Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


 - т а р а у. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ



Pdf көрінісі
бет233/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

4 -
т а р а у. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ 
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 
§1. Бейбітшілік пен адамзат кауіпсіздігіне қарсы кылмыстардын 
жалпы сипаттаіҮіасы және түрлері 
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің 2-бабында қылмыстық құқық қорғау объектілерінің 
қатарына тұңгыш рет бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігі мүддесі қосылып отыр. Осыган орай 
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы 


333
 
қылмыстарға жеке тарау берілген. Мұндай қылмыстар халыкаралық қылмыстарга жатады. Мұндай 
қылмыстар үшін жауаптылыктың негіз- гі қайнар көзі Халықаралық әскери трибунал Жаргысы 
(Нюрнберг, 1948) болып табы- лады. Осы Жаргыда бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне карсы 
қылмыстардың жауаптылыгының негіздері жэне олардың түрлері: 1) бейбітшілікке карсы 
қылмыстар; 
2) согыс қылмыстары; 3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсетілген. Халықаралық Конвенция 
1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті халыкаралык қылмыстар деп жа- риялады. БҰҰ-ның 
1991 жылғы 43 сессиясы бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексінің жобасын қарап, 
оны мемлекеттердің үкіметінің қарауына, пысықтауына жібер- ді. Осы көрсетілген Кодекс жобасына 
сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігіне карсы қылмыстардың 12 құрамы көрсетілген. 
Халықаралық нормада осы тұргыдағы қылмыстарға нақты тұракты анықтамалар беру мен 
оларды топқа бөлу элі аяқталган жоқ, мұның өзі мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін 
қабылдауда осы мәселеде белгілі бір киындықтар туғызып отыр. Бірақ Қазакстан Республикасының 
жаңа Қылмыстық кодексінің 4-тарауында халықаралық құкықтың жұрт таныған принциптері мен 
нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген. 
Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың топтык объек- тісі халықаралық 
құкық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік болып 
табылады. Осы қылмыстардың кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (Мысалы, 
ҚК-тің 158-бабындағы - химиялық, биологиялық жэне жаппай қырып-жоятын қарулар) болады. 
Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар қогамға қауіпті іс-әрекеттер арқылы жүзеге 
асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар дені формальдық құрамға 
жатады. Тек қана Қылмыстық кодекстің 161-бабындағы қылмыс - экоцид құрамы үшін қоғамға 
қауіпті зардап - экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық 
қылмыстар тікелей қасаканалықпен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір мақсатпен (160, 163-баптар) 
жасалады. 
Қылмыстың субъектісі — 16-га толған есі дұрыс, жай адамдар. Кейбір қылмыс құрамының 
субъектісі - арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын адам (161-баптың 2-тармағы), 
қызмет бабын пайдаланған адам (174-баптың 2-тармағы). Тіке- лей объектісіне байланысты 
талданып отырылған қылмыс кұрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді. 
Бейбітшілікке карсы қылмыстар: басқыншылык соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру 
немесе жүргізу (160-бап); баскыншылык соғысты тұтандыруга насихат жүргізу және жария түрде 
шақыру (161-бап); жаппай қырып-жою каруын өндіру неме- се тарату (162-бап); шетелдік қарулы 
қақтығыска қатысу (172-бап). Соғыс қылмыстары; 
соғыс жүргізудің тыйым салынған қүралдары мен әдістерін колдану (163-бап); соғыс заңдарымен 
дәстүрлерін бүзу (164-бап); жалдамалылық (170-бап). 
Адамзатқа қарсы қылмыстар: генопид (168-бап); экоцид (169-бап). 
Халықаралык қоргау аясындағы адамдар мен үйымдарға қарсы қылмыс: халыкаралық корғауды 
пайдаланатын адамдарга немесе үйымдарға шабуыл жасау (173-бап); карулы кақтыгыстар 
уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бүзушылықтар (165-бап); 
қарулы кактыгыс уақытында орекетсіздік не кылмыстың бүйрық беру (166-бап); халықаралық 
шарттармен корғалатын белгілерді заңсыз пайда- лану (167-бап). 
Әлеуметтік, нэсілдік ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға 
немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялык принципке қол сүгу; элеуметтік, үлттық, 
рулык, нәсілдік немесе діни араздыкты қоздыру (174-бап). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет