71
бір адамның кінәнің бірыңгай нысанымен және біріктірілген ортақ мақсатпен, материалдық
құрамымен және келтірілген зардаптарының біркелкілігімен сипатталатын, қылмыс жасау тәсілі мен
объектісі бойынша өзара ұксас екі жэне одан да көп қылмыстык әрекеттерді
жасауы кылмыстың
бірнеше рет жасалуын құрамайды. Мұндай жагдайларда барлық жасалган әрекеттерді тұтастай
жалгаспалы қылмыс ретінде танып, осы қылмысты жасағаны үшін жауаптылық көздейтін Қазакстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің бір бабы немесе бабының бөлігі бойынша саралаган жон.
Егер жалгаспалы қылмыс кезеңінде қылмыстық заңга осы әрекет үшін негұрлым қатаң
жауаптылықты белгілейтін өзгерістер енгізілсе жэне кылмыс көріністерінің ең болмағанда біреуі
заңның жаңа редакңиясы күшіне енген кезенде жасалса, онда
жалғаспалы қылмыстың барлық
көріністері жаңа заң бойынша тұтастай бір қылмыс ретінде саралауга жатады.
Қылмыстық құқық теориясында бірнеше рет жасалған қылмыс
жалпы
жэне
арнаулы
болып екі
түрге бөлінеді.
Бірнеше рет жасалған кылмыстың жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға
қауіптілігінің мэні мен дәрежесіне қарамастан кез келген басқа бір қылмысты қайталап
жасаушылықты айтамыз. Қылмыстың жалпы қайталануы қылмысты саралауга әсер етпейді, бірақ
жаңа тагайындалғанда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін (54-баптың 1-
бөлігі, «1» тармагы).
Бірнеше рет жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы - адамның
ұқсас іс-әрекетті тагы да
жасауы болып табылады.
Бұл жердегі сөз болып отырган ұқсас кылмысқа бір қылмыстың құрамына жататын қылмыстың
қайталанып істелуі жатады (Мысалы, бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі 99-бап, 2-бөлігі,
«13» тармакшасы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді бір- неше рет жасаса 106-бап, 2-бөлігі,
«10» тармағы). ¥ксас қылмыстар ғана қылмыстардың бірнеше рет жасалгандыгын түзеді.
Біртектес қылмыстар деп объективтік, субъективтік белгілері ұқсас, кінәнің бір түрлі нысаны
орын алатын, бір немесе бірнеше ұқсас объектіге қылмысты қол сұғатын қылмыстарды айтамыз
(мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық жэне т. б.). Сондықтан бір- неше бір тектес қылмыстарды жасау
бірнеше рет
жасалған кылмыс дей саналмайды, мұидай ретте іс-әрекет кылмыстардың жиынтыгы
ретінде сараланады. Мысалы, кінэлі адам ұрлык жэне тонаушылык жасаса, оның іс-әрекеті
қылмыстардың жиынтыгы болып саралануға жатады (ҚК-тің 188 жэне 191-баптары). Бірнеше мэрте
жасалган қылмыс деп тану үшін кінэлі адам бұрынғы қылмысы үшін сотталуы немесе сол іс-әрекеті
үшін ол элі де қылмыстык жауапқа тартылмауы қажет. Бірнеше мэрте қылмыс жасады деп тану үшін
оны қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескерілмеуі, сондай-ак оның сотталгандыгы жойылмауы
немесе одан арылмауы қажет. Бұл мәселеге Республика Жогаргы Согы бір- неше рет мән берген.
Бұрынгы істеген қылмыс біткен немесе бітпегеніне, кінәлінін сол қылмыс үшін
орын- даушы
ретінде немесе қылмысқа қатысушы ретінде катысуына карамастан тағы да істе- ген қылмысы, іс-
әрекеті бірнеше рет жасалган деп танылады.
Үнемі (үдайы) жасаған қылмыстар да бірнеше мәрте жасалган қылмыска жатады. Үнемі қылмыс
жасау кейбір қылмыс күрамдарының қажетті белгісі болуы мүмкін. Мы- салы, 110-бапта көрсетілген
қинау. Мұнда ұдайы үрып-согу немесе өзге де күш колдану әрекеттері жолымен тэн зардабын
немесе психикалык зардап шеккізу кинау деп бел- гіленген.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы Қылмыстык кодексте негұрлым катаң жазаға әкеп
соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда кінэлінің істеген қылмысы Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше рет жасағаны үшін
жа- залауды көздейтін
бабының тиісті бөлігі бойынша сараланады (ҚК-тің 12-бабы 4-бөлігі).
Қылмыстың теріс қылықтардың бірнеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым катаң жазага әкеп
соғатын мэн-жай ретінде көзделген жағдайларда, адамның жасаған қылмыстық теріс қылыктары осы
Кодекстің Ерекше бөлігінің қылмыстың теріс қылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін жаза