Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық



Pdf көрінісі
бет54/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

31- 
6 а п. Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық 
1. 
Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауга екі немесе одан да көп орындаушы алдын 
ала сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаган қылмыстық құқық бұзушылық 
деп танылады. 
2. 
Егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бірлесіп жасау туралы күні бұрын уагдаласқан 
адамдар қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган қылмыстық құқық 
бұзушылық деп танылады. 
3. 
Егер қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қогамдастық, 
трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық 
қогамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген 
құралым жасаса, ол қылмыстық топ жасаган қылмыс деп танылады. 
4. 
Қылмыстық топ құрган не оган басшылық еткен адам осы Кодекстің Ерекше бөлігінің 
тиісті баптарында көзделген жагдайларда қылмыстық топты ұйымдастырганы және оган 
басшылық еткені үшін, сондай-ақ егер қылмыстар оның пигылында болган болса, қылмыстық 
топ жасаган барлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа жатады. 
5. 
Қылмыстық топтың басқа қатысушылары осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті 
баптарында көзделген жагдайларда, оган қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауга немесе 
жасауга қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықта болады. 
Қылмыстык кұқық бұзушылыкка сыбайластыкпен катысудың нысандары жэне түрлері туралы 
мәселені анықтау қылмыстық кұқық бұзушылыкка катысушылардың субъективтік байланыстарының 
сипаты мен дәрежесіне, олардың эрекеттерінің өзара келісушілігінің дэрежесіне, қатысушылардың 


130 
өзара объективтік байланыстарының мәніне, кылмыстыккұкыкбұзушылыққа катысушылардың өзара 
эрекеттестігініңтәсіліне және қылмыстық кұқық бұзушылық кұрамдарының кұрылу ерекшеліктеріне 
байланысты шешіледі. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың эрекеттерінің келісушілік 
дәрежесіне байланысты қылмыстық құқык бұзушылыкка қатысу екі түрлі нысанға алдын ала 
келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп кылмыстык құқық бұзушылыкка қатысу болып 
болінеді. Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде эр түрлі көрініс тапқан. Бұлар 
алдын ала келісіп қылмыстық құқық бұзушылыкқа адамдар тобы, сөз байласу арқылы адамдар тобы, 
қылмыстық топ аркылы қылмыстық кұқық бұзушылықка қатысу болып көрсетілген. 
Қылмыстық құқық теориясы қылмыстық кұқык бұзушылыққа катысудың түрлерін де бөліп 
көрсеткен. 
Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатыскан жеке- леген 
қатысушылардың қылмыстық құқык бұзушылықты істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына 
байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадагы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы 
болып екі түрге бөлінеді. 
Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп атаймыз. 
Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық 
істеуге қатысқандардың барлыгы да сол істеген қылмыстық құқық бұзушылыктың объективтік 
жағының белгілерін басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстық құқық 
бұзушылықтың объективтік жағының бір бөлігін орындауға ғана катысуын айтамыз. Мұндай ретте 
қылмыстық құқық бұзушылықтың зар- дабы қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің 
жиынтығының нәтижесі бо- луда. 
Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге ұйымдастырушының: айдап 
салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де мүмкін. Ал қоса орындаушылықта 
қылмысқа қатысушылардың барлығының бір-бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы жэне 
қатысушылардың қылмысты бірге тікелей істейтінін білуі қажет. 
Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны орындау- шы өзінің 
істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады. Тар мағынадағы қылмыстық құқық 
бұзушылыққа қатысушылықка тән белгілердің бірі қылмыстық құқық бұзушылыққа 
қатысушылардың өзара рөлдер бөлісуі болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылыкка 
қатысудың бұл түрі бойынша қылмыстық құкық бұзушылықтың объективтік жагының белгілерін 
тікелей орындаушы ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушілер 
орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті жөнінде хабардар болады. Қылмыстық құкык 
бұзушылыққа қатысудың ныса- ны мен түрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, олар кейде 
қабаттасып кетуі де мүмкін. Мысалы: көп жағдайларда ұйымдастырушы жэне көмектесуші басқа 
қатысушылармен бірге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының тұтас 
белгілерін немесе оныц бір бөлігін орындауга катысуы мүмкін. Мүндай ретте кылмыстык кұкык 
бүзушылыққа алдын ала келісіп катысу (қатысу нысаны) қоса орындаушыныц жэне іар магынасы 
қылмыстык күқық бұзушылыкка қатысушылық (қатысушылардың түрлері) көріністерініц 
кабаттасуы орын алады. Қылмыстық кұқык бұзушылыкка катысу нысаны мен түрлерін дұрыс 
анықтау кылмысты саралауға жэне жазаны даралау мәселесін ше- шуге эсер етеді. Қылмыстык 
құқык бұзушылыкка сыбайластықпен катысудың нысаны мен түрін белгілеу бірлесіп істеген 
қылмысты іс-эрексттің қогамга қауіптілігінің сипа- ты мен дәрежесін аныктауға және қылмыстық 
кұқық бұзушылықка қатысушылардың эрекеті мен келісушілігінің дәрежесін есепке алуга мүмкіндік 
береді. Қатысушылардың өзара байланысы тыгыз болса, олардың әрекеті ұйымдасқан сипатты 
білдіреді. Мұның озі олардың істеген кылмысының кауіптірек болатынын көрсетеді. 
Қылмыстық кодекстің 31-бабында кылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: адамдар тобы, сөз 
байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстықтогі аркылы жасауы деп көрсетілген. Осы аталған бапта 
кылмыстык кұкык бұзушылықты іс-әрекетті істеудің келісушілігінің дәрежесіне сэйкес кылмыстық 


131 
кұкық бұзушылыққа қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс жүзінде қатысушылардың өзара 
кылмыстык кұқық бұзушылык істе- уге деген алдын ала келіспеушілігінің болганына немесе 
болмағанына байланысты қылмыстық кұқық бұзушылықка қатысу нысаны төмендегідей бірнеше 
түрге бөлінеді. 
Алдын ала келіспей адамдар тобы жасаған кылмыска қатысу (31 -бап, 1 -болігі). Мұндай ретте 
кылмыстыккұкыкбұзушылықтоп арқылы алдын ала келіспей, коса орындаушылык түрінде, 
қылмыстық кұқық бұзушылыкка қатысушылардың арасында келіспеушілік қылмыстық құқык 
бұзушылық істелгенге дейінгі уақытта орын алмаган жагдайда істе- леді. Бұл жағдайда кылмыстык 
кұкык бұзушылықты топқа қатысушылардың өзара келі- суі кылмыс істеу барысында, кылмыстың 
объективтік жагының белгілерін орындауга кіріскен уакыттан бастап жүзеге асырылады. Алдын ала 
келіспей топ болып қылмыстық құқык бұзушылық істеу көп жағдайда төбелеске катысып, кісі 
өлтіруге, денеге жарақат салуда, әйел зорлауда жиі кездеседі. Бұл кылмыстық құқық бұзушылыққа 
тэн белгі - қылмыстық құқық бұзушылық істеуге, ягни қылмыстык кұкық бұзушылыктың объектив- 
тік жағын орындауга кіріскен орындаушының әрекетіне басқа қатысушылардың қосылып кетуі 
болып табылады. Мұндайда әрбір кылмыстық құкык бұзушылыкка катысушы қылмыстык кұқық 
бұзушылықтың объективтік жағының белгілерін толық немесе ішіна- ра орындайды. 
Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 4 «Зор- лау және өзге 
де нәпсікұмарлық сипаттагы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстык құқык 
бұзушылыктардагы саралаудың кейбір мәселелері туралы» норма- тивтік қаулысында топ болып 
жасалған зорлау деп - бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлагандыгы, сондай-ак айыпкердің бірнеше 
адам (екеуден кем емес) жэбірленушіге бірлесе күш жұмсап, онымен жыныс қатынасын жасаса, бұл 
әрекеттоп болып зорлау деп саралануга жатады. Өздері зорлап жыныс қатынасын жасамаган, бірак 
жэбірленушіге күш колдану арқылы басқалардың оны зорлауына көмектескен адамдар топтасып зор- 
лауды орындаушылар болып табылады», - делінген. Алдын ала келіспей кылмыстык құқык 
бұзушылыққа топ болып катысу өте кауіпті және бұл сот тәжірибесінде аз кезде- сетін кылмыстык 
кұкык бұзушылык болып табылады. 
Қылмыстык кұкык бұзушылыкқа катысу нысанының ең қауіпті жэне көп тараган түрі алдын ала 
сөз байласып, келісіп кылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласкан түрі болады. Алдын 
ала келісу деп кылмыстык кұкықбұзушылыктың объективтік жағын кұрайтын әрекеттерді 
орындаганга дейін Қылмыстык кодекстің Ерекше бөліміндегі көрсетілген баптардағы іс-әрекеттерді 
істегенге дейін басқа бір адаммен болса да келісім- ге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты 
алдын ала келісіп істеуінің белгілері: біріншіден, қылмыстық кұкық бұзушылыкка катысушылардың 
саны екіден кем болмай- ды; екіншіден, олардың қылмыстық кұқық бұзушылық істеу туралы келісімі 
қылмыстык құқық бұзушылықты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе 
бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтың істеу жөнінде болады. Қылмыстык кұқық бұзушылыққа 
қатысудың бұл нысаны Қылмыстық кодексте нақты қылмыстық кұкық бұзушылық құрамының 
негізгі немесе жетілдірілген (квалифицирующий) белгілері не- месе жауаптылықты ауырлататын 
мэн-жайлар ретінде көрсетілген. Мысалы: 188-баптың 2-бөлігінде «бөтеннің мүлкін адамдар 
тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ұрлау» делінген. Бұл жерде қылмыстық кұқық 
бұзушылық істеуге келісу деп кылмыстык кұкык бұзушылыққа қатысушылардың дайындалып 
немесе істейін деп жаткан қылмыстық кұқык бұзушылық жөніндегі өзара ауызша, жазбаша келісімге 
қол жеткізуін айтамыз. Кейде мұндай келісімдерге конклюдеттік әрекеттер (үндемей келісу) арқылы 
қол жетуі мүмкін. Келісімнің түпкі мақсаты кылмыстық құкык бұзушылыққа катысушылардың 
барлығынан да істейтін қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын орындауга 
тікелей қатысатыны туралы болады, яғни кылмыстық кұкық бұзушылық коса орындаушылықпен 
жүзеге асырылады. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты бір неме- се бірнеше қылмыстық құқық 
бұзушылық жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан 


132 
адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан адамдар тобы жасаған істелетін 
қылмыстык кұкық бұзушылықтың белгілері: біріншіден - қылмыстық құқық бұзушылық кем дегенде 
екі адам қатысады, екіншіден - ондай катысу алдын ала қасакана бір немесе бірнеше қылмыстық 
құқык бұзушылық істеу жөнінде келісіледі, үшіншіден - қылмыстық топ тұрақты топқа жата- ды. 
Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, кылмыс істеу жөнінде 
күні бұрын, яғни қылмыстық құкық бұзушылықты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыстык кұқык 
бұзушылык істеудің жоспарын құрады; кылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың өзара 
рөлін белгілейді; қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған 
әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын карастырады. Үйымдаскан тұрақты топпен қылмыстық 
кұқық бұзушылык істеу топка қатысушылардың белгілі бір рөлдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ 
ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмыстық кұқық бұзушылыққа катысып, жүзеге асыруды 
қамтамасыз етеді. Тұрақты топ дегеніміз бір немесе бірнеше қасақана қылмыстык кұқык 
бұзушылықтар істеу үшін құрылган топ болып табылады. Мұндай тұракты топтың мүшелері кейде 
мемлекеттік өкімет: басқару органдарының жауапты қызметкерлері де болуы мүмкін. Қолданылып 
жүрген қылмыстық заңга сәйкес ұйымдаскан топ бо- лып қылмыс істеу қылмысты жетілдіретін, 
ауырлататын белгі ретінде бірнеше бапта көрсетілген. Мысалы, 188-бап, 2-бөлігі, «1» тармағы, 193-
бап, 2-бөлігі, «3» тармағы, 190-бап, 2-бөлігі, «1» тармағы, т. б. 
__
и
и 
Егер қылмысты ұиымдасқан топ, қылмыстық ұиым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттык 
қылмыстық қогамдастық, террористік топ, экстремистік топ, басқа немесе заңсыз эскерилендірілген 
құралым жасаса, ол қылмыстыктоп жасаған қылмыстық деп та- нылады. Қылмыстық топқа тән 
өзіндік белгілердің бірі кылмысқа қатысушылардың өзара алдын ала келісушіл ігінің ең жоғары 
дәрежеде болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым екендігіне 
байланысты. Қылмыстық топ (қылмыстық ұйым) қылмыстық құқық бұзушылық істеу үшін 
адамдардың біріккен тұракты жэне топтасқан тобының көрінісі болып табылады. Қылмыстық 
сыбайластықтың (қылмыстық топтың) қатысушылары тұрақтылыгы, топтасқандығы қылмысқа 
қатысудың тек кана осы түріне тән белгілері болып табылады. Бүл жерде қылмыстық 
сыбайластықтың (қылмыстық топтың) түрақтылыгы деп оның мүшелерінің өзара үнемі байланыста 
болуын жэне олардың бірнеше қылмыстық күқық бүзушылықты істеуге даярлану, окталу, жүзеге 
асыру әрекетінің өзіндік әдістерінің көрініс беруін айтамыз. Алдын ала келісімнің және өзара тыгыз 
сыбайластықтың, бірлестіктің тұрақтылыгын корсетеді. Қылмыстық қүқық бүзушылыққа бірге 
катысушылардың 
әлеуметтік-психологиялық 
белгілерін 
сипаттайтын 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтың мақсатты жүзеге асырудағы ортак бірлігінің бар болуын қылмысты сыбайластыкқа 
(қылмысты топқа) топтасқандык деп танылады. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстык топтың) 
істеген кылмыстық қүқык бүзушылықтың қауіптілігі сол, бұл үйым жэй ғана өзара келіскен адамдар 
тобы- нан емес, қылмыстық қүқық бұзушылықты құқыққа қарсы әрекеттермен шұгылдану үшін 
жасалған тұрақты, баскарылатын үйымға топталган адамдардан тұрады. Бүл баскарылатын тұракты 
үйымның максаты қылмысты әрекеттермен шүғылдану болып та- былады. Мүндай топ, әдетте 
бірнеше, саны белгісіз, қылмыстык күкык бүзушылыктарды жасау үшін, орындалуы қиын, ауқымы 
кең, тэсілі мен әдісі жөнінен күрделі ауыр немесе ерекше ауыр кылмыстық күқык бүзушылыкты 
жүзеге асыру үшін кұрылады. Қылмыстык күкык бүзушылықта топтың мүшелері арасында 
әрқайсысының аткаратын рөлдері бел- гіленеді. Мүндай баскарылатын үйым көп жағдайларда 
кауіпті қылмыстарды жүзеге асырады. Қылмыстык кұкық бұзушылыққа сыбайластыкпен (қылмысты 
ұйыммен) істелетін қылмыстардың кейбір түрлері кылмыстык заңда жеке қылмыстык кұкық 
бұзушылык күрамы ретінде көрсетілген (мысалы, 268-бап. Бандитизм). Банда дегеніміз - азаматтарга 
немесе үйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты, карулы топ күру. Бүл қылмыс түракты 
баскарылатын үйымга топтаскан адамдар арқылы ғана жүзеге асы- рылады. Мүндай қылмыстарды 
кылмыстык қүкық теориясы қылмыстык үйыммен бір- лестікпен жасаған кылмыс деп таниды. 


133 
Қылмыстык күкык теориясы мүндай үйымның құрылуын және оған қатысудың өзін аякталған 
қылмыс қатарына жатқызады. 
Адамдар тобы, сөз байласқан адамдар тобына карағанда қылмыстык топ арқылы істелетін 
қылмыстың зияны да, қауіптілігі де орасан зор. Адамдар тобы, сөз байласкан адамдар тобына 
қарағанда қылмыстық топтың (топтың) айырмашылығы бар. Қылмыстық топтың құрылу мақсаты - 
бірнеше кылмыстык кұқық бұзушылык істеу, қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттермен үнемі 
шұғылдану және оны күнкөріс көзіне айналдыру. Адамдар тобы сөз байласкан адамдар тобы 
қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі шұғылданса, ондай топ қылмыстык топка 
айналып кетеді. Сол сияқты қылмыстық топқа бір топ адам, бірнеше ұйым кылмыстык құкық 
бұзушылық әрекеттермен шұғылдану үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс 
істеуде мұндай белгі болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет