бабына жатпай- ды. Сондай-ақ заңсыз бас бостандыгынан айыру, 
күзет немесе қамау орындарында отыргандардың (мысалы сот үкімінде белгіленген мерзімнен 
артық отырғандар) өз бетін- ше осы орындардан кету кашуга жатпайды, өйткені олардың іс-
әрекетінде қылмыстық құқық бүзушылык қүрамы жоқ. 
Субъективтік жагынан қылмыстық күқық бүзушылық тікелей қасақаналықпен істе- леді. Кінәлі 
адам заңсыз, негізсіз, тиісті рүксатсыз бас бостандыгынан айыру, тұтқындау, қамау орындарын өз 
бетінше тастайтынын сезеді жэне осы орындардан кашуды тілейді. 
Қылмыстық кұкык бүзушылыктың максаты - қылмыстык жауаптылыктан нсмесе жа- заны 
өтеуден жалтару. 
Қылмыстық құқык бүзушылықтың субъектісі - 16-га толған бас бостандыгынан айыру жазасын 
алып сотталған және осы жазаны өтеп жаткан адам, алдын ала камауда отырган сотталушы, 
айыпкер немесе күдікті адам. 
ҚК-тің 426-бабының 2-тармағында көрсетілген эрекеттер: 
а) адамдар тобының алдын ала соз байласуы бойынша; 
б) өмірге немесе денсаулыкка кауіпті күш қолданылып, не осындай күш қолдану катерін 
төндіріп; 
в) кару немесе кару ретінде гіайдаланылатын заттар колданылып жасалса - осы құрамның 
ауырлататын түрі болып табылады, ол үшін ҚК-тің 426-бабының 2-тармагында жауаптылық 
көзделген. 
Екі немесе одан да көп адамның сөз байласып көрсетілген орындардан кашуы, адамдар 
тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қашуы деп танылады. 
Өмірге немесе денсаулыкка қауіпті күш қолданып не осындай күш колданамын деп қоркытумен 
ұштаскан қашуга заңда көрсетілген орындардың кызметкерлеріне әр түрлі жаракат келтірумен, 
өлтірумен, немесе соны істеуге багытталган накты әрекеттерді жа- сау жатады. Мұндай реттерде 
кінэлінін әрекеті қылмыстық құқық бұзушылыктардын жиынтыгы бойынша сараланады. 
Қару немесе кару ретіндегі заттарды пайдаланып кашуға шын каруды немесе колдан жасалган: 
денені жаракаттауга бейімделген қаруды, аспаптарды қолдану аркылы кылмысты әрекетті жүзеге 
асырулар жатады. Атылатын карулардың болу іс-әрекеті кылмыстык кұкык бүзушылыктардың 
жиынтыгы бойынша саралауды кажет етеді. 
Осы баптың ескертуіне сэйкес: кашкан сэтінен бастап жеті күн мерзімде қамауга алу немесе 
күзетпен ұстау орнына өз еркімен кайтып оралган адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және 
кашуы осы баптың екінші бөлігіндегі 2) және 3) тармакшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып 
жатпаса, кылмыстык жауаптылықтан босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет