Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау



Pdf көрінісі
бет216/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

158- 
6 а п. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау 
1. 
Журналисті ақпаратты таратуға не таратудан бас тартуга мәжбүрлеу жолымен, сол 
сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі жасайтын не оны осындай 
мүмкіндіктен толық айыратын жағдай тугызу жолымен оның заңды кәсіптік қызметіне 
кедергі жасау
 -
 
бір жүз айлық есептік көрсеткіиіке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жүз жиырма сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган, сол сияқты журналиске не- месе 
оның жақындарына қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не олардың 
мүлкін бүлдіріп немесе жойып жасалган дәл сол іс-әрекет
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не екі жылга дейін- гі 
мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза- 
ланады. 


320
 
Қылмыстык кұқык бұзушылыктың тікелей объектісі - сөз бен шығармашылык еркін- дігі, 
косымша тікелей объект - журналистің заңды құқыктары мен мүдделері. Қазақстан 
Республикасының Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес эркімнің заң жүзінде тыйым 
салынбаған кез келген тэсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құкығы бар делінген. Бұкаралық 
ақпарат құралдары туралы Қазакстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 23-інде қабылданған 
заңына сәйкес журналистің занды кәсіптік қызметіне кедергі келтірулер үшін заңдылық, оның 
ішінде кылмыстык кұкык бұзушылық үшін жауаптылық көзделгені көрсетілген. 
Осы кылмыстық құқық бұзушылықтың заты болын - ақпарат мәліметтері жатады. Қылмыстык 
кұқық бұзушылықтың жәбірленушісі заңды кәсіби қызмет атқаратын кез келген бұкаралық акпарат 
құралдарында кызмет істейтін журналист. 
Объективтік жағынан қылмыстык кұкык бұзушылық журналистің заңды кәсіптік кызметіне оны 
ақпарат таратуга не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы ксдер- гі жасау арқылы жүзеге 
асырылады. Бұл жерде қылмыстын мәжбүрлеу тәсілін қолдану аркылы іске асырылатындығы 
көрсетіліп отыр. Мәжбүрлеуге журналистке немесе оның жакындарына мүліктік зиян келтіремін, 
олар жөнінде қолайсыз мәліметтер тара- тамын деген бопсалау әрекеттсрі жатады. Кінэлі адам 
осындай мәжбүрлеу амалдарын қолдана отырып журналистің шындыққа сай акпаратты таратуына 
кедергі келтіреді. 
Қылмыстык құқық бұзушылық формальдық құрамға жатады жэне ол осы мәжбүрлеу әрекеті 
істелген сэттен бастап, одан нэтиже болганына немесе болмаганына карамастан аяқталған деп 
танылады. Қылмыстык құқық бұзушылык субъективтік жагынан тек тікелей касақаналыкпен 
істеледі. Кінәлі адам журналисті акпаратты таратуга немесе таратпауга мэжбүрлеп отырғанын сезеді 
жэне соны жүзеге асыруды тілейді. Мәжбүрлеу максаты - заңның өзінде ақпаратты таратуға немесе 
таратудан бас тартуға мәжбүрлеу деп көрсетілген. 
Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. 
Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сондай-ақ күш колданып немесе күш қолданамын деп 
қорқыта отырып, оның мүлкін бүлдіріп немесе жойып жасаған әрекеттер осы қылмыстық құқық 
бұзушылыктың ауырлататын түріне жатады (158-баптың 2-тармағы). 
Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 26, 27-тармагында 
көрсетілген ұғыммен бірдей. Ягни бұған журналистің бағынышты лау- азым адамы оны ақпарат 
таратуға немесе таратпауға, қызметін пайдаланып мэжбүр ету- лері жатады. Күш колдануға немесе 
оны колданамын деп корқытуға өлтіремін, денеге әр түрлі жарақат саламын, ұрып-сабаймын, басқа 
зорлык әрекеттерін жасаймын, балаңды ұрлаймын, көлігіңді айдап әкетемін деген шындығында 
жүзеге асатын мәжбүрлеу тэсілдері жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет