319
қорытындыларын
көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы
әрекеттерді Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа
кандидаттың сенімді өкілі, сол сиякты бастамашы топтың не- месе сайлау комиссиясының немесе
референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Сайлау немесе референдум құжаттарына жалгандық жасау: сайлау бюллетендеріне, дауыс беру
куәлігіне,
сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау хаттамаларына жэне баска да құжаттарга теріс
өзгерістер енгізу немесе оларды басқаша жазу, оларға түзетулер енгізіп, қайта жасау, қолдарды
жалган түрде кою, оларга баска мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау жэне
референдум туралы заңдарға сәйкес сайлау
құжаттарына дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетендері,
дауыс берудің корытындысы ту- ралы хаттама, сайлаушылардың тізімдері, сайланғаны туралы
куэлік, эрбір кандидатқа арналган іс қагаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп
дауыска түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс
беру санын касакана көбейту
немесе азайту әрекеттері саналады.
Сайлаудың нәтижелерін немесе референдум корытындыларын көпе-керінеу дұрыс айқындамау
шындыққа сай келмейтін жагдайда кандидатты сайланды немесе сайланба- ды, сайлау немесе
референдум откізілді немесе өткізілмей қалды деп ресми түрде жария- лаулар жатады.
Дауыс беру құпиялыгын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін арнаулы бөлмеде
толтыруына кедергі жасау; сайлауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу;
дауыс берушіні анықтау үшін сайлау бюллетеніне белгі қою; тагы сол сияқты сайлауды өткізу
заңына қайшы әрекеттер жатады. Қылмыстык кұқық бұзушылық құрамы формальдық. Осы
жогарыда көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу кылмыстык құқық
бұзушылықтың аяқталганын
білдіреді.
Егер жоғарыдағы іс-эрекеттер парага сатып алумен, алдаумен, күш колданумен не оны колдану
қатерін төндірумен ұласкан; адам өзінің лауазымдық жагдайын немесе кызмет бабын найдалана
отырып жасаған, алдын ала сөз байлау аркылы адамдар тобы немесе кылмыстық топ жасаған
әрекеттер, сондаіі-ақ электрондық сайлау жүйесінің белгіленген тэртібін бүзу арқылы жасалса, онда
қылмыстык құқық бұзушылық үшін жауаптылық ҚК-тін 147-бабының 2-тармағы бойынша
сараланады.
Осы бапта көрсетілген қылмыс субъективтік жагынан алғанда тек тікелей касақаналықпен
жасалады. Кінэлі адам, қылмыстық кодекстің 151-бабының 1 жэне 2-тармағында көрсетілген заңсыз
эрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді жэне соларды жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - Қазақстан Республикасы Президентіне
кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыкқа
кандидаттың сенімді окілі, сайлау комиссиясының
немесе референдум өткізу комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелері.
Достарыңызбен бөлісу: