Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет626/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

 -
 
сегіз жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кұкык бұзушылық объективтік жагы бойынша бір-бірінің арасында багыныштылық 
қатынастары болмаган кезде әскери кызметшілердің арасындагы өзара карым-катынастардың 
жарғылык ережелерін үрып-согу, денсаулықка жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш колдану, не ар-
ожданы мен қадір-касиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу арқылы 
сипатталады. 
Заң бір-бірінің арасында багыныштылык катынастары болмаган кезде әскери кызметшілердің 
арасындағы өзара карым-катынастардың жарғыл ык ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап 
етеді, бұл ережелерді бұзып осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердін біреуін істеу 
көрсетілген кылмыстық құкық бүзушылықтың құрамын құрайды. 
Бір-біріне багынышты емес әскери кызметшілердің өзара қарым-катынастарын рет- тейтін 
жарғылықережелерді бұзудеп,бір эскери кызметшініңбасқаларға кызметке байла- нысты немесе 
олардын ең болмаганда біреуінің кызметтік міндеттерін орындауы кезінде, сондай-ак баска да 
жағдайлар кезінде, бірак әскери ұжымға көрінеу құрмет көрсетпеуге, бөлімшенің ішкі тэртібін 
орескел бұзуға ұласкан ҚК-нің 440-бабының диспозициясында көрсетілген күш корсету түсініледі. 
Күш қолдану - әскери кызметшіні ұрып-соғу жэне денесін ауырту, сондай-ак маскаралау, ар-ождан 
мен кадір-касиетін кемсіту, азык-түлікті, арнайы киім бұйымдарын, сондай-ақ эскери кызметшіге 
берілген заттар жэне өзге де қажеттілік мүліктерін алып кою немесе айырбас жасау түрінде болуы 
мүмкін. 
Мүліктік некелік-отбасылық жэне басқа да азаматтық қүқықтык қатынастарга неме- се 
міндеттемелерге байланысты күш қолданушылық, әскери-құқықтык тәртіпке қатысы жоқ жеке 
адамға, бөтеннің мүлкіне қарсы қылмыстар және әскери қызметке катыссыз қылмыстық кұқык 
бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделген ҚК-нің баптары бойын- ша сараланады. 
Дәл сол әрекеттер: 
Бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз, 440-бабының 2-тармағы). 
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; 
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-бабы). 
3) қару немесе арнайы қүралдар қолданып жасаса; 


717
 
4) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (ҚК-тің 106, 107-бабы), осы 
талданып отырылған қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (440-баптың 3-тармағы). 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Әскери кылмыстар жөніндегі істер бойынша сот 
тэжірибесі туралы» қаулысының 7-тармақшасына сэйкес: 
ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстың бірне- ше рет 
жасалу белгісі бойынша, егер адам бұрын жасаған әрекеті үшін жауаптылықтан босатылмаса не ол 
үшін соттылығы алынбаса, не жойылмаса жэне қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі етпесе, 
әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін екі немесе одан да 
көп бұзу деп саралау қажет. 
Қылмыстың жалғаспалы белгісі болмаған кезде әр түрлі уақытта белгілі бір адамға қатысты 
жасалған әрекеттер бірнеше рет жасалған әрекеттер деп саралауға жатады. 
Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған қылмыстық қимылдар бір ниетпен қамтылып 
жалғасқан болса, бірак эр түрлі себептермен бір мезгілде жүзеге аспаса, бір уақытта, сол секілді эр 
мезгілде бірнеше адамдарға қатысты жасалған әрекет деп таны- лып, ҚК-нің 440-бабы екінші 
тармағының 2) тармақшасы бойынша саралауға жатады. Осы орайда соттар кінэлінің ниетінің 
бағытталуын, жасалған қылмыстың нақты мэн- жайын жэне оның себептерін, эр түрлі 
жәбірленушілерге қатысты жасалған әрекеттердің арасындағы уақыт шегінің ұзақтығын жэне 
т.б.зерттеуі тиіс. 
Осы баптың бірінші, екінші жэне үшінші тармақтарында көзделген қылмыстық топ жасаган не 
адам бөліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (440-баптың 4-тармағы) 
талданып отырылган қылмыстың өте ауырлататын түріне жата- ды. Ауыр зардаптарға 
жәбірленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсы- зда кісі өлімінің болуы, 
жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-әрекеттен қасақана кісі өлтіру болса, онда іс-
әрекет Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша саралануға жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет