540
немесе басқадай бағалы заттарын алу әрекеті екі бірдей қылмыстың (өлгендердің мәйітін қорлау
жэне бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) жиынтығын құрайды.
Жерлеу немесе рэсімдер өткізуге арналған орындарды
жою деп олардың қоршауларын,
ескерткіштерді, архитектуралық құрылыстарды, мүрделерді қиратып, мүлдем жарам- сыз етіп
тастауды айтамыз. Жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират
үйлерін бүлдіру немесе
аяққа басу деп ескерткіштерді, құлпытастарды бүлдіру, зират үйлеріне
балағат сөздерді жазу, суреттер немесе басқа әдепсіз бейнелерді салу, жерлеу орындарындағы гүл
шоқтарын, веноктарды бүлдіру немесе жою, оларды талан-таражға салу әрекеттерін істеуді
айтамыз. Талданып отырған қылмыс формальдык - материалдық қүрамға жатады. Жерленген
жерлерді, қүлпытас қүрылыстарын, рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру
әрекеттері
материалдық, ал өлгендердін мэйітін қорлау формальдық құрамга жатады.
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бүзушылық тек кана тікелей
қасаналыкпен
жасалады.
Қылмыстық кұқық бүзушылықтың субъектісі жалпы - 16-ға толған адам.
Қылмыстык кодекстің 314-бабының 2-тармагында осы қылмыстын ауырлататын мы- надай
түрлері: 1) әлденеше рет (ҚК-тің 12-бабы);
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе қылмыстык топ жа- саса (ҚК-
тің 31 -бабы);
3) ұлттық, нәсілдік немесе діни өштік не араздық уэжі тұрғысында;
4) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қоркыту арқылы жасалған әрекеттер үшін
жауаптылык белгіленген.
Егер өлгендердің мэйіті жерленген жерлер тарихи-мэдениет
ескерткіштеріне жататын болса,
онда оны касакана жойған немесе бүлдіргені үшін адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 202-
бабының 3-тармағының «2» тармакшасы бойынша сараланады.
Достарыңызбен бөлісу: