Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қуқық қорғау орга- нына



Pdf көрінісі
бет366/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қуқық қорғау орга- нына 
немесе арнаулы мемлекеттік органға параға сатып алушылық туралы өз еркімен хабар- ласа, 
қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
2. 
Бурын жасалған заңды әрекеттер үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті беру 
немесе алу, мүліктік сипатта қызметтер көрсету немесе мундай көрсетілетін қызметтерді сыйлық 
немесе сыйақы ретінде пайдалану, егер мүліктің немесе көрсетілетін қызметтердің қуны екі 
айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, онша маңызды болмауына байла- нысты қылмыс 
болып табылмайды жене тәртіптік немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабында мүлдем жаңа екі жеке қылмыс 
туралы көрсетілген. Оның біріншісі 253-баптың 1-тармағында көрсетілген құрам - сатып алу (пара 
беру), ал екіншісі осы баптың 3-тармағында көрсетілген құрам - сатылу (пара алу) болып табылады. 
Қылмыстық кодекстің 253-бабының бірінші бөлігінде: «коммерциялық немесе өзге де ұйымда 
басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлікті заңсыз 
беру, сол сияқгы оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды 


464
 
жүзеге асыратын адамның мүдделеріне қызметІ бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы 
үшін оған мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету - коммерциялық сатып алу (пара беру)» 
деп белгіленген. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі Қазақстан Республикасы Заңдарына жэне 
құрылтайшы құжаттарға сай келетін коммерциялық жэне өзге де ұйымдардың басқару аппаратының 
бірқалыпта қызметі болып табылады. Коммерция- лық жэне өзге де ұйымдардың түсінігіне 
Қылмыстық кодекстің 250-бабына талдау жасағанда толық түсІнік берілген. Коммерциялық сатып 
алу (253-баптың 1-тармағы) қылмыстық құқық бұзушылықтың затына ақша бағалы қағаз, басқа 
мүлік, сондай-ақ мүлІктік сипаттағы қызметтер жатады. 
Объективтік жағынан сатып алу (пара беру) - коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару 
қызметтерін атқаратын адамға ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ак оның өз 
кызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалану үшін оган мүліктік сипаттағы заңсыз 
қызмет көрсету арқылы сипатталады. Осыган орай коммерциялык сатып алу (пара беру) күрамы 
болу үшін: біріншіден, қылмыстың заты материалдық игіліктер (ақша, бағалы қагаз, басқа мүлік), 
сондай-ақ мүліктік сипаттагы басқадай қызмет көрсетулер (пәтерін, үйін, көлігін, саяжайын, 
автотұрағын, тағы басқа мүлкін тегін жалға беру, банктерде оның атына есепшот ашу, т.б.) нақты 
орын алуы керек; екіншіден, осы көрсетілген қылмыс заттары коммерциялық жэне өзге де 
ұйымдардың баскару қызметін атқаратын адамдарына берілуі қажет; үшіншіден, бұл заттар оны 
алушының өзінің қызмет бабын пайдалана отырып осы заттарды берушінің пайдасына белгілі бір 
эрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауы үшін алынуы қажет; төртіншіден, осы заттарды беруші мен 
осындай заңсыз сыйакыны алушының әрекеттері өзара келісілген, белгілі бір нәтижеге жету үшін 
жүзеге асырылуы керек. 
Егер коммерциялық сатып алу келісілмей жүзеге асырылса, онда кінәлінің эрекеті істің нақты 
жагдайларына қарай - парамен коммерциялық сатып алуға арандату (417-бап) ретінде саралануы 
мүмкін. 
Қылмыстық кұқық бұзушылық формальдык құрамға жатады. Қылмыстық құкык бұзушылық 
заңсыз сыйақының бір бөлігін берген уақыттан бастап-ақ аяқталган деп сана- лады. Қылмыстық 
құқық бұзушылықтың аяқталган деп тану үшін заңсыз сыйақы алган субъектінің оның пайдасына 
белгілі бір әрекетті (әрекетсіздікті) істеуі шарт емес. Егер кінәлінің ырқына байланыссыз 
себептермен мұндай сыйақы беру жүзеге аспай қалса, онда кінәлінің әрекеті коммерциялык сатып 
алуға оқталғандық (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы, 253-баптың 1-тармагы) болып табылады. 
Қылмыстық құқык бұзушылык субъективтік жагынан тікелей қасақаналыкпен және арнаулы 
мақсатпен жасалады. Кінәлі адам коммерциялық және өзге де ұйымның лауа- зымды адамын сатып 
алу арқылы өзінің пайдасына белгілі бір әрекетті (әрекетсіздікті) істететінін сезеді жэне жүзеге 
асыруды тілейді. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - кез келген есі дұрыс, жасы 16-га толған адам. 
Қылмыстық кодекстің 252-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері 
көрсетілген: олар бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байла- суы бойынша немесе 
ірі мөлшерде жасаган эрекеттер. Бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі - Қылмыстык кодекстің 
12-бабында, ал адамдар тобының алдын ала сөз байла- суы немесе ұйымдасқан топпен жасаган 
қылмыс түсінігі тиісінше Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2, 3-тармақтарында берілген. 
Қылмыстык кодекстің 3-бабының 38-бөлігінде 253-бапта бес жүз айлык есептік көрсеткіштен 
асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардан, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттагы пайданың 
кұны ірі мөлшерден белгіленген. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кылмыстық топ жасаган не аса ірі 
мөлшерде жасалган іс-эрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықтың ауыр түрі көрсетілген. Қылмыс 
топ түсінігі ҚК-тің 3-бабының 24-тармагында, ал аса ірі мөлшер ұйымы ҚК-тің 3-бөлімінің 3-


465
 
бөлігінде берілген. 
Онда ҚК-тің 254-бабында аса ірі мөлшер көлемі - екі мың айлықесептік көрсеткіштен асатын 
ақша сомасы, бағалы қагаздар мүлік құны деп көрсетілген. 
Қылмыстық кодекстің 253-бабының 4-тармагында: «коммерциялық немесе өзге де ұйымда 
басқару функцияларын орындайтын адамның акшаны, бағалы қағаздарды. баска да мүлікті заңсыз 
алуы, сол сияқты өзінің кызмет бабын пайдаланганы үшін, сондай-ак параға сатып алуды жүзеге 
асыратын адамның мүдделерінде кызметі бойыніпа жалпы камқорлығы немесе салгырттығы үшін 
мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді пай- далануы - үшін қылмыстык жауаптылык 
белгіленген». Яғни бұл жерде коммерциялык сатылу (пара алу) туралы сөз болып отыр. 
Объективтік жағынан коммерциялық сатылу (пара алу) құрамы бірнеше балама әрекеттерден 
құралады: Коммерциялық немесе өзге ұйымды баскару қызметін атқаратын адамның заңсыз ақша, 
бағалы қағаз, басқа мүлік алуы; кінэлінің өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесіне 
пайдалану үшін мүліктік сипатта көрсетілген қызметгі пай- далануы. Яғни Қылмыстық кодекстің 
253-бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы орын алуы үшін мынадай белгілердің 
болуы: 1) сатып алудың заты болып ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік, сондай-ақ мүліктік 
сипаттағы қызмет көрсетулер сана- лады; 2) осы көрсетілген заттар мен кызмет көрсетулерді 
коммерциялық немесе өзге ұйымда баскару қызметін атқаратын адамдардың қабылдауы; 3) заңсыз 
алынған заттар мен қызмет көрсеткені үшін кінэлінің өзінің қызмет бабын сатып алушының 
мүддесіне пайдаланып белгілі бір әрекеттерді немесе әрекетсіздіктерді істеуі немесе істемеуі; 
4) заңсыз сыйақыны (параны) алушы мен берушінің арасында өзара келісушілік сипат болуы шарт. 
Құрылысы жағынан Қылмыстық кодекстің 253-бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыстық 
құқык бұзушылық формальдық құрамға жатады. 
Қылмыстык кұқық бұзушылық коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын 
адамның заңсыз сыйақыны немесе қызмет көрсетудің бір бөлігін қабылдаған сәттен бастап 
аяқталған деп танылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жаса- лады. 
Кінэлі адам заңсыз сыйақыны қабылдаудың коғамға қауіптілігін сезеді, бірак соны кабылдап 
отырып сыйакы берушінің пайдасына өз қызмет бабын заңға кереғар пайда- ланып белгілі бір 
әрекеттерді немесе эрекетсіздіктерді істеуді тілейді жэне соны жүзеге асырады. 
Қылмыстың (253-баптың 4-тармағы) субъектісі - арнаулы, тек қана коммерциялық немесе өзге 
ұйымды басқару қызметін атқаратын адам. 
Қылмыстық кодекстің 253-бабының 5-тармағында талданып отырған кылмыс құрамының (253-
баптың 4-тармағы) ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар: адамдар тобының алдын ала сөз 
байласуы бойынша; бірнеше рет; ірі мөлшерде жасаған; қорқытып алумен байланысты жасалған 
әрекеттер. 
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуының түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-
тармақтарында көрсетілген. Бұл жерде айта кететін бір мәселе, көрсетілген осы топтың мүшелері 
болып тек қана коммерциялык немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын адамдар ғана 
танылады. 
Бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі ҚК-тің 12-бабында көрсетілген. Қорқытып алумен 
байланысты әрекеттерге кінэлінің заңсыз сыйақыны, соны берушіні қиын жағдайларға қалдырып 
немесе олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне тікелей зиян келтіру қаупін көрінеу туғыза 
отырып талап етулері жатады. 
Осы баптың төртінші немесе бесінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар- ды 
қылмыстық топ жасаса немесе олар аса ірі мөлшерде жасалса - жауаптылық ҚК-тің 213-бабының 6-
бөлігінде көзделген қылмыстык топ жэне аса ірі мөлшер жаңа ҚК-тің 3-бабының тармақтарында 
көрсетілген. 
Қылмыстық кодекстің 253-бабының бірінші ескертуінде осы баптың бірінші жэне екінші 


466
 
бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаған адам, егер оған катысты қорқытып алушылық орын 
алган болса немесе егер ол қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылык туралы өз 
еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады делінген. Ал осы баптың екінші 
ескертуіне сәйкес бұрын жасалған занды әрекеттер үшін алдын ала уағдаластық болмаган жағдайда 
мүлікті беру немесе алу, мүліктік сипаттагы қызметтер көрсету немесе мұндай кызметтерді сыйлық 
немесе сыйақы ретінде пайдала- ну, егер мүліктің немесе қызметтердің қүны екі айлық есептік 
көрсеткіштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себепті қылмыс болып табылмайды және 
тәртіптік неме- се әкімшілік ретпен қудаланады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет