Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет57/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

Бірінші иіарт.
Қоргану заңда тура атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде жүзеге асырылады. 
Әрекетсіздік өмірге, денсаулыққа, меншікке зиян келтірмейді, сондыктан да ондаи киянатка 
тоитарыс берілмеиді. Мазмұны жонінен эрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден қүралады. 
Денеге келтірілген зиян адам өмірін жоюға, денеге жаракат келтіруге да байланысты болуы мүмкін. 
Мысалы, С. деген адам маскүнемдіктің эсерінен үиде пышакпен пияз турап отырган К. деген өз 
әиелін сабап кана қоимаи, оның моинын бүрап, түншықтырып далаға карай сүйреген. К. өзін-өзі 
қоргау максатымен колындагы пышақты күйеуіне карсы жүмсауга мэжбүр болган, нәтижесінде 
күйеуі ауыр жаракат алып, ауруханада қайтыс болған. К-нің жағдайын сот кажетті қоргану 
жағдайында істелген эрекет деп тапкан. 
Жолда келе жаткан Ж. деген азаматты М. деген адам шалып қүпатып, колындагы темір балгамен 
жанды жерінен үргылай берген. Ж. М-ден қорғану максатымен өзі қүлаған жер- ден колына түскен 
таспен киянат келтірушінің басынан үрып, оган ауыр дене жаракатын келтірген. Ж-нің эрекеті 
кажетті қоргану халінде істелген әрекет деп танылған. Қажетті коргану халінде киянат келтірушіге 


139 
оның мүлкін жою, бүлдіру, кирату арқылы да зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы: Автобус ішінде 
отырган бір топ жас жігіттер магнитофон- ды барынша айкайлатып музыка тындаган. Автобуста 
отырган Жапсарбай деген азамат жастарга келіп, магнитофонды өшіріп, тыныштык сактауды 
өтінген. Бүл өтінішке магни- тофон иесі жауап ретінде оны одан әрі каттырақ сөйлетіп, өзі де қарқ-
карк күлген. Бұл эрекетке ыза болган Жапсарбай элгі жас жігіттің қолындагы магнитофонды жүлып 
алып, жүріп келе жатқан автобустың ашык терезесінен тыска лактырып жіберген. Магнито- фон 
қирап, іске жарамсыз болып калган, ал Жапсарбайдың әрекеті қылмыстык кұкык бұзушылык емес 
деп таиылган. 
Екінші шарт.
Қорғанушы зиянды киянат келтірушінің тікелей өзіне (баскага емес) келтіреді. 
Өйткені кажетті корганудың негізі кажетті корғануды тудыратын киянат келтірушінің өзі ғана 
болады. Ондай болса, қажетті коргану сол киянат келтірушінің өзіне тікелей карсы қолданылады. 
Мұндай қиянат келтірушіге келген зиян мөлшері, түрі әр түрлі болуы мүмкін: киянат келтірушіні 
өлтіру, денесіне әр түрлі жарақат салу, оның мүлкін жою т. б. Осыған байланысты заң күні бұрын 
киянат келтірушіге келетін зиянға ешқандай шек қоймайды. 
Үшінші шарт.
Қиянат келтірушіліктен дер кезінде корғану кажет. Қоғамға кауіпті әрекеттің 
басталған уақыты мен оның аяқталғанға дейінгі аралығындағы киянат кел- тірушіліктен қорғануды 
жүзеге асыру дер кезінде колданылған қажетті қорғану болып табылады. Қол сұғушылык 
аяқталғаннан кейін де қоргану әрекетін одан эрі жалғастыру кешіккен қорғану деп танылады, мұндай 
іс-әрекет кылмыстық кұкық бұзушылыктың катарына жатқызылады. 
Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2 норма- тивтік 
каулысының 24-тармағында «егер де зиян кол сұғушылыкты тоқтатқаннан кейін немесе ол біткеннен 
кейін жасалып, корғану кұралының кажеттігі жоктыгы айқын бол- са жэне бұған корғанушының көзі 
жетіп тұрса, ол кажетті қорғану жағдайында болды деп табылмайды. Мұндай жағдайда жасаған 
әрекеті үшін жауаптылык жалпы негізде қаралады», - делінген. 
Төртінші шарт.
Қарсы әрекеттің максатынан кұралады. Ол коғамдык қатынастарды оған зиян 
келтіруден қорғау болып табылады. Бұл туралы заңда корғанушының немесе басқа адамның жеке 
басының құқығын, тұрғын үйді, меншікті, жер учаскесін, коғамның немесе мемлекеттің мүдделерін 
қоғамға қауіпті қастандықтан қорғау деп жалпылама аталған (32-бап, 2-бөлігі). 
Қауіп төндірушіге қолданылатын карсы әрекеттің мақсатының өзі осы қоғамдық қатынастарға 
зиян келтірмеу, зиян келтіруден сақтау, қорғау болып табылады. 
Егер қиянат жасаушылық кек қайтару, өзара есеп айрысудың қолайлы сәті ретінде 
пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік қылмыс болып табылады. Мысалы, Балбақ 
деген азамат өзімен араздасып жүрген Қарабай деген көршісінің бала- сын бақшасынан қауын үзіп 
жаткан жерінен ұстап алып, оны белбеумен ұрып тастайды. Баласының таяк жеп жатқанын көрген 
Қарабай үйінде тыгулы жатқан дыбыссыз атыла- тын мылтығын алып, оны оқтап, дәлме-дәл көздеп 
тұрып Балбақтың басынан атып, оны өлтіреді. Алдын ала жэне сот тергеуінде Қарабай Балбақтың 
баласын ұрып жатқанын сылтау етіп қолайлы сәтті пайдаланып, кек қайтару мақсатымен оны атып 
өлтіргенін мойындаған. Сот оның эрекетін қажетті қорғануға жатпайтын кек алу мақсатымен 
қасақана кісі өлтіру әрекеті деп тапқан. 
Жоғарғы Сот өзінің 2007 жылғы 11 мамырдағы қаулысында басқа адам заңсыз әрекеттер жасады 
деген сылтауды желеу етіп, оны өзінің құқыққа қайшы әрекеттерін істеуге пайдалану үшін эдейілеп 
шабуыл жасауга килігуі (төбелес шығару, кокан-локқы көрсету, кек алу әрекеттерін жасау жэне т.б.) 
ол кажетті қорғану кезінде болды деп санауға болмайды. Мұндай жағдайда жасаған әрекет үшін 
жауаптылық жалпы негізде каралады. Қорғану занды болу үшін корғанушы корғаныс шегінен 
шыкпауы керек. Яғни, қиянаттың қаупі мен сипатына қорғанудың сөзсіз сэйкес келмеуі орын алмауы 
кажет деп көрсеткен. 
Қылмыстык кодекстің 32-бабының соңгы болігіне сэйкес қиянаттың қаупі мен сипа- тына 
қорғанудын көрінеу сай келуі қорғанудың заңға сыйымдылық көрінісі болып табы- лады. 


140 
Қылмыстық кодекстің 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қол сұгушыға анык шектен тыс, жағдай 
мэжбүр етпейтін зиян келтірілстін, қол сүғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне 
қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен 
шығу тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. 
Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік коғамға зиянды. Сондықтан да мүндай әрекеттердің 
кылмыстық жауаптылығы және жа- засы заңга сәйкес накты келтірілген зиянға байланысты 
шешіледі. Қиянат келтірушіге қажетті қорғану шегінде, қол сұгылған қиянатты зиян келтірместсн 
тойтаруға мүмкіндік болмаса қоғамдык немесе жеке мүдцені қоргау мақсатымен келтірілген зиян эр 
уақытта да заңға сыйымды болыи табылады. Егер қиянат келтірушіге зиян шектен тыс және сол 
қиянаттың сипаты мен қауіптілігіне сөзсіз сэйкес келмесе, онда қорғанушы жөнінде қажетті 
қорғанудың шегінен шыгып кеткені үшін жауаптылық мэселесі туындайды. Мүндай жағдайда 
келтірілген зиян шабуылдан корғану мүддесіне сәйкес жүзеге асырыл- ды деп санауға болмайды. 
Сонымен бірге ескере кететін бір жайт, қажетті корғану ше- гінен асып істелген қылмыс 
жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатады (53-бап, 1-бөлігі, «9» тармағы). 
Заң қиянаттың қаупі мен сипатына қорғанудың сөзсіз сэйкес келмеуін қажетті корғану шегінен 
асып кеткендік деп санайды. 
Егер қорғанушы қиянаттың каупі мен сипатына нақты жагдайда сөзсіз сәйкес кел- мейтін 
қорғану қүралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы, қиянат жасаушыга орынсыз, қажетсіз негізде 
ауыр зиян келтірсе, оның эрекеті қажетті қоргану шегінен шыгып кет- кендік болып саналады. 
Мысалы: К. деген азамат қажетті қоргану шегінен асып кеткен жагдайда денені ауыр 
жарақаттағаны үшін (112-бап, 2-бөлігі) мына төмендегі жағдайда кінэлі деп табылып, сотталған. 
Сыраханада К-ға кызу күйдегі бір аягы жоқ Ж. деген мүгедек адам тиісіп, өзіне скі шөлмек сыра 
алып беруді талап еткен. Ж-ны итеріп жіберіп К. далага шықпақшы болған, итеруден құлап түскен 
Ж. жалма-жан тұра сала К-ны балдагымен ұрып, тағы да екінші рет үрмақшы болған, осы кезде К. 
қолындағы құмырасымен Ж-ны бастан үрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот 
үкімінде «кажетті қорғану шегінен асып қиянаттың каупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға 
зиян келтірген» деп көрсетілген. Ж. бір аяғы жок мүгедек эрі ауыр күйде мас болған. Осы жағдайға 
байла- нысты К. оны басынан шөлмекпен ұрмай-ақ, оның қолындағы балдагын жұлып алып, басынан 
ұрып, ауыр дәрежедегі жарақат салмай-ақ, киянатты тоқтатуға толық мүмкіндігі бар еді. 
Қорғанушы қорғану шегінде немесе одан асып, әрекет істеді ме деген мәселені шешу үшін істің 
барлық мэн-жайын мүкият, жан-жақты есепке алуды, оқиға болған жағдайда қорғанушының, сондай-
ак киянат келтірушінің жеке басын, олардың күштерінің арасалмағын анықтау қажет. 
Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2 норматив- тік 
қаулысында соттар кажетті қорғану шегінен асып кеткендіктің бар немесе жокекендігі мәселесін 
шешкен кезде тек қорғану мен қауіи төндіру қүралдарының сәйкестігін немесе сэйкессіздігін гана 
емес, қорғанушыға қауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, шабуылға қарсы түрудағы оның күші мен 
мүмкіндігін, сондай-ақ шабуылшы мен корғанушының күштерінің арасалмагына ыкпал ететін баска 
барлык жағдайларды да (қауіп төндіруші мен қорғанушының саны, олардын күш-куаты, жасы, 
қарулангандығы, қауіп төндіру уакыты мен орны т. с. с.) ескеруі керек деп атап көрсеткен. Қорғану 
эрекетінің заңға сыйымдылығын багалағанда, ең бірінші қиянаттың үрдістігін, яғни қауіп төндірудің 
сипаты мен дәрежесін, шабуылдың қаркыны мен күшін есепке алу кажет. Қиянапың сипаты мен 
қаупі көп жағдайларда қауіп төнетін объектінің маңыздылығына да бай- ланысты. Адамның өмірі, 
денсаулығы, меншігі сиякты маңызды объектілерге шабуыл жасап, нақты қауіп төндіру корғанушыға 
да қорғанудың өте ыңғайлы тәсіліне жүгінуге кұқық береді. Яғни, қорғалатын игіліктің бағасы құнды 
болған сайын осыған орай оған төндірілетін қиянат та кауіптірек, сондай-ак қажетті корғануды 
колданудың шегі де жэне қиянат келтірушіге зиян мөлшері де елеулі, ауқымды болады. Қиянаттың 
үрдістігінің дэрежесі көп жағдайларда кылмыскердің қолданатын құралы мен кару-жарағына да 
байланысты. Бірак та бұл жерде қорғанушы шабуылды қандай құрал немесе қаруды қолданса соған 
сайма-сай құралмен немесе карумен тойтаруға ғана кұкылы деп айту кате болар еді. Мұндай пікірді 


141 
қуаттаған жағдайда корғанушының қару жұмсау аркылы өзінің немесе басқа адамның өміріне нақты 
қауіп төндіріп тұрған қаруланбаған қылмыскердің эрекетін тойтаруы негізсіз кылмыс болып саналар 
еді. Мысалы: К. деген азаматтың эрекеті заңға сыйымды істеген кажетті қорғану деп танылған. 
Кешкілік, қараңғы түскен сәтте Ж. мен С. деген екі мас К-ны көше бойында тоқтатып, оған негізсіз 
тиіскен. К. олардың сөзіне құлақ аспай, өз жөнімен жүре берген. Бірақ әлгі екі мас оны қуып жетіп, 
ай-шайға қарамастан ұрып, жерге құлатып, тепкілей бастаған. Жан саугалап қорғанған К. қалтасынан 
бәкісін алып Ж-ның карнына оны терендете салып жіберген. Ж. табан астында қаза болған. Алдын 
ала тергеу К-ны қажетті корғану шегінен асып, пышақ қолданып кісі өлтіргені үшін жауапқа тартқан. 
К. каруы жоқ адамға (қауіп төндірушіге) пышақ қолданды деп айыпталған. Бірақ та сот бұл 
корытындымен келіспей, өз үкімінде К-ға төнген қиянаттың оның өміріне қауіпті болғанын және екі 
бірдей қауіп төндірушінің күші бұл жерде басым екендігін есепке алып, оның әрекетінде қажетті 
қорғану шегінен шығушылық жоқ деген шешімге келген. Мұндай қауіп төндірушілікке корганушы 
көп жағдайларда кенеттен тап болған киянатқа байланысты соның салдарынан қатты абыр- жу, 
корқу жағдайында болады, сондықтан да барлық уакытта қауіп төндірудің сипатына дәл баға бере 
алмайды және соған сәйкес келетін корғану құралын қолдануға мүмкіндігі болмайды. 
Сонымен қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп танылуы үшін қиянаттың қаупі мен 
сипатына қорғаудың сөзсіз сәйкес келмеуі кажет. Бұл жерде сөзсіз сэйкес келмеушілікке 
корганушының айдан айқын, анық түрде қорғану шегінен асып кет- кен қиянат келтірушіге негізсіз, 
орасан зор зиян келтіруін айтамыз. Сот тәжірибесінде едәуір емес мөлшердегі бөтен біреудің мүлкіне 
қол сұққан қиянат келтірушіні өлтіру, адамның өміріне, денсаулығына қауіпті емес күйде істелген 
бұзақылықты, ұсақ ұрлыкты тойтарудағы басқа адамның денесіне ауыр дене жарақатын келтіру 
фактілері жиі орын алады. 
Қажетті корғау жөніндегі заңдарда колдану туралы жоғарыда аталған нормативтік қаулының 6-
тармағына сәйкес «Қылмыстық формальды жағынан белгілері бар, бірақ маңызының шамалылығына 
карай коғамдық кауіп тудырмайтын әрекеттер жасаған адамга зиян келтірген, сондай-ақ өзінің мінез-
құлқынан әдейілеп шабуыл жасауға килік- кен (арандатқан), содан кейін осы жағдайды құқыкка 
карсы әрекеттер жасауға (мыса- лы, төбелес шығару, жазалау, кек алу жэне т.б.) сылтау ретінде 
қолданғысы келген адам қажетті қорғану жағдайында болды деп танылмайды». 
Заңда қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіргендігі (103-бап) жэне қажетті 
қорганыс шегінен шығу кезінде денсаулықка ауыр зиян келтіргені үшін (112-бап) эдейі жауаптылык 
көзделген. Бұл, яғни қажетті корғану шегінен асып кет- кендігі үшін жауаптылық, тек касакана 
қылмыстык кұқык бұзушылықтар істегені үшін ғана қарастырылғанын көрсетеді. Абайсыздықпен 
істеген кажетті қорғану шегінен шығушылық үшін заңда жауаптылык белгіленбеген. 
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше. Жалған қорғану деп 
қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, оның баііыбына бармай 
корғануды айтамыз. Яғни, жалган қорғануда төніп түрған киянат, кауіп жок. 
Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2 норма- тивтік 
қаулысының 7 және 8-тармақтарында: «Қажетті қорғануды жалган қорғанудан ажырата білу керек. 
Жалган корғану кезінде коғамға қауіпті кол сұғушылык шын мәнінде нактылы болмайды, бірак 
оқиғаның жагдайына карай қорғанушының кол сұғушылық жасалды деп ойлауына негіз болып, 
осыған орай ол қол сұғушылыққа қарсы әрекет жа- садым деп кате жорамал жасайды. 
Жалған корғану кезінде келтірілген зиян үшін мынандай мэн-жайлар бар болған кезде: 
1) калыптаскан жағдайға байланысты зиян келтірушінің кажетті корғаныс жағдайында әрекет 
жасадым деп негізді ойлаган, бірақ ол қорганыс шегінен шығып кеткенде; 
2) зиян келтіруші тиісінше мұкият болса, жағдайды дұрыс бағалауға және қоғамға кауіпті кол 
сұгушылыктың жоқтығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндігі болғанда (мысалы, көршілерінің 
пәтерінен дорба котеріп шыққан бейтаныс адамды коріп, ұрлык жасады деп ойлап зиян келтірсе, ал 
жәбірленуші көршілердің туысканы болып шыкса) қылмыстык кұкық бұзушылық үшін жауаптылык 
туындайды. 


142 
Мұндай жағдайларда адам нақтылы қателік туралы ережелер бойынша, яғни тиісті тұлгалардың 
заңмен корғалатын объектілеріне абайсызда зиян келтіргені үшін жауаптылыкка тартылады. 
Шындығында қоғамға қауіпті қол сұгушылык жасамаған, бірақ қорганушының пікірінше солай 
жасауы мүмкін адамға келтірілген зиян қажетті қорғануды кұрамайды, өйткені эрекет белгілі бір 
адамнан келетін нактылы коғамға қауіпті қол сұғушылықты тойтаруға емес, белгісіз адамдар тобына 
зиян келтіруге бағытталады (мысалы, же- містерін үрлатпау үшін жеміс бағының иесі кақпаға бекітіп 
койған жарылғыш заттан сол жерге кездейсок келген адамга келтірілген зиян)», - деп арнайы 
көрсстілген. 
Жалған қоргану қорғанушының эр түрлі объективтік жағдайларға байланысты істелген катесі 
болып табылады. Мысалы, корғанушы жәбірленушінің коғамға кауіпті емес әрекетін коғамға қауіпті 
скен деп кателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік караңгы түскен кезде күндегі әдетінше 
жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяк жолмен үйіне кайтады. Бір қарағанда ол өзінің 
артынан келе жаткан бір адамның сұлбасын байқайды. Сол адамнан кауіптенген ол жүрісін 
жылдамдатып, бак ішінен сыртка шықпақшы болады. Оның артынан келе жатқан адам да жүрісін 
жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше кылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай 
калады да, жүгіріп келе жаткан элгі адамды таяқпен ұрып құлатады. Нәтижесінде бейтаныс адамға 
ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде анықтаганда Жұманның арты- нан калмай келе 
жаткан адам соның тұрған жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңгыда ол да жалғыз жүруден 
коркып алдында келе жаткан адамнан қалмауға тырысып, же- ле-жортып Жұманды қуып жетіп, 
артынан ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген корғану деп танылған. 
Жалған корғану - когамға кауіпті әрекет. 
Жалган корғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық құқык бұзушылық үшін 
жауапқа тартылады. Егер адам кажетті корғануды қолдануда өзінін катесін болжамаса немесе 
болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді. С. деген азамат 
жолдасынын үйіне кірудін орнына шатасып, соған ұқсас бір үйге кіріп кеткен. С-ның үйге кірген 
тарсылынан ұйыктап жатқан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір 
ойланбастан, төсектің касында тұрган орындықпен «шакырылмаған қонақтың» басынан ұрып, оган 
ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-ның корғануы бұл ретте заңды қорғану болып 
табылады. Бірак ол өзінің жәбірленушіге деген эрекетінің кате екенін сезбеген, сезуге міндетті 
болмаган жэне де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде кылмыс белгісі жоқ. Егер 
мұндай жағдайда ол өзінің катесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол 
абайсыздықпен істеген кылмыстык құкық бұзушылык үшін жауаптылыкка тартылар еді. 
Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылгы 2 мамырдағы № 2 норма- тивтік 
қаулысының 5-тармағында «сот шын коргануды жалған корғанудан айыра білуі керек. Мұндай 
жағдайда өзінің болжау кателігін аңғармай жэне қателігін аңгару мүмкін болмаған адамның қоргану 
құралдарын қолдануын қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп қарау керек» делінген. Егер 
адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мән-жайына 
қарай мұны ұгына алатын жэне ұғынуға міндетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда 
залал келтіргені үшін жауапқа тартылып оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша 
сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет