Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Міндеттеріне адал қарамау



Pdf көрінісі
бет367/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

254- 
6 а п. Міндеттеріне адал қарамау 
Коммерциялық немесе өзге де уйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ез 
қызметіне адал қарамауы немесе уқыпсыз қарауы салдарынан оз міндеттерін орындама- уы 
немесе тиісіниіе орындамауы, егер бул адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп 
соқса
 -
 
белгілі бір лаузымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Коммерциялық немесе өзге үйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал 
қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін аткармауы немесе тиісті дәрежеде 
аткармауы, егер бұл адам оліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса - міндеттеріне адал 
қарамау деп танылып, кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 254-бабымен жауапқа тартылады. 
Қылмыстык кұкық бұзушылықтың тікелей объектісі - коммерциялық немесе өзге үйымның 
біркалыпты баскару қызметтерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Объектив- тік жагынан 
міндеттеріне адал қарамау мына белгілер арқылы сипатталады: 1) басқару қызметтерін атқарушы 
адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар карауы салдары- нан өз міндеттерін атқармауы 
немесе тиісті дәрежеде аткармауы; 2) бүл әрекетсіздік адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға 
әкеп соқса; 3) өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы эрекетсіздігі мен орын 
алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы. 
Заң міндеттеріне адал қарамаудың екі бірдей нысанын көрсетіп отыр: 1) өз міндет- терін 
аткармауы, 2) өз міндеттерін тиісті дэрежеде атқармауы. Өз міндеттерін аткармау деп 
коммерциялык немесе өзге үйымды басқару қызметін атқаратын адамның заңмен, жарғымен өзіне 
жүктелген баскару қызметі функциясын мүлдем атқармауы болып табы- лады. 
Ал өз міндеттерін тиісті дэрежеде атқармауы деп жоғарыда аталған қызметті атқаратын адам 
өзіне жүктелген міндетті жартылай, шала-шарпы, толық емес дәрежеде жүзеге асы- рады. Өздеріне 
жүктелген қызметке мүндай көзкарас кінәлі адамның кызметіне адал карамауы немесе енжар қарауы 
салдарынан орын алады. 
Коммерциялық немесе өзге үйымды басқару кызметтерін атқарушы адамды мін- деттеріне адал 
қарамауы деп айыптаушы ең алдымен ол адамдарға кұзыреті бойын- ша жүктелген накты 
міндеттерді анықтауы қажет, одан кейін бүл адамдардың өзіне жүктелген міндеттерді нақты 
атқаруына мүмкіндігі болды ма, жоқ па осы жагына ерекше мэн беру кажет. Егер өзінің міндетін өз 
ырқына байланысты емес себептермен, сондай-ак өз кызметіне адал қарап, оны тиісті дәрежеде 
атқаруга бөгет болган, накты жағдайларга сэйкес аткара алмаса немесе тиісті дэрежеде аткармаса, 
онда ондай адамды міндеттеріне адал карамады деп айыптауға негіз жок. Міндеттеріне адал карамау 
қылмыстык күкык


467
 
бұзушылық құрамының объективтік жағының міндетті белгісі - кылмыстық құқык бұзушылықтың 
зардабы болып табылады. Заңда ол адам өлімі немесе өзге де ауыр зар- даптар деп көрсетілген. Өзге 
де ауыр зардаптарға - жәбірленушіге ауыр дене жарақаттың келтірілуі, коммерциялық немесе өзге 
ұйымнын ірі материалдык шығынға ұшырауы, банкрот болуы немесе ірі көлемдегі айып төлеуі 
жэне т.б. 
Кінэлі адамның міндеттеріне адал қарамауы эрекетсіздігі мен одан туындайтын зардаптың 
арасында себепті байланыс болуы қажет. Себепті байланыстың болмауы қылмыстық құқық 
бұзушылық үшін жауаптылықты жоққа шығарады. 
Қылмыстык кұкық бұзушылық субъективтік жағынан тек кана кінэнің абайсыздық нысанында 
жасалады. Заңның өзінде басқару қызметін атқаратын адамның қызметіне адал карамауы немесе 
енжар карауы салдарынан өз міндетін адал атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы деп тура 
көрсетіліп отыр. Мұның өзі абайсыздықтан міндет- теріне адал қарамау әрекетінен, сондай-ақ одан 
туындайтын зардап жөнінде де орын ала- тынын көрсетеді. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - коммерциялық немесе өзге ұйымды 
баскару қызметін атқарушы адамдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет