§3. Әскери кызметті өтеу тәртібіне карсы бағытталған кылмыстық құкық бұзушылықтар 441- 6 а п. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету 1. Бейбіт уақытта жасалган, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен болмаушылық бес тәуліктен асып кетсе, бірақ бір айдан узаққа созылмаса - бес жуз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады.
718
2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер өз бетімен болмаушылық бір айдан узаққа созылса - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 3. Қызмет бабымен сеніп тапсырылган қарумен жасалган не адамдар тобы немесе ал- дын ала сез байласу арқылы адамдар тобы жасаган, бөлімді немесе қызмет орнын өз беті- мен тастап кету, егер өз бетімен болмаушылық бір тәуліктен узаққа созылса - бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 4. Үрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалган, болімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, егер өз бетімен болмаушылық бір тәуліктен узаққа со- зылса — бес жылдан он жылга деиінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.