Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


ЗЗ-б а п. Қолсүғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде зиян келтіру



Pdf көрінісі
бет58/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

ЗЗ-б а п. Қолсүғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде зиян келтіру 
1. 
Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаган адамды мемлекеттік органдарга жет- кізу 
және оның жаңа қолсугушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін устап алу кезінде оган зиян 
келтіру, егер мундай адамды өзге амалдармен устау мүмкін болмаса және бул рет- те осы үшін 
қажетті шаралар шегінен шығуга жол берілмеген болса, қылмыстық қуқық бузушылық болып 
табылмайды. 
2. 
Адамга анық шектен тыс, жагдай мәжбүр етпейтін қажетсіз зиян келтірілген кезде, 
усталатын адам жасаган қуқық бузушылықтың сипаты мен қогамга қауіптілік дәрежесіне 


143 
және устап алудың мән-жайларына олардың анық сай келмеуі, қолсугушылық жасаган адамды 
устап алу үшін қажетті шаралар шегінен шыгу деп танылады. Мундай шектен шыгу қасақана 
зиян келтірілген жагдайларда гана қылмыстық жауаптылыққа әкеп согады. 
3. 
Қолсугушылық жасаган адамды устап алуга буган арнайы уәкілеттік берілген 
адамдармен бірге жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да қуқыгы болады. 
Қолсұғушылық істеген адамды ұстау - кылмыстылыкпен күресудің негізгі элемент- терінің бірі. 
Сондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекетгік органдарға жеткізу жэне оның жаңа қол 
сұғушылык жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге 
амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол 
берілмесе, қылмыс болып табылмайды. 
Қол сұғушылык жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігі бар адамдармен бірге 
жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да кұқығы бар (33-бап). Бұл - эркімнің кызметтік жэне 
азаматтык парызы. Қылмыскерді ұстау туралы кылмыстық құқық нор- масы бұрынғы Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінде 34-І-бабында арнайы көрсетілген еді. Осындай арнаулы заң 
нормасы Украина, Өзбекстан Қылмыстық ко- дексінде бұрын бар болатын. Қазакстан 
Республикасының 2014 жылғы жаңа Қылмыстык кодексінде қол сұғушылык жасаған адамды ұстап 
алу кезінде істеген адамды ұстағанда оған зиян келтіру қылмыстык құқык бұзушылық болып 
табылмайды деп көрсетілген. 
Өйткені қылмыскерді ұстаганда оның жеке өзіне, мүліктік мүддесіне зиян келтірілуі мүмкін. 
Кейбір жағдайларда ондай зиян мөлшері аса елеулі болуы да мүмкін. Сондыктан да қылмыстык заң 
мұндай реттерде зиян келтірудің шекаралык белгілерін көрсетіп беруі тиіс. 
Қолсұғушылык істеген адамды ұстағанда зиян келтірудің дұрыстығын аныктаудағы мән-жайлар 
негізінен екі топка бөлінеді. Біріншісі, колсұғушылық істеу фактісіне бай- ланысты мән-жайлар, 
екіншісі, қолсұгушылық істегеннен кейін оны ұстауға байланысты келтірілген зиян. 
Қолсұғушылыкты ұстаудың негізі болып оның біткен немесе аяқталмаган кылмысты істеуі 
немесе қылмыс істегеннен кейін одан жасырыну, кұтылу әрекеттерін жасауы бо- лып табылады. 
Бұл жерде ескеретін жайт, колсұғушылық деп касақана немесе абайсыздыкпен кылмысты істеген 
адамға белгілі бір дәрежеде оны ұстағанда зиян келтіру туралы сөз болып отыр. Қылмыс істеп 
жатқан адамның өзін немесе қылмыс істегеннен кейін нақ сол қылмыскерді ұстау - осы институтты 
жүзеге асырудын негізгі шарты болып табылады. 
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істеді деп сезіктенген адамды 
ұстауға мынадай негіздердің бірі болғанда ғана жол беріледі: 
а) бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шыкса немесе кылмысты жаңа ғана істеп болған 
үстінен шыкса; 
б) көзімен көрген адамды, соның ішінде жәбірленуші де қылмысты істеген осы адам деп тура 
көрсетсе; 
в) сезікті адамның өзінде немесе киімінде өз касында немесе үйінде қылмыстың айқын көздері 
табылса. 
Қолсұғушылықты ұстаудың сөзсіз негіздері болып оның тұткыннан, қамаудан, жаза өтеп жатқан 
мекемеден қашуы болып табылады. 
Қолсұғушылықты ұстау деп негізінен ол адамның қылмыстық құқық бұзушылық істеп жатқан 
кезінде ұсталуын айтамыз. Бірак адам қылмыстық кұкық бұзушылық жасаған кезде ұсталмаса, оны 
ұстау кылмыс істегеннен кейін де кылмыстық кұқық бұзушылық үшін жауапқа тартудың мерзімі 
ішінде жүзеге асырылады. 
Қолсұғушылықты істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек соның өзіне ғана 
келтіріледі. Келтірілген зиян барынша шамалы, аз және негізді бо- луы керек. Мұндай зиян келтіру 
тек амалсыздан, баска шараның жоктығынан бо- луы қажет. Егер кылмыстык кұкык бұзушылық 
істеген адамның өзі туралы белгілі болса, айналасындағыларға қауіп төндірілмесе, оған зиян 


144 
келтіруге ешбір негіз жоқ. Қолсұғушыны ұстау барысында оған келтірілген зиян мөлшері істелген 
қылмыстың қауіптілігіне, кылмыскердің тұлғасына, оның мінез-кұлқына немесе оны ұстау 
жағдайына да байланысты болады. Ауыр, өте ауыр кылмыс жасаған кылмыскерді ұстау кезінде оған 
елеулі зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы, әйел зорлап, қаракшылық жасаған адамдарды ұстағанда 
олардың қарсылығына қарай келтірілген зиян мөлшері де соған сәйкес болуы ықтимал. Ұстау кезінде 
қылмыскерге келтірілген зиян мөлшері кылмыскердің тұлғасына да байланысты. Мысалы, аса 
кауіпті кылмыскерді ұстау кезінде оған келтірілген зиян мөлшері алғаш рет кылмыс жасаған адамға 
келтірілген зиянга қарағанда едәуір көп бола- тыны өзінен-өзі түсінікті. Зиян мөлшері ұсталатын 
қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазакстан Республикасы Қылмыстык аткару 
кодексініңтиісті бабынасәйкес тұтқын орнынан кашқан эйелдерге, жасөспірімдерге кару қолдануға 
болмайды. Осыған байланысты жасөспірімдерді, әйелдерді, өте кәрі адамдарды, мүгедектерді 
қылмыстык кұкык бұзушылық істеген кезде немесе одан кейін ұстағанда оған колданылатын күштеу 
шараларын шектеу кажет. Аса ерекше жағдайларда ғана мұндай адамдарды ұстау оларга зиян 
келтірілумен ұштасу керек. 
Зиян келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын кылмыскердің карулануына, кылмыстык кұкык 
бұзушылық істеген уақытқа, орынға, жағдайына да байланысты. Қылмыскерді ұстаудың мақсаты 
оны эділ соттылыққа беру болып табылады. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын, қылмыстың 
мәніне, қылмыскердің кім екеніне тіпті оның бұрын ату жазасына, сотталғанына қарамастан оны 
тірідей ұстау, әділ соттылыкты жүзеге асыра- тын органға табыс ету қажет. Қылмыскерді ұстау 
барысында оның өмірін жою қажетті қорғану шегінде ғана жүзеге асырылады. 
Қол сұгушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жагдай мәжбүр етпей- тін анық 
шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстық құқық 
бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне жэне ұстаудың мән-жайына көрінеу сай 
келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян 
келтірілген жағдайда ғана кылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады делінген (33-бап, 2-бөлігі). 
Мұндай асыра сілтеу үшін тек қасақана (абайсы- зда емес) зиян келтірген реттерде ғана жауапқа 
тартылады. Мұндай шектен шығудың, яғни асыра сілтеудің заңда көрсетілген түрлері мынадай: 
а) істелген қылмыстың қаупінің сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда қылмыс істеген 
адамды ұстағанда зиян келтіру. Мысалы, біреуге қасақана жеңіл жарақат салған адамды ұстағанда, 
оны ұстау барысында оған ауыр дене жарақатын келтіру немесе сарай үстінде эрі қарай барар жері 
жоқ, жасырынып тұрған ұрыны жерде тұрып мылтықпен атып жаралау және т. б. 
о) ұстау жағдаиына сөзсіз сәикес келмеуі салдарынан кісіге кажетсіз, жағдаиларға байланыссыз, 
шамадан тыс зиян келтіру. Мысалы: қылмыскерге болмашы зиян кел- тіріп ұстауға болатын болса, 
оған шамадан тыс ауыр, қажетсіз залал келтіріп, жарақат салып ұстау, ату, мүгедек жасау т. б. 
мәселелер. Осындай қажетті шамалардың шегінен шығуы тек қасақаналықпен ғана жүзеге 
асырылады. Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамды ұстағанда оған зиян 
келтірудің қажетті шараларының шегі- нен шығу кінэлінің жауаптылығын жеңілдететін мән-
жайлардың қатарына жатады. 


145 
Қолсүгушылықты ұстаудың қажетті қоргаму меи аса қажеттіліктен өзгешеліктері мы- нандай: 
а) қажетті қорғану тікелей төніп тұрган накты қиянатты тойтаруда жүзеге асырыла- ды. 
Қолсүғушыны ұстау қылмыстық қүқық бұзушылықты істеп жатқан кезде, тікелей кылмыстык қүқық 
бүзушылық істегеннен кейін жүзеге асырылады; 
б) кажетті корғанудың мақсаты - кылмыстык күкық бүзушылықты тойтару, колсұғушыны 
үстауда оны өкімет органдарына табыс ету
в) аса кажеттілікте келтірілген залалдың мөлшері тойтарылған залал мөлшерінен міндетті түрде 
аз болуы кажет. Қолсүғушыны үстаганда (қажетті қорғанудагы сияқты) колсұгушыга келтірілген 
зиян мөлшері көп болуы да мүмкін, бірақ ол сөзсіз шамадан тыс болмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет