Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  т а р а у. ҚОГАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ



Pdf көрінісі
бет368/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

10- 
т а р а у. ҚОГАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ 
ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
§1. Қоғамдык кауіпсіздікке жэне коғамдык тэртіпке карсы 
қылмыстык кұкык бұзушылыктардын жалпы сипаттамасы 
Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топка жататын қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық 
құқық бұзушылықтар. Қоғамдык қауіпсіздік деп - адамдардың қауіпсіз омір сүруін, бірқалыпты 
қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды 
немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше жэне қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе 
құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттей- тін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып 
табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. 
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі қоғамдық 
қауіпсіздіктің жекеле- ген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары
ерекше қауігі көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы 
мүмкін жұмыстарды жүргізу жэне т.б.) болып табылады. 
Осы топқа жататын кейбір қылмыстык құкық бұзушылықтардың қосымша тікелей объектісі 
адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін. 
Объективтік жагынан алғанда қоғамдык қауіпсіздікке жататын қылмыстық кұқық 
бұзушылықтардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 255 жэне басқа баптары); ал қайсыбіреулері 
эрекет немесе эрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 276, 277, 281-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір 
қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға не- гізделген (ҚК-тін 277, 281, 287-
баптары). 
Көптеген қылмыстар кұрам жағынан формальдық (ҚК-тің 255, 256, 257, 258, 259, 260-баптары 
т.б.), ал кайсыбіреулері материалдық кұрамга (ҚК-тің 276, 277, 278-бапта- ры) жатады. 
§2. Қогамдык кауіпсіздікке жататын кылмыстык кукык 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет