Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет455/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

 
в) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасалғанда - осы қылмыстық құқық бұзушылықтың 
ауырлататын түріне жатады (315-баптың 2-тармағы). 
316- 
6 а п. Жануарларга қатыгездік жасау 
1. 
Жануарларга олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездік жасау, егер бүл 
іс-әрекет бузақылық ниетпен немесе садистік әдістерді қолдана отырып немесе жас 
балалардың көз алдында жасалса - 
екі жүз айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жүз сексен сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган немесе 
бірнеше мәрте жасалган дәл сол іс-әрекет - 
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не үш жүз сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга не 
тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
Қылмыстық кұқык бұзушылықтың тікелей объектісі қоғамдык адамгершілік, қосымша тікелей 
объект меншік қатынастары болуы мүмкін. 
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың заты - жануарлар, олар кімнің меншігіне жататындығына 
карамастан кылмыс заты болып табылады. Бұл жерде үй жануарлары немесе жабайы жануарлар 
туралы да сөз болып отыр. 
Қылмыстык құқық бұзушылык объективтік жағынан жануарларға катыгездік жа- сау 
әрекеттерімен, одан туындайтын зардап - олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соғумен және 
олардың арасындағы себепті байланыстармен сипатталады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық заңда көрсетілген осы зардаптар орын алған уақыттан бастап 
аякталған деп табылады. 
Жануарларға катыгездікпен қарау деп оларды сусыз, тамақ бермей, ерекше суық не- месе 
ыстық жерлерде ұстау, ұрып-соғу, олармен ғылымға негізделмеген тәжірибелер жа- сау, оларды 
азаптап өлтіру және т.б. әрекеттерді айтамыз. 
Жануарларға олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соккан катыгездік жасау үшін кылмыстық 
кұқык бұзушылық үшін жауаптылық, егер бұл эрекет бұзақылық пиғылмен немесе жауыздык 
әдістерді колданып немесе жас балалардың көзінше жасалған жағдайда гана орын алады. 
Бұзақылык пиғылға өзін қоғамға карсы қойып, қоғамдық тәртіиті бұзу арқылы, көпшілік 
көзінше жануарларға ерекше катыгездік көрсетіп, жұртты таңқалдырмақшы болған эрекеттер 
жатады. 
Жауыздық (садистік) эдістерді колданып жасаған эрекеттерге жануарларға ерекше азап 
шектіретін әдістерді қолданып, одан рахаттану, ләззат алу сезімдері жатады. Мыса- лы, жануардың 
терісін тірідей сылу, оны тірідей отқа салып өртеу, тірі жануардың дене мүшесін кесіп алу т.б. 
Жасы 14-ке толмаған жас балалардың көзінше жасалған осы әрекеттердің барлыгы 
жануарларға жасалған қатыгездік деп танылады. 
Субъективтік жағынан қылмыстық құқык бұзушылық тікелей касақаналықпен істе- леді. Адам 
жануарға қатал қарайтынын, одан оның өлуі немесе мертігуі мүмкін екенін сезеді жэне осындай 
зардаптардың орын алуын тілейді. 
Қылмыстық құқык бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған адам. 
Қылмыстык кодекстің 316-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: 
адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, немесе бірнеше рет жасалган 
әрекеттер үшін жауаптылык белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет